1940 жылғы шілденің 31-нде жоғарғы әскери басшылықпен өткізген кеңесінде Гитлер Ресейді 1941 жылдың көктемінде талқандау керек, себебі егер Ресей талқандалса, онда Ұлыбританияның соңғы үміті өшеді, сөйтіп ол да тізе бүгуге мәжбүр болады деп жариялады. 1940 жылдың шілде-желтоқсан айларында КСРО-мен соғыстың бірнеше жоспары қарастырыла бастады, соның ішінде ОКҺ-ның (әскердің бас штабы), генерал Э. Маркстың, Зоденштерннің жоспарлары және тағы басқа жоспарлар қарастырыла бастады. Көп талқылаудың, әскери-штабтық ойындардың және Гитлердің өз кеңсесінде, құрлық әскерінің штабында және басқа да штабтарда өткізілген талқыласулардың нәтижесінде 1940 жылғы желтоқсанның 5-інде генерал-полковник Ф. Гальдер ұсынған жоспардың («Отто жоспары») түбегейлі жобасы мақұлданды.
Одақтас елдердің Германияға қарсы соғыс қимылдарын бірлесіп жүргізу жоспарын жасау Тегеран Конференциясының басты мәселесі болды. Бұған дейін АҚШ пен Ұлыбритания Еуропада соғыс майданын ашамыз деген уәделерін орындамағандықтан соғыстың негізгі ауыртпалығын Кеңес Одағы көтерді. Кеңес делегациясының ұсынысы бойынша Еуропада 2-майдан ашу, соғыстың аяқталуын тездету мәселесі қаралды.
Атлант үшін шайқас,Курск шайқасы
Соғысқа 61 мемлекет, дүние жүзі халқының 80%-ы қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: |