117
С.Ә. Қалқабаева
философия
ғылымдарының докторы В.Е. Хали
-
зев «Әдебиет теориясы» оқулығында: «Образ
-
ды бейнелеу көру, есту сезімдері арқылы іске
асатын санадағы құбылыс», (Хализев, 1999:
23) – деп тұжырымдайды. Ал отандық теоретик
ғалымдарымыздың айтуынша, «көркем образ –
қаламгердің шындық болмысты көркемдікпен
қабылдауын танытатын эстетикалық категория»
(Джуанышбеков, Темирболат, 2009: 23-24).
Бүгінгі таңға дейінгі образ жайында айтылған
пікірлерді келтіре берер болсақ, образ категория-
сы туралы теориялық ойлар аз айтылған жоқ.
Дегенмен әдебиетте жасалып жатқан образдар
өзіне дейінгіні қайталамайтын дара құбылыс
екендігін ескерер болсақ, көркем образдың әлі
де зерттеуді қажет ететін тылсым сырлары мен
құпия қырлары жеткілікті.
Бұл зерттеуде сөз өнеріндегі өмір шындығын
көркем суреттеудің аса маңызды тәсілі болып та
-
былатын көркем образдың объективті-танымдық
және субъективті-шығармашылық аспектілерін
қарастыру, образдың заман талғамына сай
жаңарып отыру ерекшеліктерін айқындау сияқты
жайларды зерттеуді мақсат еттік. Сан ғасырлық
тарихы бар көркем образдың пайда болу, даму,
жаңғыру процесі жайындағы мәліметтерді
әлем дік және ұлттық әдебиеттерді салыстыру,
поэтикалық әлеміне контекстік талдау жасау
әдістері арқылы сөз етуге тырыстық. Көркем
образ поэтикасын айқындайтын жоғарыда
айтылған мәселелерді қарастыруда төмендегідей
аспектілерді зерттеуге ден қойдық:
– көркем образдың көп қырлы табиғатын,
жал пылық, жалқылық (даралық) сипаттарын ашу;
– образдың көркемдік, эстетикалық жақ-
тарын таныту;
– образ бен образдылық ұғымының мәнін ашу;
– көркем образдың объективті-танымдық
және субъективті-шығармашылық аспектілерін
айқындау;
– көркем образдың таңбалану, жасалу амал-
тәсілдерінің алуан түрлігіне талдау жасау;
– көркем образдың тарихи дамуы, өнердегі
жаңа стильдің образға ықпал етуі;
– қазіргі әдебиеттануда образды жіктеудің
жаңа ұстанымдарын ұсыну т.б.
Көркем образ поэтикасын тереңірек та
-
нып білуге бағдар беретін осындай мақсат-мін-
деттерді шешудің теориялық және практикалық
мәні зор.
Достарыңызбен бөлісу: