ҚАРА ҚОБЫЗДЫ САРНАТҚАН –ЖАППАС ҚАЛАМБАЕВ
Атақты күйші - Жаппас Қаламбаев XXғасырдың басында қазіргі Созақ ауданы, Шымкент облысында дүниеген келген. Ол 7-8 жасынан бастап
әкесі Қасымбектен домбыра тартуды үйренеді.Домбыра тартумен қатар, Жаппас қобыз аспабын дажете меңгереді. Қобыз күйлерінің көпшілігін атақтыкүйші, композитор Сүгірден үйренеді. Ұстазы СүгірҚаратау өңіріне жайылған қобызшылық пендомбырашылық дәстүрдің қалыптасуына зор ықпалеткен ірі күйші композитор. Қаратау өңіріндекүйшілік дәстүрдің жалғасуына Жаппас Қаламбаевта өзінің үлкен үлесін қосты.Жаппас Қаламбаев 1934 жылы Республикалықхалық аспаптарында орындаушылардың 1 слетіне қатысып,өз өнерін көпшілікке танытады. Слеттен кейін жаңадан ұйымдастырылып жатқан қазақтың халық аспаптар оркестіріне шақырылып, осы оркестрде 30 жылдай қызмет істейді. Көптеген Республикаға белгілі қобызшылар алғашқы сабақты Жаппас Қаламбаевтан алады.Жаппас Қаламбаевтың шәкірттері Гүлнәфис Баязитова, Фатима Балғаева және Болат Сарыбаевты айрықша атауға болады.
Жаппастың қобызда орындаған «Паравоз» әні.
Әннің музыкалық құрылымындағы айрықша атап өтетін ерекшелігі –композитор екі түрлі сипаттағы әуенді,қоңыржай лирика мен термені бір –бірімен шебер қабыстырып,жаңа көркемдік шешім таба білген.Терме ырғағы әннің екпініне екпін қосып,әуенін жаңа бояу – реңмен ажарландырып, құлпырта түседі.
Жаппас осы әнге неше түрлі қобызға тән иірімдер қосып,өте әсерлі орындаған.Өз аспабына лайықты,дыбыс мүмкіншілігіне сай келетін әндер мен шығармаларды таңдай білу,әр әнге тән орындаушылық қалыпты қадағалау – аспапшының орындаушылық шеберлігінің бір қыры еді.
Шебер өнер иесі өмірдің соңғы күніне дейін өзінің аспабында «күмістей» сыңғырлаған әсем – қоңыр дыбысын сақтап қалған. Қазақ радиосы қорына Жаппастың бірнеше әндері мен күйлері жаздырылып алынған.
Достарыңызбен бөлісу: |