Мінсіз көшбасшының сипаттамалық моделі
- Болашаққа болжам жасай алады, интуициясы дамыған, жүйелі ойлау қабілеті бар.
- Қол астындағылардың көзқарасы бойынша: кәсіби шеберлігі жоғары деңгейде, адамгершілігі зор тұлға, адамдарға және жұмысқа бағытталған, альтруист, өзінің қасиеттері бойынша көшбасшы-қызметкер және (немесе) 5-деңгейдегі көшбасшының сипаттамаларына жақын.
- Жоғары мақсаттарды қоя біледі.
- Шешім қабылдау және проблеманы шешуде қол астындағылардың қабылданған шешімнің дұрыстығын түсініп, оған қатысып, көшбасшының ұстанымы және пікірімен бөлісетіндей ұйымдастыра алады.
- Топтың кез-келген мүшесіне кеңес бере алады.
- Коучинг (дамытушылық кеңес беру) әдістерін меңгерген және қолданады.
- Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістерін қолданады.
- Барлық басқару функциялары бойынша басқарудың заманауи әдістерін меңгерген.
- Адамдарды түсінеді, эмоционалды зияты жоғары деңгейде.
- Проблемаларды креативті шешуге, жаңашылдыққа бағытталған.
- Еңбек ету әлеуеті жоғары.
- Нәтижелі жұмыс істейтін команда құра алады және оларға қолдау жасай алады.
- Қарама-қайшылықтарды құзыретті және әдепті түрде шеше алады, топтағы қақтығыстарды шеше алады.
Достарыңызбен бөлісу: |