Образдың объективті-танымдық және субъективті-шығармашылық аспектілері қарастырылады



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата20.12.2023
өлшемі476,25 Kb.
#198186
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


© 2021 Al-Farabi Kazakh National University 
ISSN 1563-0323, eISSN 2618-0782 Филология сериясы. №3 (183).2021 https://philart.kaznu.kz
115
ҒТАМР 17.07.41 https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v183.i3.ph13
С.Ә. Қалқабаева
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. 
e-mail: 
sk.61@mail.ru
КӨРКЕМ ОБРАЗ ПОЭТИКАСЫ
Бұл мақалада
 
әдебиеттану ғылымының ең басты зерттеу объектісі болып табылатын көркем 
образдың объективті-танымдық және субъективті-шығармашылық аспектілері қарастырылады. 
Көркем образ туындыгердің шындық жайындағы танымы мен көркем ойлауының нәтижесі 
болғандықтан, эстетикалық қуатқа, астарлы мағынаға, сан қырлы қасиеттерге ие әдеби категория 
екендігі дәлелденеді. Сан алуан көркемдік тәсілдер арқылы туындыгер жасаған көркем образдың 
пайда болу, даму тарихы жайындағы мәліметтерді әлемдік және ұлттық әдебиеттерді салыстыра 
келе тұжырымдайды. Суреткер қиялының ұшқырлығы мен көркем ойлауы көркем образды жасау 
шеберлігінен көрінетіндігін контекстік талдаулар арқылы танытуды мақсат етеді. 
Зерттеудің басты нәтижелері мен түйінді ойлары мынаған келіп саяды: Образ – өз 
заңдылықтары мен даралық сипаты бар өзіндік жүйе. Образ ой мен көңіл-күйдің таңбалануы 
болғандықтан, ол заттық және сезімдік нұсқаға ие. Көркем образдың таңбалану, жасалу амал-
тәсілдері алуан түрлі. Көркем образды классификациялау (жіктеу) үшін тектік, тақырыптық, 
жинақтық, архаикалық, семантикалық, құрылымдық, стильдік сияқты бірнеше негіздерге жүгіну 
керек. Мақалада көркем образдың табиғаты көп қырлы, мағыналық аясы кең екендігі, жалпылық
жалқылық (даралық) сипаттары жайында тың пікірлер айтылады. Объективті болмыстағы кез 
келген құбылыстар мен дерексіз ұғымдардың эстетикалық санада сәулеленіп образ түрінде 
көрініс алатындығы мысалдармен түйінделеді. Қазіргі әдебиеттануда образды жіктеудің жаңа 
ұстанымдары ұсынылады. Зерттеудегі айтылған түйінді ойлардың көркем образ табиғатын терең 
тануда, образ түрлерін даралық сипатына қарай жіктеп ажырата білуде маңызы зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет