Об особенностях организации образовательного процесса в общеобразовательных школах республики казахстан в 2017-2018 учебном году


ОСОБЕННОСТИ ОБУЧЕНИЯ ПРЕДМЕТАМ УРОВНЯ ОБЩЕГО СРЕДНЕГО ОБРАЗОВАНИЯ



бет84/170
Дата03.06.2022
өлшемі2,45 Mb.
#145898
түріИнструктивно-методическое письмо
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   170
Байланысты:
1523245509220 (1)
2 5193211456295803449 (1)

ОСОБЕННОСТИ ОБУЧЕНИЯ ПРЕДМЕТАМ УРОВНЯ ОБЩЕГО СРЕДНЕГО ОБРАЗОВАНИЯ




ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ОБЛАСТЬ «ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»

В образовательную область «Язык и литература» входят учебные предметы «Казахский язык»,«Казахская литература», «Русский язык»,


«Русская литература», «Родной язык», «Уйгурская/ Узбекская/Таджикская литература», «Иностранный язык».


«Казахский язык» для школ с русским/узбекским/уйгурским/ таджикским языком обучения


«Қазақ тілі» пәнін қазақ тілді емес мектептерде оқыту негізгі және орта деңгейлер бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту, оқушыны өз ойын айқын, түсінікті жеткізуге үйрету, коммуникативтік қабілеті дамыған дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасауға негізделген.


Тыңдалым.Өзіне қатысы бар (өзі туралы, отбасы, сатып алынған заттар, тұратын жері, жұмысы туралы) жеке тіркестер мен шағын сөйлемдерді, сондай-ақ көлемі жағынан шағын, анық айтылған жарнамалар хабарландыруларда не туралы баяндалғанын түсінеді.
Оқылым.Көлемі жағынан шағын, қарапайым мәтіндерді оқып, негізгі мәліметтерді іріктей алады, түсінеді, оқыған ақпаратты жеткізе алады; өз ойын қысқаша айтады. Жарнама, мәзір, кесте сияқты күнделікті кездесетін сөз және сөйлемдерден қажетті ақпараттарды таба алады. Жеке тұлғаға қатысты қарапайым хаттардың мағынасын түсінеді.
Айтылым.Өзіне таныс (отбасы, өмірі, оқуы туралы) тақырыптар бойынша өз ойын түсінікті етіп жеткізе отырып, қарапайым тіркестер мен сөйлемдер арқылы сөйлесе алады. Күнделікті өмірдің негізгі аспектілерін сипаттай алады.
Жазылым.Өзіне қатысы бар немесе ұнайтын мәселелер туралы шағын хаттар мен хабарландыру,шағын шығарма, эссе жазуға, сурет, кесте, карта бойынша шағын мәтін құрастыруға мүмкіндігі бар. Жеке басы, отбасы туралы мәліметті қажет ететін сауалнамалардытолтыра алады.
Тілдесім– сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін қамтитын ерекше құбылыс. Ол тілдік қатынастың ең маңызды көрсеткіші бола келіп, оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалымның іс жүзінде қолданылуына мүмкіндік жасайды. Тілдесім арқылы оқу, жазу, тыңдау, сөйлеуге үйрету жүзеге асады, оларға қатысты жұмыстар атқарылады.
Тілдесім – айтылым және жазылымның өзара бірлігінен құрала келіп, қандай болмасын ақпарат негізінде адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің түрі.
«Балабақша-мектеп-колледж-жоғары-оқу орны» жүйесіндегі мемлекеттік тілді деңгейлік үздіксіз оқыту стандартына (бұдан әрі -

Стандарт) сай мемлекеттік тілді деңгейлік оқытудың сатылары жіктелді (43-кесте):

43-кесте – ҚР үздіксіз білім беру жүйесінде мемлекеттік тілді деңгейлік оқытудың сатылары





Үздіксіз білім берудің сатысы

Сыныбы

Деңгейлер

Игерім атаулары

Жоғары сынып

10

В1+
ортадан жоғары деңгей

В1.2 Тереңдетіле қалыптасқан толық игерім

11

В1+ Тереңдетіле қалыптасқан жетік игерім

Стандартта Еуропалық деңгейлер жүйесіне сәйкес қазақстандық әдістемеші-ғалымдар қазақ тілін үйрету үшін алты деңгейді ұстанады. Ол деңгейлер жүйесі А1, А2, В1, В2, С1, С2 деп аталатын үш ірі деңгейден тұрады (44-кесте).


44-кесте – Тілді білу деңгейлерінің жіктелуі



Қарапайым деңгей

А1 Бастапқы игерім

Негізгі деңгей

А2 Қалыптасу қарсаңындағы игерім

Орта деңгей

В1 Қалыптасқан игерім

Ортадан жоғары деңгей

В1+ Тереңдетіле қалыптасқан игерім

Жоғары деңгей

В2 Ілгерілей қалыптасқан игерім

Жетік деңгей

В2+ Тереңдетіле, ілгерілей қалыптасқан игерім, С1 Кәсіби игерім

Стандартта ҚР жалпы білім беретін қазақ тілді емес мектептерде «Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылардың қазақ тілін білу деңгейлері мен сөйлеу дағдыларына қойылатын өлшемдер де көрсетілген (45-кесте).


45-кесте – Қазақ тілін білу деңгейлері мен сөйлеу дағдыларына қойылатын өлшемдер



Аталымдар мен өлшемдер

Тілді меңгеру деңгейлері

Ортадан жоғары деңгей (В1+ В2)

Тілдік деңгейлер бойынша игерім кодтары

В1.2

В1+

Тілдік деңгейлер бойынша игерім атаулары

Тереңдетіле қалыптасқан толық игерім

Тереңдетіле қалыптасқан жетік игерім

Сыныптар

10-сынып

11-сынып

Оқушы меңгеруі тиіс лексикалық минимум

130-150

130-150

Барлығы:

480-500 сөз (1-11 сыныптарда меңгерілетін жалпы сөз саны 1500-1550 сөз)

Бір минутта оқуға тиісті сөздердің (шартты) мөлшері

100-120

100-120




Тыңдаған/оқыған мәтінді мазмұндаудағы сөз саны

60-70

70-80




Айтылымдағы сөз саны

80-90

90-100

Жазбаша мәтін құраудағы сөз саны

100-120

120-150

Тілдесімдегі үнқатым (реплика) саны

11-12

12-13

10-11-сыныптарда оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен өзгерістермен толықтырулар енгізілген) :


жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы;
жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәнінен үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 27 қарашадағы №471 бұйрығына сәйкес «Қазақ тілі» пәні оқу жүктемесінің көлемі:
оқыту орыс тілді мектептерде:
– қоғамдық-гуманитарлық бағытында:оқыту орыс тілді мектептерде:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет