Образдың объективті-танымдық және субъективті-шығармашылық аспектілері қарастырылады



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата20.12.2023
өлшемі476,25 Kb.
#198186
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ФОН, Сайлау шаралары, Матсауаттылық тақырыптар тізімі
Нәтижелер мен талқылау
Әдебиет өмір құбылыстары мен өмір шын-
дығын көркем образ арқылы бейнелеп та
-
нытады. Алайда көркем шығарма – өмірдің 
көшірмесі емес, оны образды түрде көркем иге
-
ру. Қаламгердің танымы мен көркемдік амал-
тәсілдері арқылы баяндалатын көркем шындық 
оқырманға эстетикалық әсер дарытып, руха
-
ни ләззатқа бөлейтіндей деңгейде суреттелуі 
тиіс. «Әдебиеттану терминдерінің сөздігіндегі» 
(Әдебиеттану. Терминдер сөздігі, 1998: 193) 
анықтамалармен толықтырар болсақ, көркем 
шындық – өмірді образды түрде бейнелеп, оны 
озық көзқараспен, жоғары эстетикалық мақсат 
тұрғысынан терең ашу. Адам үшін маңызды де
-
ген жайларды типтік дәрежеге көтеріп, бейне
-
леу.
Демек адам өмірінің шындығы әдебиеттің 
мазмұны болса, көркем образ – туындыгердің 
шындық жайындағы объективті танымы мен 
көркем ойлауының нәтижесі екен.
Әдеби образды жасауда көркемдіктің 
атқаратын қызметі аса маңызды. Көркемділік – 
өнердегі эстетикалық сұлулық, болмысты бей
-
нелеп, өрнектеп сипаттау.
Ол көркем шығарма 
мен образдың сапалық қасиетін айқындайды.
Көркем образ эстетикалық, танымдық, тәрбиелік, 
коммуникативтік және басқа мүмкіндіктерді 
қамтиды. Кейде тамаша сомдалған әдеби образ 
өмірдегі жағдайларға әсер ететініне мысалдар 
жеткілікті. Мысал келтірер болсақ, қайғылы 
нәтижемен аяқталған махаббат хикаясы мотиві 
баяндалатын В. Гетенің «Жас Вертердің қай-
ғысы» 
(Goethe, 1974) 
романындағы кейіпкер 
Вертерге еліктеп өз-өзіне қол жұмсаған жастар-
дың болғандығы бір ғана дәлел.
Шығарманың көркемдік әлемі деген
-
де жазушының көркемдік ойлауын, идеясын, 
көр кем қиялын т.т. ұғамыз. Шығармашылық 
әлемінде көркемдік ойлау, көркемдік қиял – бас-
ты қасиеттердің бірі

Көркемдік ойлау – дүниені 
көркемдік тұрғысынан игеруге қабілеті ақыл-
ой қызметі. Оған тән басты ерекшелік – әлемді 
эмоциялық-образдық тұрғыдан тану, эстети-
калық талғаммен қабылдау. Көркемдік ойлау 
өнер туындысының эстетикалық қуатын арт
-
тыратын шығармашылық іс-әрекет. Көркемдік 
қиял – көркемдік ойлау ерекшелігі, суреткердің 
дүниеде, өмірде болатын, болуы мүмкін нәр-
селерді, жай-жағдайларды қиял арқылы елесте
-
ту қабілеті, бейнелеп көрсету тәсілі. (Әдебиет-
тану. Терминдер сөздігі, 1998: 188-189) Көркем-
діліктің бастауы суреткердің сұлулықты 
сезіммен, талғаммен көре білуі. Сол эстетикалық 
қабылдауды көркем қиял арқылы көркем тілмен 
меңзеу, бейнелеу шығармаға көркемдік қасиет 
дарытады.
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, 
«қиял ісі – меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі 
нәрселердің тұрпатына, бернесіне ұқсату, берне
-


118
Көркем образ поэтикасы
леу, суреттеп ойлау» (Байтұрсынов, 2013: 154), 
сондай-ақ «неғұрлым жазушы қиялға бай бол
-
са, пікірге шебер болса, соғұрлым шығарма сөзі 
пікірлі, әсерлі болып шықпақ» (Байтұрсынов, 
1989: 149). Демек әдебиетте шындық пен ойдан 
шығарудың бірлігін танытатын көркемдік ой
-
лау мен қиялдың эстетикалық мәні аса маңызды. 
«Көркем ойдың өткірлігі, тартымды бейнелігі,
эстетикалық сезімнің нәзіктігі, суреткерлік 
шеберлік ұштасып келіп, шығармада терең 
мазмұн мен келісті түр, жарасымды бірлестік 
тапқанда ғана нағыз көркемдік келіп шығады. 
Ойдың сонылығы, сезімнің әсерлігі әр сөзге өң 
беріп, ажарландырып, бейнелілік сипатын арт
-
тыра түседі». (Әдебиеттану. Терминдер сөздігі, 
1998: 196) Суреткердің көркем ойлауы мен қиял 
ұшқырлығы көркем образды жасау шеберлігінен 
көрінеді. 
Көркемдік қиял мен көркем ойлаудың образ 
жасаудағы қызметі зор. Өнерде өмірді көркемдеп 
бейнелеу образ бен суретті сөз арқылы іске аса
-
ды. Көркем әдебиеттің өмірді суреттеуінің бас-
ты тәсілі – образ бен образдылық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет