Өңдеу Мамандығы: 0304000 – «Стоматология» Курсы: 2 Семестрі: 3 шымкент 2010 ж



бет6/7
Дата08.07.2017
өлшемі1,5 Mb.
#20814
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Басқару жүйесі тұратын бөлме.

Бұл бөлмеде өлшеу аспаптары мен басқару жүйесі тұрады. Аумағы 10м.2, биіктігі 3,5м-ден кем болмауы керек. Жарық коэффициенті 1:8. Қыздырмалы шам арқылы да жарық (300 люкс)беруге болады. Мезгіл-мезгіл ауа тазартылып тұруы керек. Бұл бөлме ем-дом жасайтын бөлмеден бөлек, сондықтан ауасы иондалмауы тиіс. Аурулардың хәл-жағдайын қорғасындалған шыны әйнектен қарап тұрады. Ауру адаммен радио арқылы сөйлеседі.



Дәрігерлер бөлмесі.

Бұл бөлме басқа бөлмелерден бөлек орналасқан. Аумағы бір дәрігерге арналған бөлмеде 10м.2,әр қосымша дәрігерге бұл өлшемге 4м.2 қосылып отырады. Бөлменің биіктігі 3,5м, жарық коэффициенті 1:8, жарықтығы 300 люкс болуы тиіс. Ішінде столдар, орындықтар, рентген, флюросуреттерін оқитын аспаптар (негатоскоп, флюороскоп) тұрады.



Сәуле әсерінен қорғану жолдары.

Дәрігерлік салада қолданылатын сәулелердің әсерінен мамандарды, ауру адамдарды және жұртшылықты қорғау жолындағы шараларға“Радиациядан қорғануережелері”,“Радионуклеидтермен және басқадай иондатқыш сәулелермен жұмыс істеудің негізгі ережелеріне ”сүйене отырып, солардың толықтырылған түрі келтірілген. Бұл ережелер кезінде ВЦСПС-тен А.П.Купчин (13.06-1980ж.,№12\3-4), бас санитарлық инспекциясының орынбасары В.Е. Ковшило (13.06-1980ж.№278-80) мырзалармен бекітілген.

Барлық қорғаныс жүйелерін тұрақты және тасымалды түрлеріне бөледі.

Тұрақты қорғаныс жүйелері.

Тұрақты қорғаныс жүйелеріне ғимараттың, үйдің сәуле өткізбейтін төбесі, қабырғалары, есік терезелері жатады.Олар тікелей және шашыранды сәулелерді іргелес орналасқан бөлмелерге өткізбей ондағы қызмет істеп жүрген адамдарды сәуленің әсерінен қорғауға тиіс. Үйдің төбесі барит бетонмен, ал қабырғалары кірпішпен, барит бетонмен қаланып, қосымша осы бетонмен сыланады.Бариттің құрамында рентген сәулесін өткізбейтін барий қоспасы бар. Есіктері қорғасын, не қорғасын араласқан резеңкемен қағылады, ал бөлме ішіндегі әйнектер қорғасын араласқан шыны. Рентген бөлмесі үйдің бірінші қабатында болса жұмыс кезінде терезелері қорғасын араласқан резеңкеден жасалған қақпақшалармен жабылуы керек.

Тасымалды қорғаныс жүйелері.

1.Үлкен және кіші қалқандар жатады.

2.Рентген түтігінің сауыты. Бұл сауыт тек пайдаланылатын сәулелерді ғана арнайы тесіктен шығарып, қалған сәулелерді ұстап қалады.

3.Экранның дәрігерге қараған жағы қорғасындалған шынымен жабылған. Ол рентгенологтың бет әлпетін сәуленің әсерінен қорғайды.

4.Кеудесін экранның астындағы қорғасын араласқан резеңке жолақтар қорғайды.

5.Кеудеден төмен еденге дейін рентгенологтың алдында кіші қалқан тұрады.

6.Қорғасын араласқан резеңкеден жасалған алжапқыш, қолғаптар, қалқандар және ұрық бездерін жабатын кіші гірім жолақтармен жабдықталған.

7.Тасымалды қорғаныс жүйелерінің рентген сәулесін тежейтін қасиетін екі жылда бір рет тексеріп тұрады.

Рентгенологиялық тексеру рентген бөлмелерінде жүргізіледі. Рентгенологиялық тексеруді рентгеноскопиядан немесе рентгенографиядан бастайды. Рентгеноскопия көмегімен кейбір мүшелердің қимыл- қозғалыс (жүрек, асқазан, ішек және т.б.) функциясын тексереді. Науқас қалпын өзгерткенде немесе пальпация кезінде патологиялық түзілулердің ығысуын анықтайды. Рентгенография – организмнің құрылысын рельефті және анық етіп анықтай алады. Рентгеноскопия және рентгенография жалпы рентгенологиялық әдістер тобын құрайды. Тексерілетін мүшенің құрылысын және функциясын қосымша мәлімет алу мақсатымен жүгінетін техникалық заттар және ерекше әдістерді қолданумен негізделген рентгенологиялық әдістің жеке және арнайы негізіне де жатады. Жеке әдіске жатады: телерентгенография, электрорентгенография, томография және флюорография және т.б. Мүшелердің қимыл-қозғалысын тіркеу үшін (жүрек, өкпе, диафрагма) видеомагнитті баспа көрінісін қолдана отырып рентгеноскопияны қолдану. Жасанды контрасттылауынан кейін мүше немесе оның бөлігін, белгілі бір жүйені зерттеу үшін (бронхография, холеграфия, урография және ангиография) арнайы әдіс тағайындалады.Қарапайым әдістер қажетті диагностикалық нәтижені бере алмағанда көрсеткіш бойынша қолданады. Кейде науқасты тексеруге алдын-ала дайындау қажет, тексерумен байланысты болатын жағымсыз сезімдерді төмендетеді.

Асқынулар жиі кездеседі. Негізі организм жүйесін, мүшеге және қуыстарға жасанды контрастылау кезінде пайда болады және аллергиялық реакциялар, жедел тыныс бұзылысы, коллапс, жүрек қызметінің рефлекторлы бұзылыстары, эмболия, мүше және тканьдерді зақымдаумен өтеді. Тексеруді аяқтағаннан 30мин соң немесе тексеруді жүргізіп жатқан процесс кезінде атап өткен асқынулар болуы мүмкін. Ионизирлеуші сәулеленудің көзімен жұмыс істеу кезінде, жұмыс істеу ережесін қатаң бұзған кезде асқынулар пайда болады. Науқасты және персоналды сәулеленуден қорғау көбінесе рентген кабинетін дұрыс жоспарлаумен байланысты.



Холеграфия.(грекше chole өт +grapho жазу, көрсету, синоним: күре тамырға холеграфия, күре тамырға холангиохолецистография) – бауырдан өт арқылы шығатын гепатотропты рентгеноконтрасттызаттарды күре тамырға енгізу арқылы өт жолдарын рентгенологиялық тексеру.

Тексерген кезде өт қабын, өт жолын, орналасуын, түрін, ұзындығын, тастарды анықтауға және де өт қабының қозғалысын, концентрационды функциясынанықтауға болады.



Көрсеткіш:созылмалы холецистит,өт тас ауруы, өт жолдарының дискинезиясы, постхолецистэктомиялық синдром.

Қарсы көрсеткіш:қалқанша без, бүйрек, бауыр және жүрек қан-тамыр жүй функциясының декомпенсациясы; йодқа организмнің өте сезімталдығы.

Процедура орындау.

Холеграфияны аш қарынға жүргізеді. Науқасқа 2-3 стакан жылы су немесе шәй ішуді ұсынады, бұл процедураны орындау кезінде реакцияны төмендетеді. Рентгеноконтрастты заттың 1-2мл күре тамырға енгізеді, 4-5 мин соң реакция болмаса қалған мөлшерін жайлап енгізеді. Билигност 50% ерітіндісін (20мл) дене температурасына дейін қыздырып қолданады. Балаларға 1кг дене массасына 0,1-0,3г дозада препаратты енгізеді. Науқасты горизонтальді қалпында инъекциядан кейін 15-20, 30-40 және 50-60мин соң рентгенограмманы жасайды.Науқастың вертикальді қалпында бағыттап түсіріп өт қабының функциясын зерттейді.Өт жолдарында тас болуы мүмкін деп күдіктенген кезде томография жүргізіледі. Рентгеноконтрастты затты енгізіп болған соң 20мин кейін түсірген суретте өт жолының бейнесі жоқ болса,(жалпы өт жолы сфинктерінің жиырылуын шақыру үшін) пилокарпин гидрохлорид 1% ерітіндісінің 0,5мл тері астына енгізеді. Холеграфияны жүргізу кезінде кейбір науқастарда мынадай жанама әсерлер кездеседі: басының ысыған сияқты сезімнің пайда болуы, аузына металды дәмнің келуі, басайналу, көңілінің айнуы, кейде ішінің ауырсынуы. Бұларды болдырмау үшін және суреттің анық шығуы үшін қан тамырлар бейім және де бауыр функциясының орта бұзылуы бар науқастарға инфузионды әдісті қолданады.Рентгеноконтрастты затты (1кг дене массасына 1мл дозада 150-200мл 5% глюкоза ерітіндісімен бірге) күре тамырға (15-20мин бойы) тамшылатып тамызу.



Холецистография–(грекше chole өт +kystis қабы +grapho жазу, көрсету, синоним: контрастты холецистография, концентрационды холецистография) – арнайы рентгеноконтрастты заттарды организмге енгізген соң өт қабын рентгенологиялық тексеру әдісі. Өт қабының функциясын және құрылысын анықтайды, ондағы патологиялық өзгерістерді (ісік, қабыну процессі, конкременттер,даму аномалиясы) табады.

Қарсы көрсеткіш: йодқа организмнің өте сезімталдығы және жоғары билирубинемия. Бауыр және бүйрек функциясының айқын бұзылысы және коронарлы жетіспеушілік.

Рентгеноконтрастты заттарды: пероральді, күре тамырға да енгізуге болады және зонд арқылы он екі елі ішекке немесе клизма көмегімен тік ішекке жіберуге болады. Рентгеноконтрастты заттың сапасы-холевид, йопагност, телепак, билимин және т.б. йодты органикалық қосылыстар қолданылады. Арнайы дайындық талап етпейді. 20кг дене массасына 1г дозада рентгеноконтрастты затты тексеру алдында кешкі тамақтан соң қабылдайды, оны сумен және сокпен немесе тәтті шәймен ішеді.

Рентгеноконтрастты зат аш ішекте сіңіріліп қанға түседі, қан сары суының альбуминімен байланысады. Рентгеноконтрастты зат бауырда қан арқылы өтке суда ерігіш метаболит түрінде түседі. Өттегі препараттың концентрациясы жоғары емес, сондықтан рентгенография кезінде өт жолының көлеңкесі жақсы айқындалмауы осымен байланысты. Өттегі препарат концентрирленеді, 3-4 сағаттан кейін рентгенограммада өт көлеңкесі пайда болады. Бейне жайлап анық бола береді, 15-17 сағаттан кейін максимумге дейін жетеді. Балаларда максимальді контрастирлену өте тез болады. Препаратты қабылдаған соң келесі күні 9-10.00 азанда аш қарынға рентгенологиялық тексеру жүргізіледі. Науқасты басында вертикальді қалпы кезінде обзорлы, ао кейін бағыттап түсіреді. Айқын метеоризм кезінде және тазалау клизмасы эффективсіз болғанда томография жасалынады. Өт қабының асқазанмен және он екі елі ішекпен қарым-қатынасын анықтау үшін науқасқа барий сульфатының сулы өлшемін ішуге береді. Сурет бойынша өт қабының көлеңкесінен өттің қалпын, түрін, ұзындығын, контурын, интенсивтілігін және құрылысын анықтайды. Холецистография кезінде ісік, холестеролды полип және тастың болуынан жарық сәулелену тәрізді өт қабы көлеңкесінің дефектілері анықталуы мүмкін. Толу дефектілері анықталмаса өт қабы маторикасын күшейту мақсатымен науқасқа стакан суға ерітілген 20г сорбитті ішуге береді немесе 60мл шикі жұмыртқаның сарысын береді. Өт айдайтын таңғы асты ішіп болған соң 20-45мин кейін, өт қабы жиырылған кездегі рентгенограммада ерте кезде анықталмайтын полиптер немесе майда тастар анықталуы мүмкін. Суреттің сериясы өт қабы қозғалыс функциясын анықтауға мүмкіншілік береді. Холецистокининді бұлшық етке немесе күре тамырға енгізуден кейін өттің тез және өте күшті жиырылуы болады. Құсу және іштің ауырсынуына алып келуімен байланысты бұл препаратты жиі қолданбайды. Холецистография кезінде кездесетін жанама әсерлер: басайналу, көңілінің айнуы, іш өту, эпигастральді аймақта қысымды сезіну. Йодизм симптомы кезінде антигистаминді препараттар тағайындалады.

Ирригоскопия.

Мақсат: тоқ ішек ауруларын диагностикалау: түрін, орналасуын, кілегей қабатын және тоқ ішек бөліктерінің перистальтикалары мен тонусын анықтау.

Қажетті заттар: Эсмарх кружкасы және 1,5л барий сульфаты (36-37.0).

Процедураға науқасты дайындау.

1.Науқасқа тексеру мақсатын түсіндіру.

2.Газ түзетін тағамдарды тағам рационынан алып тастау (көк-өніс, жеміс-жидек, сүт өнімдері, ашытқы өнімдері, қара нан және жеміс сусындары) яғни тексерілуге дейін 2-3 күн бұрын.

-тексерілу алдында тексерілу күні 12-13.00-де 30-60мл кастор майын науқасқа беру.

-тексерілу алдында 1 сағаттық интервалмен тазалау клизмасын екі рет жасау(кешке және азанда).

-тексерілетін күні азанда науқасқа жеңіл белокты таңертеңгі ас беру.

3.Науқасты рентгенологиялық тексеру бөлмесіне апару.

Процедураны жүргізу.

1.Рентген кабинетте дайындалған 1,5л (36-37.С) барий сульфат өлшемін клизма көмегімен енгізу.

2.Рентген суретіне түсіру.

3.Процедура аяқталған соң науқасқа ескерту: нәжіс түсінің өзгеруі және үлкен дәретке отыруы қиын болады.

4.Науқасты палатасына жеткізіп, тыныштық орнату және қадағалау.

Урография (грекше uron зәр + grapho жазу, көрсету; синоним:контрастты урография, экскреторлы урография) – зәр шығару жүйесін рентгенологиялық тексеру.

Көрсеткіш: бүйрек және зәр шығару жолдарының зақымдалуына күдіктену.

Қарсы көрсеткіш: инсульт, бауыр және бүйрек жетіспеушілігі, миокард инфарктісі.

Енгізетін рентгеноконтрастты зат: йодамид, триомбраст, верографин, урографин.



Пиелография.

Мақсат: бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларын диагностикалау.

Қажетті заттар: 20мл шприц, 30%натрий тиосульфат ерітіндісі тазалау клизмасына барлық қажетті заттар, рентгеноконтрастты зат (урографин, верографин).

Науқасты процедураға дайындау.

1.Тексеруге науқасты дайындау.

2. Газ түзетін тағамдарды (көк-өніс, жеміс-жидек, сүт өнімдері, ашытқы өнімдері, қара нан және жеміс сусындары) тағам рационынан алып тастау.

3.Метеоризм кезінде дәрігер тағайындауын (активирленген уголь) қабылдау.

4.Тексеруге дейін 18-20сағ бойы тағамдарды қабылдамау және суды да аз ғана мөлшерін қабылдау қажет.

5.Кешкі 22.00 және азанда тексеруге дейін 1,5-2сағ бұрын тазалау клизмасын жасау.

6.Азанда тексеру алдында тағам, дәрі-дәрмекті қабылдамау, темекі тартпау және инъекция жасамау.

7.Тексеру алдында қуықты босату.

8.Рентгенологиялық кабинетіне науқасты апару немесе тасымалдап жеткізу.

Процедураны орындау.

1.Обзорлы сурет жасау.

2.Дәрігер тағайындаған 20-40-60мл рентгеноконтрастты затты күре тамырға енгізу.

3.Рентген суретін түсіру.

4.Процедураның соңында науқасты палатаға апарып тыныштықты орнату және қадағалау.
Бронхография.(бронх+грекше grapho жазу, көрсету) Бронхтарға салыстырмалы салмағы ауыр қоспалар жіберіп бірнеше бағытта рентген суретіне түсіру тәсілі.

Мақсат: бронхтардың ісігін, қабыну процестерін, даму ақауларын және бронхоэктазды анықтау үшін.

Кері көрсеткіштері:жедел инфекциялы аурулар; бауыр, бүйрек, жүрек-қан тамыр жүйесінің және тынысалу функцияларының ауыр бұзылыстары, рентгеноконтрастты затты көтере алмау.

Бронхография тәсілін өткізер алдында 1.Жансыздандыру тәсілін (жалпы жансыздандыру немесе тыныс алатын жолды ғана жансыздандыру),

2.Пайдаланылатын салыстырмалы салмағы ауыр қоспалардың түрлерін анықтайды.

Жансыздандыру тәсілін алға қойған мақсатқа қарай таңдайды. Мысалы: бронхтардың қимыл-қозғалыстарын, бұлшық еттерінің жиырылуын анықтау үшін тыныс алатын жолын ғана 10 % новокаин ерітіндісімен жансыздандырады. Новокаин ерітіндісі адамның сана-сезіміне әсер тигізбейді, ауыр еркін дем алып жатады. Ал кішкентай балаларды бұл тәсілмен жансыздандырып бронхография жасай алмаймыз, ол үлкен қиындыққа әкеліп соғады. Сондықтан оларға бронхография тәсілін интубационды наркозбен жалпы жансыздандыру арқылы жасайды. Демалыс жүйесін жасанды түрде дәрігерлер реттеп басқарады. Бұл тәсілмен бронхтардағы морфологиялық өзгерістерді ғана зерттей аламыз.

Салыстырмалы салмағы үлкен қоспалардың (йодолипол, сульфойодол, барий йодол) майға ерітілген түрлері бронхтардың шырышты қабатынан жай жылжып өтеді, жабысқақ келеді. Сол себепті бронхқа жібергенде асықпай айнамен қарап тұрып бронхтардың дем алып, дем шығарып тұрғандағы өзгерістерін суретке түсіріп алуға болады. Бұл қоспалардың қолайсыз жағдайы, өкпеде ұзақ мерзім сақталып, емдеу мерзімінің созылуына және дерттің асқынуына әкеліп соғуы мүмкін.

Керсінше суға еритін (желейодон, глюкожелейодон) қоспалар бронхтарды жылдам толтырып, олардан жылдам шығады. Сондықтан бұл қоспалар жалпы жансыздандыру кезінде жас балаларға қолданылады. Қоспа бронхтарда ұзақ мерзім болмайды, ал қалған қалдығын электр насос арқылы бронхтардан сорып алады, емдеу мерзіміне әсерін тигізбейді.



Ангиография.(грекше angeion қан тамыр+grapho жазу, көрсету; синоним:вазография) рентгеноконтрастты затты енгізіп қан-тамырларды рентгенологиялық тексеру.

Мақсат: қан тамыр жүйе аурулары және даму аномалиясын және де әр түрлі мүшелердің паразитарлы, ісікті ауруларын анықтау үшін.

Кері көрсеткіш:науқастың жағдайы өте ауыр кезінде, психикалық бұзылыстар, бүйрек, бауыр және жүрек функцияларының бұзылыстары, рентгеноконтрастты затты көтере алмауы;

Бұл әдіс қан тамырлардың топографоанатомиялық ерекшеліктерін, функциональді жағдайын, қан ағыс жылдамдығын анықтайды.

Ангиографиялық рентгенді аппараттар бар арнайы рентгеноангиография бөлмесінде ангиографияны өткізеді. Ангиографиялық аппарат- ірі форматты рентген суреттерін тез сериялы түсіреді, ол компьютерлік жүйеде тіркеледі және алынған нәтижені өңдейді.Тексеретін қан-тамырға рентгенологиялық затты енгізу үшін ол қан тамырды пункция немесе катетеризация жасайды. Артериальді жүйе қан тамырларына ангиография жүргізу кезінде рентгеноконтрастты зат артерия, капилляр арқылы өтіп, тексеретін аймақтың венасына түседі. Ангиография фазасының жалғасуы бойынша және қан тамырлардан рентгеноконтрастты заттың жойылу жылдамдығын тексеріліп жатқан мүшенің регионарлы гемодинамикасымен анықталады.

Асқынулар: енгізген рентгеноконтрастты затқа аллергиялық реакция, жүрек ырғағының бұзылысы, пункциядан кейін қан тамыр өзегінен қанкету, гематома, қан тамыр спазмы және тромбозы.



Коронарография. ( латынша coronaries тәждік +грекше grapho жазу, көрсету; ) жүректің тәждік артериясын рентгенологиялық тексеру әдісі.

Оң және сол тәжді артерияны катетеризациялау және контрасттылау көмегімен жүзеге асады. Видео магнитті баспа немесе кинорентгенография көмегімен тәжді артерия бойынша рентгеноконтрастты заттың таралуы тіркеледі. Коронарограмма коронарлы қан айналымның жағдайын және оның ерекшелігін объективті талқылауға мүмкіншілік береді.

Тексеру мақсаты: коронароскелероз түрін және дәрежесін анықтау үшін, бұл болжам жасау және емдеу тактикасын дұрыс таңдау үшін өте маңызды.

Көрсеткіш: жүректің тәжді артериясының және де басқа артерияларының даму аномалиялары.

Қарсы көрсеткіші: жүрек ырғағының бұзылысы, айқын жүрек жетіспеушілігі және сол қарыншаның жиырылу функциясының ауыр бұзылыстары.

Коронарографияны –дефибриллятор және басқа да реанимациялық аппараттарымен жабдықталған ангиографиялық бөлмеде арнайы бригада жасайды. Клиникалық практикада Джадкинс және Соунс әдістері жиі қолданылады. Джадкинс әдісі бойынша коронарография кезінде арнайы катетерлер қолданылады; оның соңғы бөлігінің формасы аорта және оның өрлемелі бөлігінің анатомиялық құрылысының (оң және сол тәжді артерия үшін бөлік) типті ерекшеліктерін ескере отырып моделирленген.Катетерді сан артериясы арқылы енгізеді. Соунс әдісі бойынша коронарография кезінде кәрі жілік ойық аймағында иық артериясын хирургиялық жолмен ашып орындайды және оң және сол тәжді артерияны арнайы бір катетермен катетеризациялайды. Коронарография жасар алдында науқасқа ß-адреноблокаторлар тобынан дәрілік заттар береді. Артерияға катетерді енгізген соң 5000ӘБ гепаринді енгізеді. Қан тамырлардағы қысымды анықтау кезінде, ЭКГ үнемі бақылау үстінде тәжді артерияның катетеризациялаудың барлық этапы және оны контрасттылауды жүргізеді. Сол тәжді артерияға 4мл\с жылдамдықпен 4-6мл, ал оң жаққа 3мл\с жылдамдықпен 3-4мл мөлшерде рентгеноконтрастты затты енгізеді.

Асқынулар: тромбоэмболия, қан тамырды пункция жасаған жерден қан кету және жалған аневризманың пайда болуы. 0,33% жедел миокард инфарктісі дамиды, 0,9% қарыншалар фибрилляциясы, 0,24% летальділікті құрайды. Аритмия кезінде, стабильді емес стенокардия кезінде, артериальді гипертензия кезінде және айқын жүрек жетіспеушілігі бар науқастарда асқыну көбінесе жиі кездеседі.

Спирография. (латынша spiro демалу+ грекше grapho жазу, көрсету; ) демалу кезінде демалу көлемінің өзгеру уақытында графикалық тіркеу жолымен өкпе функциясын рексеру әдісі болып табылады. Спирография көмегімен 1минутта тынысалу жиілігін (ТАЖ); бір рет демалған кезінде өкпеге түсетін ауа көлемі (ТА көлемі); 1мин өкпеге түсетін ауа көлемі (тынысалудың минутты көлемі); 1мин ішінде организм қажет ететін оттегі көлемі; өкпеге түсетін 1л ауаның организм қажет ететін оттегі көлемі (оттегіні қолдану коэффициент); максимальді терең демалудан кейін қалыпты дем шығару кезінде, өкпеден шығарылатын ауаның максимальді көлемі (өкпенің өмірлік сиымдылығы); максимальді терең демалудан кейін форсирленген демшығару кезінде өкпеден шығарылатын ауаның максимальді көлемі (өкпенің форсирленген өмірлік сиымдылығы); максимальді терең дем шығарудан кейін қалыпты демалу кезінде өкпеге түсетін ауаның максимальді көлемі (демалу кезінде өкпенің өмірлік сиымдылығы); максимальді терең демалудан кейін форсирленген дем шығару кезінде 1с өкпеден шығарылатын газдың максимальді көлемі (1с ішіндегі форсирленген дем шығару көлемі); Тиффно индексі; өкпенің максимальді вентиляциясын; ауаның қимылдап жету жылдамдығының көрсеткішін анықтауға болады.

Спирографияны азанда аш қарынға жүргізеді. Науқасқа тексеру мақсатын және сауалдарын түсіндіріп беру қажет. Науқас отырады, ауаны өткізбеу үшін мұрынға зажим қойылады, рексеретін құралды байланыстырады. Тексеру 3-5мин созылады. Науқас қалыпты демалып отыруы қажет, осы кезде ТАЖ, демалу көлемін, өкпенің өмірлік сиымдылығы және жоғарыда аталғанның барлығы анықталады.



Электрокардиография – жүрек бұлшық етінде түзілетін биоэлектрлік потенциалдарды зерттеу әдісі. Қазіргі кездегі қалыпты электрограмма элементтерінің пайда болуын түсіндіретін негізгі концепциялар: жүректе биопотенциалдардың түзілу теориясы (Бернштейн,1912), жүректің диполь теориясы.

Миокард клеткаларындағы биоэлектрлік құбылыстардың пайда болу негізіне клетка мембранасы арқылы жүретін иондардың қозғалысы жатады. Мұндағы ерекше маңызы зор иондар: К+, Na+, Ca2+, CL-. Аталған иондардың әр қайсысы үшін клетка мембранасының өткізгіштігі әр түрлі. Тыныштық жағдайда клетка сыртындағы сұйықтыққа қарағанда, клетка ішіндегі К+ концентрациясы 30 есе көп. Ал клетка сыртындағы Na+ концентрациясы -20есе, CL- - 13 есе және Ca2+ концентрациясы 25 есе көп. Клетка мембранасының екі бетіндегі иондар концентрациясының осындай жоғары градиентті иондық насостардың жұмысы нәтижесінде бір қалыпты деңгейде сақталып тұрады. Олардың көмегімен Na+, Ca2+, CL- клеткадан шығарылып, ал К+ клетка ішіне енгізіледі. Бұл процесс иондар концентрациясының градиентіне қарама-қарсы. Сондықтан энергия шығынынан қажет етеді.



Жүректің негізгі қызметі.

Жүректің еті екі түрлі клеткадан тұрады: өткізгіш жүйесінің клеткалары, жиырылғыш миокард клеткалары. Жүректің қызметтері:

1.Автоматизм. Жүректің сыртқы әсерге байланыссыз өздігінен электрлік импульстер түзіп шығару қасиеті автоматизм деп аталады.

2.Өткізгіштік. Жүректің бір бөлігінде туған электрлік қозуды оның басқа бөліктеріне өткізу қасиеті - өткізгіштік деп аталады. Жүректің қосымша өткізгіш жолдарына мыналар жатады:

1) Кент талшығы.

2) Джеймс талшығы.

3) Махейм талшығы.

3.Миокардтың қозғыштығы мен рефрактерлігі.Қозғыштық дегеніміз – жүректің импульстер әсерінен қозу қасиеті.

4.Аберанттық немесе аберанттық өткізгіштік – импульстердің жүрекшелер мен қарыншалар арқылы өту бағытының өзгеруі әсерінен туады.

5.Жиырылғыштық. Жиырылғыштық дегеніміз – жүрек етінің қозудың нәтижесінде жиырылу қасиеті.



Электрокардиографиялық шықпалар.

Адам денесінің белгілі екі нүктесінің арасындағы потенциалдар айырмашылығын осы нүктелерге электрокардиографтың электродтарын қойып, жазып алуға болады. Бұл электродтар кардиографтың гальванометріне қосылады. Бірінші электродты гальванометрдің оң полюсіне, екіншісін теріс полюсіне қосады. Оң полюске қосылған электрод оң немесе белсенді электрод деп аталады.Теріс полюске қосылған электрод-теріс электрод деп аталады.

Қазіргі уақытта ЭКГ жазу үшін 12 түрлі шықпалар қолданылады: 3 стандарттық, 3 аяқ-қолдан күшейтілген және 6 кеуде шықпалары.

W. Einthoven 3 қос полюсті, стандарттық шықпаларды ойлап тапқан. Оның айтуы бойынша:

А)адам денесі электр тогын бір қалыпты өткізгіш орта болып табылады;

Б)адам денесі тең қабырғалары үшбұрышқа ұқсайды. Үшбұрыштың төбелері оң және сол қолдарға, сол аяққа немесе симфизге сәйкес келеді.

В)адам жүрегі – осы үшбұрыштың орталығында жатқан электр тогының көзі. Сондықтан үшбұрыштың төбелеріне белсенді электродтарды қойып, осы нүктелердің арасынан жүрек қызметі кезінде пайда болатын потенциалдар айырмасын жазуға болады деп есептеген.

Стандарттық шықпалардағы электродтардың орналасуы:



1 стандарттық шықпа- сол қол (+), оң қол (-).

2 стандарттық шықпа- оң қол (-), сол аяқ (+).

3 стандарттық шықпа- сол аяқ (+), сол қол (-).

Оң (+) және теріс (-) белгілермен шықпалардың плюстері көрсетілген.

Шықпалардың оң және теріс плюстерін қосатын гипотетикалық сызық- осы шықпаның осьі болып табылады. Үш стандарттық шықпалардың осьтері Эйнтховен үшбұрышын құрады. Егер жүректің орталық нүктесінен осы шықпалар осьтеріне перпендикуляр түсірсе, ол осьтерді 2 бөлікке бөледі. Осы перпендикуляр мен әрбір шықпаның оң полюсіне дейінгі аралық осьтің оң жақ бөлігі, ал теріс полюсіне дейінгі аралық осьтің теріс бөлігі деп аталады.

Күнделікті қолданылатын 12 шықпаның оң және теріс бөлігін білудің маңызы өте зор. Егер моменттік не қорытынды де- және реполяризация векторының проекциясы шықпаның оң бөлігінде жатса, ЭКГ-де оң серме (R.T ), ал теріс бөлігінде орналасса, теріс сермелер (q.Q.S.T ) жазылады. Егер үш стандарттық шықпалардың осьтерін жылжытып, жүректің орталық нүктесі арқылы өткізсек, шықпалардың үш осьтік системасы шығады. Бұл система 1,2,3 стандарттық шықпалардың осьтерінің кеңістіктегі орналасуын көрсетеді.Екі шықпа осьтерінің арасындағы бұрыш -60.0-қа тең.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет