120
Көркем образ поэтикасы
Сезімнің тілмен төгіп кестелерін,
Ғасырдан ғасырларға
Көшті өнерім.
Ұлтымның ар-таңбасы ана тілім,
Тіл өшпесе,
Менің де өшпегенім!
(М. Айтқожа)
Түтінін түздегінің түзедік қой,
Аңсаған азаттықты біз едік қой.
Далама айбын бітіп, дәулет орнап,
Тұрады азым көпке тізе бүкпей.
(К. Ахметова)
Лирикалық қаһарманның арман-аңсары,
мақсат-мұраты, асыл ойлары халықтық, ұлттық
мұраттармен тұтастықта патриоттық, асқақ
сезіммен әсерлі беріліп отыр. Бұл жырлардағы
ақынның көңіл-күйін қоғамдық көңіл-күйдің
бейнесі десек те болады. Халық көкейіндегі ойды
айту, көпшілік атынан сөйлей білу лирикалық
қаһарманға тән басты сипат. Ақынның
лирикалық қаһарман деңгейіне көтерілуі үлкен
мәртебе.
Драмалық образ
– сахнада өз сөзі мен қимыл-
әрекеті арқылы эмоциялық жай-күйі мен
мінез
ерекшелігін танытатын
көркем бейне. Драмалық
шығармаларда кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне,
ішкі сезімдеріне ерекше назар аударылады.
Драмалық образдың характері кейіпкерлердің
тілі (диалог, монолог, полилог) мен тартыс
үстінде ашыла түседі. Кейіпкерлердің сөзі жеке-
дара айтылғанмен, композициялық құрылымы
тұтастық құрайды. Драмадағы оқиға, тартыс, ха
-
рактер – бәрі де осы образдың іс-әрекеті мен сөзі
арқылы танылып, көрерменді алуан түрлі әсерге
бөлейді.
Драмалық образдың жасалуы сахнада сом
-
далуына қатысты болғандықтан, оны «сахналық
бейне» деп те атайды. Өйткені ол тек сахнада,
актерлардың рөлді ойнау шеберліктерінен туын
-
дайды. Осы тұста 1964 жылы Қазақ академиялық
драма театрында Ш. Айтматовтың «Құс жолы»
повесі бойынша сахналанған «Ана – Жер-ана»
(режиссері Ә. Мәмбетов) қойылымының табыс-
ты болуының себебі – драмалық образдардың
шебер сомдалуында болғанын айтсақ бо
-
лады. Осы трагедияда Толғанай образын
сахналаған Сәбира Майқанова соғыс жылда
-
ры жары мен ұлынан айрылып қайғыдан қан
жұтқан ана бейнесін ойнап қана қоймайды, сол
кейіпкермен тұтастай кірігіп, образға мүлде
еніп кеткенін көрермендердің жанарына жас
тұнып қабылдауынан байқауға болады. Жалпы
драмалық образ осылай жан дүние толғанысын
бере алуымен құнды. Драмалық образдың эсте-
тикалық та, тәрбиелік мәні де осында.
З. Қабдоловтың «драмалық образдың бір
кемшін жері эпикалық не лирикалық образдар
секілді кітап бетінде бар қасиетін сақтап қалып,
мәңгі өмір сүре алмайды; әр образ өзін жасаған
актермен бірге кетеді, көрген адам санасында тек
әсері мен елесі ғана қалады», (Қабдолов, 1992:
121) – деп сипаттауы бұл образдың табиғаты мен
ерекшеліктерінің тағы бір қырын байқатады.
Достарыңызбен бөлісу: