119
С.Ә. Қалқабаева
«Эпикалық образ – бедерлі бейне; әрі нақты,
әрі затты тұлға; кәдімгі тірі кісідей өзін көзбен
көруге, сөзін құлақпен естуге, мінезін ұғуға,
қимылын бақылауға болатын, бүкіл өмір жо
-
лын бар бұралаңымен байқауға, өскен орта
-
сын барлық ой-қырымен байыптауға болатын
күрделі, кесек қаһарман» (Қабдолов, 1992: 119).
Әдебиетте эпикалық образға мысалдарды көптеп
келтіруге болады. Өз заманының эпикалық
бейнесiн жасау арқылы дәуiр сырын аша бiлген
қаламгерлер әдебиетiмiзде баршылық. Әсiресе
белгiлi кезеңнiң өзектi тақырыбын қамтып,
замандастың адамгершiлiк әлемiн көрсетуде
романист жазушылардың атқарған ролi зор.
Қазақ романының алғашқы қарлығаштары
М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамалындағы» Жа
-
мал, С. Көбеевтiң «Қалың малындағы» Ғайша,
С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романдарындағы
Қамар мен Ахметтерден төңкерiс алдындағы
ескi салт-дәстүрге қарсы тұрып, бақыт пен
шынайы махаббат үшiн күрескен жастардың
бейнесiн көреміз. Бұл көркемдік дәстүрдiң
Кеңес өкiметi жылдарында да қызу жалғасын
тапқандығына Қазан дүрбелеңi тұсындағы кедей
өмiрiн, әлеуметтiк арпалыстарды суреттейтiн
Ж. Аймауытовтың «Қартқожасындағы» Қарт қо-
жа,
«
Ақбілек» романындағы Ақбілек, С. Мұ қа-
новтың «Ботакөзіндегі» Ботакөз бен Асқар,
30-жылдардағы заман өзгерiсi мен жаңа типтi
адамның рухани жаңаруын сөз ететiн I. Жансү -
гiровтiң «Жолдастарындағы» Сатан, Б. Майлин-
нiң «Азамат Азаматычындағы» Азамат образда
-
ры бұған дәлел.
Әдебиетiмiзде болмыс-бітіміне сай адами
қасиеті толыққанды ашылған эпикалық об
-
раздар баршылық. Мысалы, С. Ерубаевтың
«Менiң құрдастарымдағы» жан әлемi бай Рах
-
мет, М. Әуезовтің «Өскен өркеніндегi» асыл да
асқақ махаббатты көксеген Iлияс пен Айсұлу,
І. Есенберлиннің «Ғашықтарындағы» ақкөңiл де
қиялшыл Жантас, З. Шашкиннің «Сенiміндегi»
бiлiмдi де өжет Нұрлан, Ш. Мұртазаевтың
«Қара маржанындағы» арманшыл Нариман,
Ә. Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол
жылдарындағы» махаббат пен достыққа берiк
Ербол мен Меңтайлар – жастар бойындағы асыл
қасиеттердi жинақтаған образдар.
Эпикалық образдың мүмкіндігі көп екенін
тарихи шайқастарды, халықтың және жеке
кейіпкерлердің ерліктерін бейнелеуінен де көре
аламыз. Эпостық жырлардан бастап, кең көлемді
эпопея мен тарихи романдарда, орта және
шағын көлемді оқиғалы шығармаларда сурет
-
телген кейіпкерлердің қай-қайсысы да эпикалық
образдың табиғатын таныта алады.
Достарыңызбен бөлісу: