Өзектілігі (аннотация): Соңғы жылдары адамның репродуктивті денсаулығының
маңыздылығы артып, медициналық-әлеуметтік мәселеге айналды. Әсіресе әйел
адамдардың ағзасы гормоналды фонның мерзімінен бұрын түбегейлі өзгеруін бастан
кешіреді. Ерте менопаузаның дамуы әйел денсаулығының және оның еңбекке
жрамдылығының айтарлықтай нашарлауына алып келеді. Айта кету керек, соңғы 100
жыл ішінде менопауза кезінде пайда болатын "эстроген тапшылығы синдромы" аясында
өмір сүру кезеңінің айтарлықтай өсуі байқалып отыр. ДДҰ стандарттары бойынша
менопаузаның орташа жасы-45-55 жас. Әйелдердің 5-7% - на — 4 менопауза 40-45 жаста
(содан кейін ерте деп аталады), ал 1-2%- на - 4 менопауза 40 жасқа дейін (мерзімінен
бұрын) келеді. Бұл статистика жыл сайын біртіндеп өсуде. Менопаузаның ерте келуі
инфаркт немесе инсульт қаупінің жоғарылауынан басқа, ерте жаста артериялық
гипертензияның дамуына және холестерин деңгейінің жоғарылауына әкеліп соқтырады.
Гипоэстрогендік жағдайға байланысты дислипидемиялық синдром дамиды және жүрек-
қан тамырлары ауруларына әкелетін атеросклероздың дамуының алғышарттары пайда
болады; эстроген деңгейінің төмендеуінен тірек-қимыл жүйесінде де патологиялар орын
ала бастайды (остеопороз). Нәтижесінде сүйектің ауыр сыну қаупі жоғарылайды.
Тірек сөздер: Жатыр, эстроген, прогестерон, гормон, менопауза, климактериялық
синдром, репродуктивті жүйе, етеккір, жатыр, аналық без, гонадропты ризлинг гормон,
примордиальды фолликулдар, овуляция, эндометрий, гипоталамо – гипофизарлы –
бүйрекүсті жүйесі.
Зерттеу барысы
: Жалпы, менопауза шамалап алғанда 45-55 жаста болады және оның
ұзақтығы 1,5-2 жылды құрайды. Көбінесе менопауза симптомсыз немесе жеңіл
ыңғайсыздықпен жүреді. Кейбір жағдайларда ауыр түрде өтуі мүмкін,ол қан қысымының
өзгеруі, ұйқысыздық, жыныстық құмарлықтың төмендеуі, себепсіз мазасыздық, депрессия
және жүйке бұзылыстары сынды белгілермен байқалады.
Менопаузаның 3 кезеңі бар:
•
Менопауза алдындағы кезең, оның басталуы менструацияның бұзылуымен
сәйкес келеді;
•
Менопауза-аналық бездердің функционалды белсенділігінің төмендеуі
аясында етеккірдің тоқтауы. Бұл кезең 12 ай ішінде стихиялық менструация
болмаған кезде ретроспективті түрде анықталады. Менопаузаның бірнеше
түрлерін ажыратамыз:
❖
физиологиялық - етеккір өздігінен тоқтайды;
❖
жасанды-етеккір гистерэктомиямен немесе сәулеленудің немесе химиотерапияның
әсерінен аналық безді хирургиялық алып тастағаннан кейін тоқтайды;
|