INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2023: CENTRAL ASIA»
ASTANA, KAZAKHSTAN, APRIL 2023
23
УДК 635:546
БАЛАЛАР ТАҒАМЫ ҮШІН ЕТ ӨНІМДЕРІНІҢ САПАСЫ
МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ЗЕРТТЕУ
Құралбек А.Қ., Қожабергенов А.Т.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
Алматы, Қазақстан
Аңдатпа:
Мақалада құс етінен әзірленген шұжық өнімдерінің рецептурасы
жасалынды. Өнімнің рецептурасын жасау барысында негізгі шикізат ретінде құс еті
және де өсімдік ақуызы ретінде амарант ұны қолданылады. Зерттеу барысында
амарантты пайдалану кезінде, ет эмульсияларының тұрақтылығының артуы байқалды,
және өнімдердегі ақуыз үлесі артқандығы анықталды.
Кілт сөздер
: ет, ет өнімдері, өсімдік ақуызы, амарант, токсиндер, улы заттар.
Кіріспе
Жасөспірімдерде тамақтануды дұрыс ұйымдастыр убұл организмге белгілі бір
сапалы құрамдағы өнімдердің қажетті мөлшерін алуды қамтамасыз етеді. Бұл ереже
теңдестірілген тамақтану тұжырымдамасы деп аталды. Ол жасөспірімдердің дамуының әр
кезеңі үшін ағзаның физиологиялық ерекшеліктерін және осы жастағы балаға тән
физиологиялық процестерді ескере отырып, негізгі қоректік заттар мен энергияға деген
қажеттіліктің мөлшерін қарастырады. Жасөспірімдер барлық тағамдық және биологиялық
компоненттерге салыстырмалы түрде жоғары қажеттілікті қажет етеді.
Жасөспірімдер рационында ақуыздардың жетіспеушілігі 12-20%-ға байқалады,
майларды тұтыну шамалы өсті, бірақ бұл ретте барлық жастағы балалардың едәуір
бөлігінде дәрумендерді, минералдық заттарды және басқа да микронутриенттердің
жетіспеушілігі жиі байқалады. Тамақтан ақуыздың жеткіліксіз түсуі дене салмағының
төмендеуіне, өсудің бәсеңдеуіне, психикалық дамуына, иммунитеттің төмендеуіне әкеледі.
Жануар тектес ақуыз кіші жастағы балаларда 65-70%, мектеп жастағы балаларда — осы
тағамдық заттың тәуліктік нормасының 60%- ын құрауы тиіс. Алмастырылмайтын
аминқышқылдарының теңгерімділігі бойыншабалалар жасындағы ақуыз тағамының ең
жақсы өнімі сүт және ет өнімдері болып саналады. Ақуызға тәуліктік қажеттілік баланың
жасына байланысты. 1 кг дене сал-мағына ақуыздың қажетті мөлшері ретінде: 1 жастан 3
жасқа дейінгі балаларға — 4 г; 4-6 жас — 4-3,5 г; 7-10 жас — 3 г; 11-13 жас — 2,5–2 г; 14-
17 жас — 2-1,5 г болып саналады. Яғни, бұл жерде баланың жасы неғұрлым кіші болса,
ақуыз мөлшерін соғұрлым көбірек мөлшерде қолдану жөн болып саналады.
Тамақтану балалардың организімінің негізгі өмірлік функцияларын қамтамасыз
етеді. Дұрыс тамақтану бұл баланың организіміндегі барлық зат айналу процестердің
жүруіне, сондай-ақ жұмыс пен қозғалысқа қажетті барлық энергетикалық құнды
компоненттерді алады. Бұл функцияларды жүзеге асыру үшін организмге белгілі бір
сападағы және мөлшердегі қоректік заттар оның өсу процесіндегі қажеттіліктеріне сәйкес
тамақпен бірге жеткізілуі керек. Балалардың қалыпты дамуы үшін қажетті ақуыздарды,
жемістерден, көкөністерден және басқа да тағамдардан жеткілікті мөлшерде алуы қажет.
Дұрыс тамақтанбау организмнің өсуі мен дене салмағының артта қалуына, балалардың
физикалық және психикалық дамуына, сондай-ақ әртүрлі аурулардың пайда болуына
әкеледі. Ет және етті -өсімдік негізіндегі өнімдер 8 айдан бастап балалардың тамақтану
рациондарына енгізіледі, өйткені ет құрамында маңызды ақуыздар, соның ішінде маңызды
аминқышқылдары, дәрумендер (А, В1, В12), минералдар және басқа заттар және, ең
бастысы, оңай сіңетін темір бар.
|