Образдың объективті-танымдық және субъективті-шығармашылық аспектілері қарастырылады



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата20.12.2023
өлшемі476,25 Kb.
#198186
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Ключевые слова
: художественный образ, образность, эстетическая категория, объективно-
познавательные аспекты, субъективно-творческий подход. 
Кіріспе
Әдебиет туралы ілімнің ең басты зерттеу 
объектісі – көркем шығарма мен образ. Өйткені 
образ – көркем шығармашылықтың әмбебап ка
-
тегориясы. Өмір құбылыстарының эстетикалық 
әсерінен туындаған образ – туындыгердің бол
-
мысты тануы мен көркем игеруінің формасы әрі 
көркем бүтіннің бір бөлшегі. Сондай-ақ образдың 
мазмұндылығы, эмоционалды-экспрессивтілігі 
туындының өмір сүруіне аса қажетті тәсілдер. 
Туындыгер тудырған туынды әдебиетке әркез 
қайталанбайтын көркем образ әкеліп отыра
-
ды. Жаңа образ сипаты соны ізденістер мен 
зерттеулерге түрткі болатыны да заңдылық. 
Әдеби образ – көркемдіктің үлгісі. Көркем 
шығармашылықта маңызды қызмет атқаратын 
көркем образ табиғатын, оның поэтикалық 
әлемін зерттеу қай кезде де әдебиеттанудың 
өзекті мәселесі болып қала беретіні сөзсіз. Бол
-
мысы үнемі жаңарып, күрделеніп отыратын осы 
бір әмбебап әдеби категорияның поэтикасын 
зерттеудің нәтижелері көркем образ табиғатын 
жаңа аспектілер тұрғысынан танып білуге бағдар 
беретіні анық.
Материалдар мен әдістер
Қазіргі эстетикада образ жалпы мен жеке 
тұлғаның ажырамас бірлігі ретінде түсіндіріледі. 
Образ сөзінің мәнін ашатын анықтамаларға 
сүйенер болсақ, 
Психологиялық сөздікте 
«Образ ішкі сезімдердің шығармада көрініс 
алуы» (David Matsumoto, 2009) 
екендігі айтыл
-
са
, ф
ило соф ғалымдар: «Образды объектінің 
адам санасында көрінуінің түрі» 
(Elena 
Ciprianová, Zuzana Kováčová, 2018: 7), – деп 
түсіндіреді

Әдебиеттану терминдер сөздігінде: 
«Көркем образ – әдебиетте, өнер салаларын
-
да өмір шындығын, қоғамдық құбылыстарды, 
табиғатты, адам тағдырын бейнелеп көрсету 
тәсілі» (Әдебиеттану. Терминдер сөздігі, 1998: 
185), – деген анықтама беріледі.
Образ хақында әдебиет сыншысы В.Г. Бе-
лин ский 
кезінде образды ойлау ақиқатты 
дәлелдемейді, шындықтың бейнесін көзге 
елестететінін айтса, теоретик-ғалым Л.И. Ти
-
мофеев: «Образ – эстетикалық мәні бар, ой
-
дан шығару арқылы әрі нақты, әрі жинақты 
жасалған адам өмірінің әсем суреті» (Тимофе
-
ев, 1971: 457), – дейді.
Қазіргі теоретик-ғалым, 


117
С.Ә. Қалқабаева
философия 
ғылымдарының докторы В.Е. Хали
-
зев «Әдебиет теориясы» оқулығында: «Образ
-
ды бейнелеу көру, есту сезімдері арқылы іске 
асатын санадағы құбылыс», (Хализев, 1999: 
23) – деп тұжырымдайды. Ал отандық теоретик 
ғалымдарымыздың айтуынша, «көркем образ – 
қаламгердің шындық болмысты көркемдікпен 
қабылдауын танытатын эстетикалық категория» 
(Джуанышбеков, Темирболат, 2009: 23-24).
Бүгінгі таңға дейінгі образ жайында айтылған 
пікірлерді келтіре берер болсақ, образ категория-
сы туралы теориялық ойлар аз айтылған жоқ. 
Дегенмен әдебиетте жасалып жатқан образдар 
өзіне дейінгіні қайталамайтын дара құбылыс 
екендігін ескерер болсақ, көркем образдың әлі 
де зерттеуді қажет ететін тылсым сырлары мен 
құпия қырлары жеткілікті.
Бұл зерттеуде сөз өнеріндегі өмір шындығын 
көркем суреттеудің аса маңызды тәсілі болып та
-
былатын көркем образдың объективті-танымдық 
және субъективті-шығармашылық аспектілерін 
қарастыру, образдың заман талғамына сай 
жаңарып отыру ерекшеліктерін айқындау сияқты 
жайларды зерттеуді мақсат еттік. Сан ғасырлық 
тарихы бар көркем образдың пайда болу, даму, 
жаңғыру процесі жайындағы мәліметтерді
әлем дік және ұлттық әдебиеттерді салыстыру, 
поэтикалық әлеміне контекстік талдау жасау 
әдістері арқылы сөз етуге тырыстық. Көркем 
образ поэтикасын айқындайтын жоғарыда 
айтылған мәселелерді қарастыруда төмендегідей 
аспектілерді зерттеуге ден қойдық:
– көркем образдың көп қырлы табиғатын, 
жал пылық, жалқылық (даралық) сипаттарын ашу;
– образдың көркемдік, эстетикалық жақ-
тарын таныту;
– образ бен образдылық ұғымының мәнін ашу; 
– көркем образдың объективті-танымдық 
және субъективті-шығармашылық аспектілерін 
айқындау;
– көркем образдың таңбалану, жасалу амал-
тәсілдерінің алуан түрлігіне талдау жасау;
– көркем образдың тарихи дамуы, өнердегі 
жаңа стильдің образға ықпал етуі;
– қазіргі әдебиеттануда образды жіктеудің 
жаңа ұстанымдарын ұсыну т.б.
Көркем образ поэтикасын тереңірек та
-
нып білуге бағдар беретін осындай мақсат-мін-
деттерді шешудің теориялық және практикалық 
мәні зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет