INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2023: CENTRAL ASIA»
ASTANA, KAZAKHSTAN, APRIL 2023
28
Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша іс қозғалған болса, ал егер
жәбірленушінің денсаулығына шынымен ауыр зиян келтірілгені анықталса, қылмыстық істі әрі
қарай жүргізу және жаңадан ашылған өзге де дәлелдемелер кезінде тергеу әрекеттерінің бұндай
бағасы әлдеқайда орынды болар еді. Сондай-ақ, жауап алу кезінде куәгерлерден және
айыпталушының өзінен айғақтар алынғанын, осы іске қатысы бар адамдардан айғақтар
алынғанын атап өткім келеді ал зардап шеккен адамдардан (қыздардан) арыз тергеушінің
айтуынша, оларда қылмыс құрамы жоқ, сондай-ақ міндетті рәсім болып табылатын
хаттамалардың көшірмелерін ұсынбауға, хаттамаға дәлелдемелер болып табылатын
материалдарды (фото, видео-материалдар) енгізбеуге байланысты қабылданбады делінген.
Біраз уақыттан кейін адвокаттың өтініші бойынша бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілді, қайта
сараптамалар тағайындалды, жауап алу қайта жүргізілді, беттестіру жасалды, соның негізінде
көптеген бұрмаланған фактілер анықталды. Іс қайта қаралды және ағымдағы күнге ҚК-нің 107-
бабы 1-бөлігі бойынша қаралады.
Қылмыстық іс жүргізуде тергеуші басты рөл атқарады. Тергеуші тәуелсіз тұлға ол кең
өкілеттіктерге ие, өйткені бұл өте жауапты және күрделі жұмыс. Табысты тергеуші болу үшін
аналитикалық ойлау, ойлау икемділігі және білімді болу керек, тергеуші гуманизм ұғымын
ұмытпауы керек. Жоғары сапалы жұмыс үшін ойды дұрыс, нақты жеткізе білуі керек, ойды
тұжырымдап, өз пікірін қорғай білуі керек. Мұндай қасиеттерге ие адам өз кәсібінің
көшбасшысы бола алады деп ойлаймын. Осындай мәселелрді шешу үшін келесі ұсыныстар
ұсынылды:
- тергеуші мемлекеттік тест тапсырумен қатар, бірқатар грамматикалық қателер мен
кемшіліктерді болдырмау мақсатында мемлекеттік тілді білуге арналған тест тапсыруы тиіс;
- лауазымдық нұсқаулықтарды, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп туралы
заңын білуге, сондай-ақ полиграфта тексеруді тұрақты түрде жүзеге асыру қажет;
- тергеушілердің біліктілігін арттыру, семинарлар негізінде басқа өңірлердің, елдердің
қызметкерлерімен тәжірибе алмасу;
- тергеушінің атқарған жұмысына мониторинг жүргізу қажет.
Аталған ұсыныстар тергеушіде өз жұмысын жүзеге асыру кезінде жауапкершілік сезімін
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, ойымды әйгілі француз жазушысы,
моралист, сатирик жан Лабрюйердің сөзімен аяқтағым келеді:"жазаланған қылмыскер - бұл
барлық зұлымдардың үлгісі, ал жазықсыз сотталған - бұл барлық адал адамдардың ар-ожданы"
[5].
ҚР Конституциясы бізге қолайлы өмір сүру және қоғамның дамуы үшін платформа
жасайды. Қазақстан қоғамы жан-жақты дамып, алға сенімді қадамдар жасауда. Біздің
мемлекетіміздің барлық жетістіктері - бұл ҚР Конституциясы мен оның негізінде қабылданған
заңнаманың орындалуға міндетті болып табылатын нақты нәтижесі.
Достарыңызбен бөлісу: |