Өңдеу Мамандығы: 0304000 – «Стоматология» Курсы: 2 Семестрі: 3 шымкент 2010 ж



бет1/7
Дата08.07.2017
өлшемі1,5 Mb.
#20814
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академия
Техникалық және Кәсіптік Білім Беру Факультеті
Мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және реаниматология курсымен

КЛИНИКАҒА КІРІСПЕ

пӘні бойынша Әдістемелік өңдеу

Мамандығы: 0304000 – «Стоматология»

Курсы: 2

Семестрі: 3

ШЫМКЕНТ 2010 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды.


хаттама № ____«_____»______ 2010 ж.

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Әлдешев А.Ә.



1 – сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: 1 Бөлім. Медициналық мекемелер жүйесі.

1.1. Тақырыбы. Медициналық мекемелердің негізгі түрлері.

  1. Сағат саны: 90 мин (100%)

  2. Сабақ түрі: теориялық

  3. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: медициналық мекеменің құрылымы және негізгі қызметтері, науқастарды қабылдау және тіркеуді үйрету.

  • тәрбиелік: оқушылардың мінез-құлқын бөлімшеде этика және деонтология нормаларына тәрбиелеу.

  • дамыту: медициналық мекемелерде жұмыс істеу қабілеттілігін дамыту.

  1. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.

  2. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4, 5 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

  1. Мейірбике ісінің негіздері. Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



  1. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)

- Емдеу профилактикалық мекемелердің құрылыс түрлері және олардың құрылымы;

- Емдеу профилактикалық мекемелердің бағыттары;

- ЕПҰ түрлі мейірбикелік қызметтердің негізгі бағыттары;

- Стационардың құрал-жабдықтары.

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин (44%)

Жоспар:


  • медициналық мекемелердің негізгі түрлерін атау;

  • медициналық мекемелердің түрлерінің ерекшеліктері;

  • медициналық мекемелердің құрылымдары мен бағыттары;

  • әртүрлі медициналық мекемелердегі мейірбикелердің қызметінің негізгі

бағыттары және міндеті.

Емдік мекемелер өзінің функциясы бойынша 2 негізгі топка бөлінеді: амбулаториялык (емхана, амбулаторйя, медициналы-санитарлы бөлім, диспансерлер, жедел кемек көрсету станциясы, әйелдер консультациясы) және стационарлык (госпитальдар, клиникалар, санаториялар, ауруханалар).

Емхана - амбулаториялык емдік-профилактикалык мекеме, күрамына негізгі клиникалык мамандар бойынша (терапия, хирургия, гинекология, неврология, көз аурулары, эндокринология, ортопедия, уролог-ия) дәрігерлік кабинеттер кіреді. Емханада негізгі диагностикалык кабинеттер бар: реңтген, функционалды диагностика және т.б. Емдік ине егу орындауға арналған кабинеттер бар: физикотерапевтік бөлімше, емдік дене шыныктыру кабинеті, инъекция жасайтын процедуралык кабинет және т.б. емхана күрамында тіркеу, кызмет көрсету кабинетгері және бірқатар косымша кабинеттер бар.

Емхананын негізгі жүмыс істеу ережелері - территориалды-бөлімшелі. Емхана кызмет ететін территория бөлімшелерге бөлінеді, ол әр бөлімшеге дәрігер және бөлімшелі медбике тағайындалады. Бүларға белгілі бір халыктың саны бекітіледі.

Бөлімшелі дәрігер мен медбике өз бөлімшесінде жүргізілген емдік және профилактикалык шараларға толык Ятауапты болады. Бүдан бөлек халыкка диспансеризация жүмыстарын жүргізудін үлкен маңызы бар.

Диспансеризация - бүл халыктың денсаулығын, түрмысты және енбек шарттарын окып білу, аскынған ауруы бар науқастарды білу мақсатында жүргізілетін систематикалык бакылаудағы үйым.

Амбулатория - кала типтес ауыл түрғындарына көмек көрсететін, күрамында 1-3 дәрігері (5-тен көп емес) ауруханадаң тыс мекеме. Амбулатория күрамына дәрігерден баска фельшер, акушер, медбикелер және санитарлар кіреді. Амбулатория медбикесінін жұмысы бөлімшелік медбикенің жүмысына үксас, бірак катаң жауапкершілікті талап етеді.

Медициналы-санитарлы бөлім _ жүмысшыларға және кызмет көрсетушілерге медициналык кызмет көрсету мақсатымен өндірістік мекемелер үйымдастыратын емдік-профилактикалык ұйымдар комплексі. Бұлардың жүмыс істеу ережесі цехті-бөлімшелі ережесі бойынша жүмыс істейді. Медициналы-санитарлы бөлімшенің күрылымы әр түрлі болады: олардың күрамына емхана, амбулатория, стационар, емдеу пунктері, стоматологиялык емхана, профилакториялар, санаториялар, балалар лагерлері кіруі мүмкін.

Медициналы-санитарлы бөлімдердін функциялары әр түрлі. Амбулаториялык медициналык көмек көрсетуден, науқастарды стационарда емдеуден бөлек түрғындарымен жүмыс істеу мекеме өкілдері жұмысшылардьщ денсаулығын бакылау бойынша диспансеризация жұмыстарын жүргізеді. Бүл жүмыстар жүмысшыларды жүйелі профилактикалык қараудан, аскьщған аурулармен ауыратын адамдарды табу, ауырғандардың барлығын амбулаториялык шарттармен немесе стационарларда емдеу аркылы іске асырылады.

Бөлімшелі медбикелер мен дәрігерлер, емдеу пунктерінін фелыперлері жүмысшылардын еңбек ету шарттарьщ жүмыс орнында карайды, өндіріс жұмысшыларынын тұрмыс және еңбек шарттарын явдсарту максатына бағытталған профилактикалык комплексті шараларды шешуге қатысады.

Диспансерлер - диспансерлі әдіс бойынша жүмысты жүргізетін (ауру түрі аныкталған - туберкулез, тері аурулары және т.б. - ауруларды емдеу) амбулатория түрлері арнайы

мамандандырылған ерекше мекемелер. Профилактика және емдеумен бірге диспансерде патронаж жүргізіледі. Диспансер жұмысыньщ спецификасы бойынша туберкулезге карсы, онкологиялык, тері-венерологиялык, психоневрологиялык және т.б. болып бөлінеді.



Жедел медициналық көмек көрсету станциясы- наукастарға тәулік бойы жедел түрде медициналык көмек көрсететін (жаракаттанғанда, уланғанда, кан аққанда) емдік мекемелер. Жедел медициналык көмек көрсету станцияларында жұмысшылар 2-3 адамнан тұратын бригада болыып істейді (дәрігер және бір немесе екі фельдшер). Медбикелер халыктан шакыру алатын және оларды шығушы бригадаларға айтатын диспетчер болып істей алады.

Әйелдік кенес беру орталығы - екі кабат әйелдерді бакылау және гинекологиялык аурулардьщ профилактикасы және емдеуі жұргізілетін емдік-профилактикалык мекеме. Әйелдік кеңес беру емхана сиякты территориялы-бөлімшелі ережесі бойынша жұмыс істейді.

Госпиталь әскери ададмдарды және соғыс мұгедектерін емдейтін аурухана болып табылады.

Клиника - ауруларды стационарлы емдеуден бөлек, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілетін емдік-профилактикалык мекеме.

Санаториялар - аурулардын толык жазылуы жүретін стационарлы мекеме. Санаториялар емдік минералды суы немесе балшығы бар колайлы климатты жерде орналасады.

Ауруханалар - үнемі карауды және емдеуді кажет ететін ауруларға арналған емдік мекеме. Сипаты және куаты жағынан ауруханалар бірнеше топка бөлінеді.

1. Мамандығы бойынша:

а) бір маманды (психиатриялык, инфекциальдык және т.б.);

б) көп маманды: аурухана күрамында бөімшелер болады: терапиялык, хирургиялык, гинекологиялык және т.б.);

2. Максаты бойынша:

а) ауданды;

б) калалык;

в) облыстық;

г) республикалық.

3. Төсек орындык куаты бойынша. Төсек орнының санына байланысты категорияларға белінеді.

Ауруханалардьщ негізгі күрылымды бірліктеріне мыналар жатады: кабылдау бөлімі; арнайы бөлімшелері немесе палаталары бар стационарлар; косымша бөлімшелер (рентген, патологоанатомиялык, лабораториялар, физиотерапиялык және т.б.); дәріхана; асхана; әкімшілік және басқа бөлмелер.

Емдік бөлімшелер (терапиялык, кардиологиялык, гастроэнтерологиялық және т.б.) келесі бөлмелерден тұрады:

- наукастарға арналған палаталар;

- санитарлы түйін (ванна, душ, туалет, әйелдерге арналған гигиеналык бөлмелер); ине егу кабинет;

- манипуляциялык кабинеттер;

- асхана;

- ординаторлык (дәрігерлерге арналған кабинет);

- бөлімшені басқарушы кабинеті;

- жоғарғы медбикенің кабинеті;

- медбикелік.

Медбике жұмысынын мазмүнын ЕП¥ әкімшілігі орта медициналык жұмысшынын тарифті-квалификациялык сипатына негізделіп жасайды.

Стационар медбикесінің функционалды мінддетгеріне келесілер кіреді: бөлімшеде емдік-карау тәртібін сактау, дәрігердін тапсырмасын уакытылы орындау, наукастарға карау, дәрігер наукасты карағанда наукасқа көмек керсету, наукастың жалпы жағдайын бакылау, бірінші дәрігерге дейінгі көмекті көрсету, санитарлы-эпидемиологиялык тәртіпті сактау, инфекционды ауру туралы СЭС-ке уактылы ақпарат жеткізу, дәрілік затгарды алу және оларды сақтау мен тексеру, бөлімшенің кіші медкызметкерлер баскарушылык жүмыстарын жүргізу. Медбикелер жүйелі түрде өз квалификациясын жоғарлату керек, емдік мекемеде немесе бөлімшеде үйымдастырылатын конференцияларға катысу керек.

Емхананың бөлімшелі медбикесі дәрігерге көмек көрсету керек, әр түрлі іс қағаздарды толтыру керет, науқастарды әртүрлі егулерге дайындау керек, лабораториялык және аспаптык зерттеулерді білу керек. Емхана медбикесі жұмысты үйінде жүргізеді:

дәрігердін тапсырмасын орындайды, туыскандарды наукаска қараудың қажетті элементтеріне үйретеді, наукастың физиологиялық кажеттіліктерін канағаттандыратын колайлы жағдайларды жасауға үйретеді, науқаска және онын жанұясына психологиялык колдау көрсетеді, өзінің наукастарының денсаулығын жаксарту мақсатында әртүрлі іс шаралар жүргізеді.

Фельдшердің міндеттері өте кен, әсіресе дәрігер болмаған жағдайда. Фельдшерлі акушерлік функте фельдшер стационарлы, консультативты, амбулаториялык көмек көрсетуді, үйге көмек көрсетуді, санитарлык-профилактикалык жүмысты, дәріханадан дәрілік затгарды жазып алу жүмыстарын және т.б. жүргізеді. ЕПҰ-да дәрігер басшылығымен жұмыс істейді.

Перзентхана және әйелдік кеиес беру акушерінің жүмыс істеу мазмұны жұмыстың накты ерекшеліктеріне байланысты. Ол өздігінше немесе дәрігермен бірге босануды кабылдай береді, екі кабат әйелдердің, ана мен баланын емдік-профилактикалык жұмыстарын жүргізеді. Ол гинекологиялык аурумен ауыратын адамдарды аныктап, әйелдердін босануына кажетті психопрофилактикалык жүмысты, екі кабат әйелдерді бақылауды жүргізеді. Акушер, емхана медбикесі сияқты үлкен патронажды жүмысты жүргізеді, медбикенің тікелей міндетгерін орындайды.

Фельдшер, медбике және акушер езінін міндетгерін аткару үшін көлемді білім деңгейі және практикалык кабілеттері болу керек, карауда жауапкершілік танытып, жанашарлык болу керек. Олар өзінің психологиялык, мамандык және баска сапаларын үнемі жетілдіріп тұру керек.

Олар инфекциальдык ошақтарды жою жұмыстарына, профилактикалык егу жүргізгенге, дәрігермен бірге балалар мекемелерін тексеруге катысады. Арнайы дайындығы бар орта меджүмысшылар рентгенологиялык, физиотерапиялык және баска да мамандандырылған бөлімшелерде немесе кабинеттерде жұмыс істей алады.

Орта меджұмысшылар күкығы жок функцияларды өз мойнына алғаны үшін тәртіптік немесе кылмыстык жауапкершілікке тартылады.

11. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин (22%)

Оқушылардың білім деңгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



ТЕСТТЕР:

1. Стационарлы емдік мекемелерге кіретіндер:

а) емхана

б)санаториялар

в) амбулатория

г) аурухана д)клиника

е) әйелдер консультациясы

ж)диспансер

з)госпиталь

и) медициналы-санитарлы бөлім

к) жедел көмек көрсету станциясы

Жауаптардың дұрыс комбинациясьш таңданыз:

1)6, в, д, и 2)а, г, д, е, з 3)г, д, ж, к 4)6, г, д, з 5) 6, в, и, г, к

2. Қала типтес ауыл тұрғындарына көмек көрсететін, кұрамында 1-3 дәрігері бар, ауруханадан тыс емдік мекеме_______аталады.

3. Қай емдік мекеме территориалды-бөлімшелі принцип бойынша жұмыс істейді: а) медициналы-санитарлы бөлім

б)госпиталь

в) диспансер

г) емхана

д)санаториялар

4. Амбулаториялык емдік мекемелерге жатады: а) емхана

б) санаториялар

в) амбулатория

г) аурухана

д) клиника

е) әйелдер консультациясы

ж) диспансер

з) госпиталь

и) медициналы-санитарлы бөлім

к) жедел кемек көрсету станциясы

Жауаптардын дұрыс комбинациясын танданыз:

1) а, б, д, и, к

2) а, в, е, ж, и, к

3) б, в, г, з, и

4) а, д, ж, и, к

5) б, в, е ж, и

5. Көрсетілгендердін кайсысы топтык наукастарға емдік-профилактикалык көмек көрсетуге арналған емдік-профилактикалық мекеме болып табылады:

1) емхана

2)аурухана

3) жедел көмек көрсету станциясы

4) диспансер

5)клиника

6. Санатория типті мекемелерге жатады:

1) туберкулезге карсы санатория

2) дене шыныктыру диспансері

3) курортты ауыл тұрғындарына арналған емдік пункті

4) әйеддер консультациясы

5) курортты пансионат кызмет ететін емхана

7. Емханаға ұйінен күйіп калған ауруды алып кедді. Сіз медбикесіз, сіздін тактикаңыз? Бұндай ауруды сіз емханада емдейсіз бе?

1) бірінші көмек көрсетпей үйіне кайтару

2) ия


3) кажетті бірінші көмекті көрсетіп, стационарға жіберу

4) жок


5) ауруға ауруды тоқтататын дәрі беру

8. Патронаж дегеніміз не?

1) үнемі аурулардың үйіне барып тексеру

2) медбикенін жасөспірімдермен жұмысы

3) медбикенің кәрі адамдармен жүмысы

4) медбикенің бөлімшедегі жұмысы

5) профилакториядағы медбикенің жұмысы

9. Қандай ауруларға стационарлы емдеу көрсетіледі?

1) емханадан бағыт алған ауруларға

2) стационарлы-курортты емдеуден өткен ауруларга

3) диспансерлі тіркеуде тұрған ауруларға

4) туб диспансерде тіркеуде түрған ауруларға

5) диагностиканын күрделі әдістерін және жүйелі кадағалауды талап етілетін ауруларға

СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР:

1. Ауру өкпе туберкулезімен аурады. Ол кандай емдік мекемеге жіберілуі керек?

2. Емханада аурудың асказан ісігі табылды. Ол кандай емдік мекемеге жіберілуі керек?

3. Ауру тұру орны бойынша, емханаға күрсак бөлігінде операцияны талап ететін хирургиялык аурумен шағымданды. Ол кандай емдік мекемеге жіберілуі керек?

4. Ауруды буындар ауруы бойынша стационардан емдеп шығарды. Ауруға ары карай минералды ванналарды және балшыктарды кабылдау ұсынылды. Ол кандай емдік мекемеге жіберілуі керек?

12. Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)

Оқытушымен кері байланыс, практикалық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.



13. Үйге тапсырма беру: 5 мин (6%)

2 – сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: 2 Бөлім. Медициналық мекемелерде жұқпалы ауруларды бақылау және жұқпалы ауруларды жұқтырмау қауіпсіздігі.

2.1. Тақырыбы. Аурухана ішілік жұқпалы аурулар мәселелері (АІЖА).

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: теориялық

4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: аурухана ішілік жұқпалы ауру, жұқпалы аурулар процесін, жұқпалы ауруларды бақылау туралы түсінік.

  • тәрбиелік: аурухана ішілік жұқпалы аурулардан сақтануды үйрету.

  • дамыту: жұқпалы аурулар ауруханасында жұмыс істеу қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.

6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4, 5 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

  1. Мейірбике ісінің негіздері. Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)

- жұқпалы аурулар ауруханасының құрылымы;

- жұқпалы аурулар ауруханасының (ЖАА) бағыттар;

- ЖАА-да мейірбикелердің негізгі қызметтерінің негізгі бағыттары;

- мейірбикенің құқығы мен міндеттері;

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин (44%)

Жоспар:


  • аурухана ішілік жұқпалы аурулар процесі, жұқпалы ауруларды бақылау туралы түсініктерді;

  • АІЖА-қоздырғыштары, таралу жолдары мен механизмін, көздерін және профилактикасын;

  • АІЖА-өсу себертерін және профилактикасын;

  • жұқпалы ауруларды бақылау тобының құрамын, мақсаттарын, міндеттерін;

  • жұқпалы ауруларды бақылау бойынша негізгі нормативтік құжаттарды;

Медицина мекемелерінде кызметкерлердің денсаулығын сактау және камтамасыз ету жүйесіңде инфекцияны бақылау программасы ерекше орын алады. АІИ- дың алдын алу барысында күнделікті санитарлық гигиеналық тәртіпті дұрыс сақтау пациентті стационарға белгілі тәріппен қабылдау, киім ауыстыру, тамақты уақытымен ішу және т.б. жұмыстардың дұрыс орындалуын қадағалау керек. Қазіргі техналогияның дамыған кезеңінде эпидемиялық бақылау жүргізу алдымеи бұл инфекциялардың тіркеуге дұрыс алынуымен және олар туралы есептің дұрыс жүруімен қадағаланады. Дүние жүзілік статистика белгілері бойынша АІИ ауруханада жатқан науқастарын 3 % құрайды, ал біздін статистикаға жүгінсек бұл көрсеткіш 2 % -6% ке дейін жоғары. АІИ жиілігі интенсивті бөлімшелерде жоғары (25 %, ал хирургиялык палаталарда 33 %). Әлеуметтік бағдарламалар мен оған деген жауапкершілік дамыған қоғамда мейірбике ісі басты функциялардың бірі болып табылады. Халықаралық стандартққа сай, медбике күнделікті, тиянақты және барлық санитарлық - эпидемиология және эпидемиологияға қарсы тәртіп талаптарын, осы бұйрықтарға сәйкес кәсіби міндетін орындау қажет. ҚР ЕП¥ -дағы санитарлы эпидемиологиялық тәртіп бүйрықтарын, дезинфекция және стерилизация (приказ 476,1050, Сан Пин 8-01-013-03 және т.б.) қатаң сақтау керек.

АІИ түсініктемелерімен, құрылысы, таралу жолдары және алдын алумен студенттерді таныстыру. Тиянақты санитарлы гигиеналық және ЕПҮ-дағы санитарлық эпидемиологиялық тәртіпке қарсы орындалу талаптарын міндеттерін орындау кажет. Медбикенің жеке қауіпсіздік барьерін сақтауды үйрету. Студенттердің өзіндік іс-әрекеттерін дамыту әртүрлі манипуляцияларды тиянақты жауапкершіліктерін орындау

Медицина мекемелерінде кызметкерлердің денсаулығын сактау және қамтамасыз ету жүйесінде ннфекцияны бақылау программасы ерекше орын алады. АІИ- дын алдын алу барысында күнделікті санитарлык гигиеналык тәртіпті дұрыс сақтау пациентті стационарға белгілі тәріппен қабылдау, киім ауыстыру, тамакты уакытымен ішу және т.б. жұмыстардың дұрыс орындалуын кадағалау керек. Қазіргі техналогияның дамыған кезенінде эпидемиялық бақылау жүргізу алдымен бұл инфекциялардын тіркеуге дурыс алынуымен және олар туралы есептін дурыс жүруімен қадағаланады. Дүние жүзілік статистика белгілері бойынша АІИ ауруханада жаткан наукастарын 3 % кұрайды, ал біздін статистикаға жүгінсек бұл көрсеткіш 2 % -6% ке дейін жоғары. АІИ жиілігін интенсивті бөлімшелерде жоғары (25 %, ал хирургиялык палаталарда 33 %). Әлеуметтік бағдарламалар мен оған деген жауапкершілік дамыған коғамда мейірбике ісі басты функциялардың бірі болып табылады. Халықаралық стандартка сай, медбике күнделікті, тиянакты және барлық санитарлык - эпидемиологня және эпидемиологияға карсы тәртіп талаптарын, осы бұйрыктарға сәйкес кәсіби мІндетін орындау кажет. ҚР ЕПҰ -дағы санитарлы эпидемиологиялык тәртіп бүйрыктарын, дезинфекия және стерилизация (приказ№476, 1050, СанПин 8-01-013-03 жәнет.б.) катаңсактау керек.

Аурухана ішілік инфекция дамуының 3 түрін бөлуге болады:



Емханалык көмек алынған жүқпалы наукастар. 1979 жылы Европалық регионалды бюрода ұсынылған. Аурухана ішілік инфекция - әртүрлі клиникалық көрінісі бар инфекциялық аурулар, яғни науқас ауруханаға түскенде немесе емдеу көмегі керек наукастар.

Аурухана ішілік инфекцияның жіктелуі:



  • Ауа - тамшылы (аэрозольді)

  • Су - алиментарлы

  • Контакты - тұрмыстық

Контакты - құрал-жабдықтар (постинфекциялық, операциядан кейін, босанудан кейін, трансфузиядан кейін, эндоскопиядан кейін, плацентарлык, постгемосорбциялық)

Посправматикалык

Және де баска формалары. Аурухана ішілік инфекция құрылысы емдеу профилактикалық мекемелердін ірі көппрофильді, іріңді - септикалык инфекция бастапқы орын алады, 75-80%-ін кұрайлы. Көбінесе іріңді - септикалық инфекция хирургиялық профильдегі науқастар тіркеледі, іріңді - септикалық ннфекция негізгі пайда болу факторлары болып табылады.
Кызметкерлер арасындағы резидентті типті жұктырушылар санының өсуі, госпитальді штамдардың құрылуы, науқастарды орналастыру ережелерін дұрыс кадағаламау және дұрыс күтім жұргізбеу және т.б.

Баска да АІИ үлкеи тобы - ішекті инфекция. Олар 7-12%-ін кұрайды. Ішекті инфекцнялардын арасында сальмонолездер басым болуда. Сальмонолездер негізінен (80%-ке дейін) хирургиялык және реанимациялык бөлімшелерде әлсіреген наукас улкен операциялардан кейін немесе ауыр соматикалық патологиясы бар наукастарды тіркейді. Наукастар және сырткы орта обьектілерінен бөлінген сальмонелла штаммдары жогары антибиотик резистентілігі және сыртқы орта тұрактылығымен ерекшеленеді. ЕПҰ жағдайларындағы коздырғыштардын таралу жолдары - контакты-түрмыстық және ауа, шак болып табылады. Аурухана ішілік патологиянын ролі болып гемоконтакты вирусты гепатиттер В, С, О. Олар 6-7%-ін қүрайды. Бұндай ауруға шадшккан наукастар: үлкен көлмді хирургиялык операциялар, кан ауыстырғыш терапия, программды гемодиализ, инфекциялык терапия.

АШ пайда болу себептері обьективті жзне субьективті болып бөлінеді. Объективті ЕП¥ басшыларына тәуелді емес. Субъективті - оларды шеттеу. Объективті себептері: Аурухана және бөлімшелердін бар толуы, талаптарға жауап бермеуі Көптеген микроорганизмдердін антибиотикке тұрақтылығы Медицинад», мал шүаруашылығында, және баска да шаруашылық өнімдерде кен мөлшерде антибиотиктерді кабылдау расталынбаған Кәрі, әлсіреген науқастардың салмагынын жогарылауы

Организмнін карсылығынык төмендеуі Инвазивті манипуляциялардын Емдеу - профилактикалык мекемелердің артық болуы Ескі жабдыктар Субъективті себептер: Медицина кызметкерлерінің жеткіліксіз дайындығы Санэпидстанция кызметкерлері жағынан бакылаудын жоктығы Наукастар арасында және наукас пен қызметкерлер карым - катынас санынын жоғарылауы Медицина кызметкерлері арасындагы бактерия тасымалдаушылар диагностикаланбаған жағдайлар

Науқастардын күтімі кезіндегі инфекциялык кауіпсіздікті дұрыс кадағаламауы Қауіп - катер топтары:

Жоғары жүкпалы топка келушілер және туыскандары, хирургиялык бөлімдс ауыр халдегі наукастарды кутушілер урологиялык, реанимацнялық, гемодиализ бөлімшелерде және т.б. әсіресе үлкен жастағы адамдар мен балалар шалдығады.



Персоналдын колы аркылы жүғады: алтын стафилококк, эпидермальді стафилококк, стрептококк А, энтеракокк, эшерихиялар, клебсиелла,сальмонелла, іріцді таякша, қарапайым үшык, вирусты гепатит А. АІИ пайда болу шарттары: өте үлкен дозадағы микроорганизмдерді жұктыру наукастардың организміндегі корғаныс куштерінің төмендеуі адамның инфекцияны кабылдағыштығына әхелетін факторлар Негізгі факторлары: адамнын жасы, қоршаған ортанын колайсыз жағдайлары, организмнің иммунды корғаудын жеткіліксіздігі, көптеген емдеу - диагностикалык проиедуралар, организмнік созылмалы аурулары, АІИ коздырғыштарынын жиналуы ЕПҰ санитарлык - эпидемиологияға кдрсы тәртіптердің бүзылуынан, асептика және антнсептиканы дүрыс орындамауынан, медициналық күралдар және приборларды дұрыс дезинфекция және зарарсыздандыру ережелері бүзылғанда болып табылады. Таралу жолдары 2-ге бөлінеді: экзогенді (сыртқы коршаған ортадан инфекцияның түсуі) эндогенді (организм ішінде инфекция таралуы). Экзогенді таралужоддарыяа жатады;

Ауа - тамшылы (ластанған ауа аркылы инфекпия организмге енуі).



Контакты (медициналык манипуляцияларды стермльді емес кұралдармен орындағанда, тану материалдары, хирургиялык киімдер, сондан-ак медперсоналдын кір колдары арқылы жүғады)

Имплантациялық (стерильді емес синтетикалык протездер, тігу материалдары, дренаждар және т.б.)

Трансмисснвті (насекомдар арқылы) Алиментарлы (сапасыз тагамдарды колдану жолдары) Эндогенді таралу жолы - гематогенді - кан ағысы, лимфогенді - лимфа ағысы.
Ауруханадағы АІИ таралуын және пайда боуына кедергі келтіретін шаралар. 3 бағытга болу керек: инфекция көзі, таралу механизмі, организм сезімталдығы. Ауруханаға наукас түспей түрып дәрігер паспорт бөлімі және диагнозынан баска наукас кандай аурулармен ауырганын, және жүқпалы аурулармен катынаста болды ма, жоқпа, соны аЙкындау керек. Ауруханада бірінші эпидемиологияға карсы тосқауыл кабылдау бөлімі. Әрбір науқаска ауруханаға түскев ауруханалык наукас картасы толтырылады (003 у), бұл емдеу мекемесінін негізгі күжаты болып табылады. Бүл инфекцияны бөлімшеге әкелмес үшін наукас тускеннен кейін барлык сактану шараларын қолдану керек. Оларға кіретіндер: науқастын индивидуальді қабылдануы, нақты қарау, дер кезінде жұкпалы ауруды аныктау.Жүкпалы аурулар (внрусты гепатит, тамақ улануы, дизентерия және т.б.) табылғаннан кейін немесе күдіктенгенде науқасты жекешелендіріп, бокс немесе изоляторға жатқызады. Алыкталғам науқаска шұғыл хабарландыру ф 058у толтырылады, мәліметтері журналға тіркеледі. Қабылдау бөлімінде наукастарды педикулез және котырға қарау өткізіледі, наукас пайдаланған затгар және жайларды дезинфекциялайды.

Әрбір табылған педикулезді СЭС-ка хабарлайды.Ауруханаға таралған инфекциянын алдын алу мақсатында медицина кызметкерлеріее өткізіледі:

Қарау және жададан жүмысқа тұратындарға лабораториялык тексерулер.

Бөлімшеге кіретін кезде жұмыс киімдерін ауыстыру

Санитарлык минимум нормаларын кайталап еткізу, медбикелерді буйрыктар және нормативті кұжаттармен таныстыру.

Барлык медицина кызметкерлері медициналык каралудан және лабораторлы бакылаудан өткізіледі. Флюрография және тері - венерологиялык диспансердін мамандарынан тексеріліп турады. Алдын алу максатында инфекциянын тамак аркылы таралуына баЙланысты ас блоктарында курылысына сай талаптар қатаң сақталады.



Дезинфекция - АІИ алдын алудын өте маңызды бағыттарынын бірі болып саналады. Медицина кьізметкерлерінІң бұл жұмысы күрделі. Ол аурухана палаталарындағы функционалды бөлімшелердегі, медициналык кұрал-жабдыкгардағы патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді бағытталған. Залалсыздандыру жұмыстарын ұйымдастыру және оны жүзеге асыру, медбике мек кіші медицина қызметкерлерінң күрделі кұнделікті орындалатын міндеггерінін бірі. Бұл шара АІИ алдын алуда ерекше орын алады, өйткені дезинфекция ауруханадағы аурудың бірден бір себебі. Тағы бір мән беретін жай - антибиотиктерге резистентті АІИ коздырғыштарының госпнтальдық штаммдары сырткы орта факторларынын, онын ішінде дезинфектанттар әсеріне тұракты. Мысалы, аурухана ішілік сальмонеллез - 8а1т, іурһітигіит - күнделікгі залалсыздандыруға колданылатын кұрамында хлоры бар дезинфектанттардың әдеттегі концентрацияларына сезімталдылыктары жоқ. Олар хлораминнін 3% ерітіндісіне немесе сутегінін аскын тотығынын 5% ерітіндісіне - 30 минутта өледі. Медбикенін бұл ғылыми фактілерІнің білмеуі және концентрациясы төмеи ерітіділерді колдануы, ауруханада сырткы әсерлерге өте жоғары дәрежедегі тұракты госпитальді штаммдардын пайда болуына алып келеді.

Жоғарыда аталған мысалдар, ауруханада профилактикалык және ошакты (кұнделікті және корытынды) залалсыздандыруды жүргізу тәсілдерінде және тактикасында көп айырмашылықтар бар екендігін көрсетеді. Дезянфекция - күнделікті жні колданылатын, эпидемиологиялык кауіп тудыратын заттар мен қүрал-жабдыктарға жасалады. Сондыктан, концентрациясы жоғары ерітінділермен саштарлы бөлмелер, ыдыстар, жұкпалы наукастын жеке кнімдері мен төсектері өнделеді.

Эпидемияға карсы тәртіп және дезинфекция ережелерін сактау медицина кызметкерлері денсаулығын сактау және АІИ ауруларын жою екендігін білу кажет. Бұл ереже барлык медицина кызметкерлеріне, әсіресе операциялык, тану, егу бөлмелерінде, зертханада жүмыс істейтіи медицина қызметкерлеріне катысты, өйткені, олар АІИ тудыратын жоғары қауіптІ жұкпалы биологиялык материалдармен жүмыс істейді. Бөлімше жәяе функционалды бөлімшелерде медицина кызметкерлері тәртіпті катаң сақтау керек, яғни жеке сактану, техика кауіпсіздігінің ережелерін сактау керек, резенке қолғаптарды, колданылған заттарды, бір колданылатын кұралдарды міндетгі турде дезинфекциялау кажет. АИТВ инфекциясын, вирусты гепатит В, С және де баска аурухана ішілік инфекдияларды алдын алу үшін барлык колданылған затгарды, кұрал-жабдықтарды зарарсыздандыруға дейінгі өндеуден өткізіп, кейін зарарсыздандырады.

Медицинада қолданылатын заттарды зарарсыздандырута дейінгі өңдеу клиника-диагностикалық бөлімдерде жүргізіледі. Ол дезинфекииядан және зарасыздандыруга дейінгі тазалаудан түрады.

Кұрал-жабдыкгарды, резенке қолғаптарды, лабораториялык ыдыстарды химиялык тәсілмен залалсыздандыру - 60 минуткд хлороминнің 3% ерітіндісіне және 90 минуткд сутегінін аскын тотығынын 4% ерггіндісіне салвп қою аркылы жүзеге асады.

Зарарсыздашшруға дейінгі тазалау бірнеше кезецдерден тұрады. Құрал-жабдыктарды дезинфекциялап болған соц, ЗОс ағынды су астында дезерітіндісінін исі кеткенше жуады. Содан соң, әрбір затты макта-марлі тампонмен жуу затты бар ерітінаіде жуады. Жуылғаи заттарды ағынды су астында 3-10 мин шайқайды, кейін дистилдеяген сумен 30-40 мин шайкайды. Жуылған медишналык күрал-жабдыктар 85°С ыстык ауамен күрғаткыш шкафта толық кұрғатылады. Заттардын тазалык сапасы бензив, амидопирин сынактар аркылы аныкталады. Бакылауға бір уакытта өңделген кұрал-жабдыктардын 1% алынады.

Техникалык мүмкіндік және материал сипатына карай зарарсыздандыру бу, ауа, химиялык тәсілдер аркылы жүргізіледі. Ауруханада орталыктандырылған зарарсыздандыру бөлмесі жок болса, бөлімшелерде зарарсыздандыру күрғак ыстык шкафтарда келесі тәртіпте жүргізіледі:

1-ші тәртіп бойынша камерада - 180°С - уакыты бОмин



2-ші тәртіп бойынша камерада - 160°С - уакыты 150мин

емдеу алдын алу мекемесіндегі АІИ алдын алуда медбикеиін жүмысы ерекше. Ол негізгі ұйымдастырушы, жауапты бакылаушы.

Медбике жеке басынын корғаныс тосқауылдары

Аурухана кызметкерлерінде ауыстыратын жеке жүмыс киімдері: халаттары, калпақтары, ауыстыратын аяқ-киім болуы керек. Олар жеке шкафтарда сакталады. Сонымен катар, оларда ластанған кезде шүғыл ауыстыратын санитарлық киімдер болуы керек. Медбикелер әрбір наукасты караудан немесе процедуралардан алдын, сонымен катар бөлмелерді тазалағаннан кеЙін, төсектерді ауыстырғаннан, даретханадан кейін колдарын 2 кайтара сабынмен )і<уу.

Қорғаныс киімін колдану ережесі,

Халаттар, алжапкыштар - инфекциянын бөлінуін алдын алатын күтім үшін қолланылады. Наукастын төсегін, киімдерін ауыстырғаннан кейін халат, алжапқыштарын ауыстырып тұру керек.

Резенкеколгаптар-таза және зарарсыздандырылгандары колданылады.

Оларды киеді:

Қандай да болмасын биологиялық сүйыктыкпен катынаста болса;

Наукастын, медициналык қызметкерлердін терісі зақымданганда;

Қан немесе басқа биологиялык сұйықтықтар мен ластанган медициңалык заттар,
материалдармен жұмыс істеген кезде.

Маскалар- ауа тамшы жолмен берілетін микроорганизмдерден минимальды түрде Корғайды. Төрт кабатты марля маскалары колданылады. Оларды бетке тығыз койып немесе, олар коргау кызметін жояды. Масканы 2саг көп кимеу керек.

Аяк киім және медициналык тапочка - инфекциялардан корғамайды.

Корганыс көзілдірігі жәяе шят - көзге, мүрынға, ауызға каннын және баска да биологиялык сұйыктардын тусуінен қорғайды.

Медбике корғаныс киімдерін колдана отырып, қасындағы заттарды, қолын, киімдерін ластамайтындай етіп дүрыс шеше білуі керек..

11. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин (22%)

Оқушылардың білім деңгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



ТЕСТТЕР:

1. Аурухана ішілік инфекциянык курылымы қандай?



  1. Вирусты гепатит, ВИЧ-инфекция

  2. Жедел респираторлы ауру, туберкулез, дифтерия

  3. Гастриттер

  4. Ірінді-септикалык инфекциялар

  5. Миокардитгер, перикардиттер

  6. Ішек инфекцнялары

Жауаптардың дұрыс комбинациясын аныктаңдар:

А) 1,3,4,5

Б) 1,2,4,6

В) 2,4,5,6

Г) 1,2,3,4

Д) барлык жауаптары дүрыс


2.Наукастардын емдеу мекемелерінде немесе медицина кызметкерлерінін наукастарға

көмек көрсету кезінде жұктырған инфекциялык аурулар

инфекциялар деп аталады



3. Аурухана ішілік инфекциянын кұрылымыидағы кандай инфекциялар манызды орын алады?

  1. Вирусты гепатиттер, ВИЧ-инфекция

  2. Жедел респираторлы ауру, туберкулез, дифтерия

  3. Ішек инфекцнялары

  4. Іріңді - септикалық инфекциялар

4. Аурухана ішілік инфекциялар коздырғыштарының таралуы калай болады?

  1. Жұғудың ауа - тамшы жолымен

  2. Жұгудын карым - катыиас жолымен
    Сәйкестікті табыңдар:

а) зарарсыздандырылмаған (стерильденбеген) тану материалын колданғанда;

б) инфекция көзі болып табылатын науқастын түшкіруі;

в) лас кол аркылы;

г) көктамырға егу кезінде асептика және антисептика ережелерінің бұзылуы кезінде;

д) ннфекция көзі болатын наукастын жөтелуі кезінде;

е) бір рет колданылатын шприцті кайта колданганда;

ж) операциялық және тану бөлмелерінде масканы кимегенде:

5. Аурухана бөлімшесінде АІИ пайда болған кездегі шаралардын тәртібі қандай?

  1. СЭС-ға АІИ пайда болган жөнінде хабарлау

  2. инфекция көзін оқшаулау және инфекцияның берілу жолдарын жою

  3. инфекция көзін анықтау

  4. СЭС-тін дәрігер - эпидемиологтын толык эпидемиологиялык тексеруі

б.Инфекциянын берілу жолдарын жою мақсатында АІИ кандай алдын алу әдісі колданылады және қандай берілу жолдарыкда:

  1. инфекцня таралуынын ауа - тамшы жолында

  2. инфекция таралуынын карым - катынас жолында
    Сәйкестіктерді табындар:

а) құралдарды, тану материалын зарарсыздандыру

б) палаталарды кварцтау

в) жедел респираторлы аурумен ауырған наукасты аныктау және окшаулау

г) маска кию

д) мед.кызметкердін колын өндеу

е) сыртқы ортаның әртүрлі объектілері өндеу үшін дезинфекция тәсілдерін колдану

7.АІИ көзін аныктау кезінде медбике кандай форманы толтырады?



  1. ООЗу

  2. ООІу

  3. 058у

  4. 004у

8.Адамнын инфекцияга сезімталдылығына әсер етпейтін факторды атаныз;

  1. адамның жасы

  2. жагымсыз тамақтар

  3. ағзаның иммунды корғанысынын жеткіліксіздігі

  4. ағзанын созылмалы аурулары

  1. асептика және антисептика ережелерін орындамау
    9.Адам ағзасындағы АІИ көп шоғырланатын жерлері:

  1. тері және жүмсак тіндер, зәр шығару жолдары, ауыз, мүрын, жүткыншақ, ішек
    қуыстары

  1. буындар және бүлшык еттер, бас миі

  2. паренхиматозды мүшелер және сүйектер

  3. тамырлар, нервтер, сікірлер, байламалар

  4. жүрек, күрсак және плевра қуыстары

Ситуаииялык есептер:

  1. Наукас хирургия бөлімшесіндегі 6 адамдык палатада гриппен ауырды. Медбикенің тактикасы.

  2. Қабылдау бөліміне себебі белгісіз кызба және іш өтумен наукас түсті. Мүндай наукасты гастраэнтерологиялық бөлімшеге жатқызуға болады ма?

  3. Хирургтін кол ұшынын сырткы жағында кішкене жара бар. Хирургты колын жаксылап өңдегеннен кейін операцияға кіргізуғе болады ма?

  4. Операциялық бөлмеде істейтін медбикенің санитарлык кітапшасында жұмысқа жіберілмеген белгі бар. Оны операцияға жіберуге болады ма?

  5. Медбике внрусты гепатит В-мен ауыратын науқасқа егу кезінде колына ине шаншып алды. Мүндай жағдайда не істеу керек?

Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет