Өңдеу Мамандығы: 0304000 – «Стоматология» Курсы: 2 Семестрі: 3 шымкент 2010 ж


Материалды – техникалық жабдықталуы



бет5/7
Дата08.07.2017
өлшемі1,5 Mb.
#20814
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4, 5 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

  1. Мейірбике ісінің негіздері. Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)

  • Шприцтер мен инелердің түрлері, жұмыс істеу

  • Ережелері

  • Инъекция өткізу кезіндегі асептика және

  • Антисептика ережелері

  • Инъекциядан кейінгі асқынулар

  • Қолданылған құралдарды тазарту

  • Медбикенің жеке қауіпсіздік барьерлерін

  • шприцтерді , инелерді қолдана білу

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин (44%)

Жоспар:


  • Медбикеллік ауру тарихын толтыру

  • Медбикелік күтімді ұщйымдастыру және орындау

  • Медбикелік диагноз қою

  • Медбикелік күтім күнделігін толтыру

  • Картаны толтыру

  • Медбикелік ісін анықтау

  • Медбикелік ісі модельдері

  • Антропометрия

  • Этика және деонтолгия ерекшеліктері

  • «медбикелік процесс» түсініктемесмі

  • Медбикелік процесстің бес кезеңі

  • «М едбикелік диагноз» түсініктемесмі

  • Медбикелік ауру тарихэы түсініктемесі

Медбикелік процесс түсініктемесі 50 жылдар ортасында АҚШ та кең таралды.Америка және Европа қазір заман медбикелік ісі моделінің ең негізгі түсініктерінің бірі – медбикелік процесс.

Медбикелік процесс – бұл медбике практикасында қолданылатын ілімге қаратылған әдіс болып, денсаулықты сақтау практикасында медбике орнының жаңа түсінігін береді, және одан тек қана техникалық жағынан жақсы дайындықты қана емес сонымен қатар науқас күтіміне өнерпаздықпен жандасу науқасқа жеке бір адам есебінде қарым-қатынаста болуды талап етеді.

Медбикелік процесс: Біріншіден, науқастың күтіміге болған мұқтаждықтарын, екіншіден, ол науқастың негізгі мәселелері және оның нәтижелері, үшіншіден, науқастың мәселелерін толықтыруға қаратылған күтім жоспарын анықтайды. Төртіншіден медбикелік ісінің жетістіктерін кәсіби нәтижелерін анықтайды. Ең бастысы, медбикелік процесс көмек көрсетудің сапасын бақылауға кепілдік береді.

Медбикелік процесстің жақсы жақтары:



  • Медбике күтіміне тізімді және жеке қарау науқаспен оның отбасының күтімін жоспарлау және қамтамасыз етуде актив қатысуды талап етеді

  • Науқастың басты мәселелерімен, мұқтаждықтарын қамтамасыз етуде бағытталған уақыт және заттардан кеңінен қолданылады.

  • Медбикенің көмегімен білімі сапасына кепілдік береді.

  • Медбикенің медициналық қызметке қаратылған білімі жауапкершілігі мен сенімділік дәрежесі анықталады.

  • Медициналық қызмет көрсетудің қауіпсізлігін қамтамасыз етуді.

Америкалық психофизиолог А. Маслоу 14 негізгі қажеттілікті бөлді:

  1. Тыныс алу

  2. Тамақ жеу

  3. Су ішу

  4. Бөлу

  5. Ұйықтау, демалу

  6. Таза болып жүру

  7. Киіну, шешіну

  8. Қалыпты температураны сақтау

  9. Дені сау болу

  10. Қауіптен сақтану

  11. Қозғалыс

  12. Қарым қатынас

  13. Табысқа жету

  14. Жұмыс істеу, оқу, ойнау

Медбикелік процесстің кезеңдері:

Науқасты тексеру, жағдайына баға беру медбикенің көмек жоспарын түзу, жоспарды іс-жүзіне асыру, және өзгерістерді енгізіп нәтижелерді бағалау.

Тексеру мақсады- науқастың көмек сұрап келген кездегі денсаулығы турасында, бір-бірімен байланыстыра отырып ақпарат жинау. Тексеру субьектив және обьектив болады.

Ақпарат беруші науқастың өзі болып, ол өзінің денсаулығы турасында айтуы – субьектив ақпарат. Ақпарат берушілер – науқастың отбасы, жұмысы жағынан, достары,кейдесоқ жолаушы болуы мүмкін. Олар, егерде науқас жас бала есі ауысқан немесе есінен таңған жағдайда болса ақпарат береді. Обьективті ақпаратқа медбике жүргізген тексеру нәтижелері кіреді: (социальді жағдайы, науқас жасайтын жеке жұмыс істейтін ортадағы өзара қарым-қатынастары), мәдени жағдайы (дінді), рухани жағдайы (мінезі, жеке өзіне ғана баға беру), физикалық тексеру нәтижелерін анықтау болып табылады. Ақпарат жинау кезінде медбике науқаспен «емдеу» қарым-қатынастарын орнатады:



  • науқас және оның туыстары емдеу мекемелерінен нені күтетіндігін анықтайды.

  • Науқасты емдеу кезеңдерімен таныстыру:

  • Науқасты өз жағдайына дұрыс баға беруге үйрету:

  • Қосымша зерттеуді талап ететін ақпаратты жинайды(жұқпалы аурумен түрлі аурулармен ауруы, операциялар)

  • «науқас-отбасы», науқас және отбасының ауруға қарым-қатынасын анықтайды.

Медбикелік процесстің I-кезеңі нәтижесі бұл медбикенің науқас турасында жинаған ақпаратын оның ауру тарихына жазылуы. Медбикелік ауру тарихы юридик баяндама, яғни медбикенің тәуелсіз кәсіби құжаты. Медбикелік ауру тарихының мақсаты медбикенің іс-әрекетін бақылау, дәрігер бұйрығын және өзі түзген күтім жоспарын іске асыру, медбикелік ісі сапасын және медбикелік тәжірибесін талдау.

Медбике тексеру нәтижелерін талдау бастағанда медбикелік процесстің II-ші кезеңі, науқас мәселелерін анықтап, медбикелік диагнозды қоюға өтеді.

Бұл кезеңнің мақсаты біріншіден, науқас организмінің, пайда болған мәселелерге жауап реакциясын анықтау болып табылады.

Екіншіден, осы мәселелердің келіп шығуына себепші болған факторларды анықтау керек . Үшіншіден, науқастың осы мәселелерін алдын алу немесе шешуге мүмкін болған күшті жақтарын анықтау. Науқастың денсаулығымен байланысты болған мәселелер бірнешеу болуы мүмкін және медбике олардың арасынан ең негізгісін анықтауы қажет. Қажеттілігі бойынша мәселелер біріншілік, аралық және екіншілік болуы мүмкін. Емделмесе, ауыр асқынуларды келтіріп шығаратын мәселелер біріншілік, аралық мәселелер науқастың өміріне қауіп төндірмейтін қажеттілік. Екіншілік болса, науқастың ауруына ешқандай қатынасы жоқ мәселер. Екінші кезеңнің міндеті медбикелік диагнозды қою болып табылады.

Медбике тексеру, диагноз қою және науқастың біріншілік мәселелерін анықтаған соң, күту мақсады, күзетілген нәтижелер мен оның мезгілін белгілеп, медбикелік процесстің III-ші кезеңіне, медбикелік көмекті жоспарлауға өтеді.

Күтім жоспары медбикелік ісін жүзеге асырады, оның іс –шараларын және басқа мамандармен байланыстырады. Күтімнің жазба жоспары жетілдірілмеген күтім қауіпін азайтады. Бұл медбикелік көмегінің сапасын анықтайтын юридик құжат болып, медбике күтімін қамтамасыз етуге қажетті материалдар мен жабдықтар үшін жұмсалған шығындарды анықтайтын құжат болып саналады. Жоспарланған күтім науқас пен оның отбасы қатысуының қажеттілігін есте сақтай отырып және одан күтілетін нәтижелер. Күтім төмендегі талаптарға жауап беруі керек: мақсатқа және міндеттерге жете алатын, әрбір міндетті атқару үшін оның жоспар белгіленуі керек. Мақсатты анықтау, оларды амалға асыруда науқас,оның отбасы мүшелері және басқа мамандар қатысады. Әрбір мақсад және күтілетін нәтижені бағалау үшін уақыт бөлінеді. Мақсадтар қысқа және ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Қысқа мерзімді мақсадттар бұл қысқа уақыт ішінде, 1-2 аптада амалға асырылады. Ол аурудың жедел кезеңінде анықталады және жедел медбикелік күтімі жоспарға мұқтаж болады. Ұзақ мерзімді мақсаттар екі аптадан көп уақыт ішінде амалға асырылады. Ол аурудың қайталануын, асқынулардың алдын алуды, денсаулықты тіркеу және социальді үйренуге қаратылған болады. Бұл мақсадттарды амалға асыру көбіне науқастың ауруханадан шығу уақытына тура келеді.

Мақсадтарды анықтау және амалға асыруда әрекет, уақыт және жағдайын есепке алу мүмкін.

Медбике күтім мақсаты және міндеттерін анықтаған соң, науқас күтімі бойынша жазбаша нұсқау түзеді. Науқастың күтім жоспары медбике амалға асыратын міндеттерін өз ішіне алып, ауру тарихына жазылады.

Медбикелік процессіне қорытынды жасап медбике төмендегі сұрақтарға жауап береді:

― күтудің мақсаты неде?

― мен күтетін науқас науқас санасында кім?

Науқастың айналасындағылар, олардың науқасқа қатнасы, жәрдем беру шаралары, медицинаға, науқасқа, емдеу мекемелеріне қатынасы қандай?

― мақсат және міндеттерді амалға асырудағы әдістер қандай?

Медбике жоспар түзген соң ,оны амалға асыруға кіріседі. Бұл медбикелік процесстің төртінші кезеңі- медбикенің іс- әрекеттерінің жоспарын амалға асыру болып табылады. Оның мақсаты, науқасты күту, қадағалау үйрету, кеңес беру.



Медбикелік диагноз

  • Бұл медбикенің қатысуын талап ететін, медбикенің қорытынды тексеруінен кейінгі науқастың жағдайы.

Мысалы: ойық жараның пайда болуы, ішектің пункциясының бұзылуы: іш қатуы.Қазіргі кезде Қазахстанда бекітілген медбикелік диагноз жоқ. Науқасқа медбикелік ауру тарихын толтыру.

  1. Тексеру кезінде анық бөлу: субъективті, объективті

  2. Науқастың мәселесін шешуге анықтап алу: физикалық (ауру, жөтел,) психосоматикалық (өлімнен қорқу), социальді, эмоциональді

  3. Күтімді жоспарлауда негізгі, қосымша, потенциальді мәселелерді анықтау

  4. орындауда тәуелсіз өз бетінше мәселелерін шешуді бөлу

  5. нәтижені бағалауда мақсатын көрсету

  6. Аталған тізімнен негізгі адам қажеттілігінен науқас мәселелерін бөлінеді

  1. қалыпты тыныс алу

  2. тамақтану , сұйықтық ішу

  3. физиологиялық бөлінулер

  4. қозғалыс

  5. ұйқы

  6. киіну, шешіну әрекеті, жеке басының гигиенасы

  7. дененің қалыпты температурасын ұстау

  8. қоршаған орта қауіпсізддігін ұстау

  9. қарым қатынас

  10. еңбек және демалыс

Қойылған мақсатты атқару

Тәуелсіз медбикенің іс - әрекеті дәрігерді немесе басқада мамандардың талабынсыз, өзінің пікіріне орай іске асырылады. Мысалы: науқас өз-өзіне қызмет істеуге үйрету, оның денсаулығы бойынша, кеңестер беру, тб. Тәуелсіз медбикенің іс-әрекеті дәрігердің жазба бұйрығы және оның бақылауы бойынша жүзеге асырылады. Бұл жерде медбике атқарушы ролінде болып, атқаратын жұмысы бойынша жауапкер болып саналады. Мәселен: науқасты диагноз, зерттеуге дайындау, инъекция жасау т.б. Қазіргі заман талаптарына сәйкес медбике дәрігердің бұйрықтарын ғана орындамастан, яғни медициналық көмекті науқасқа процедураның қажет, қажет еместігі, дәрінің мөлшері дұрыс белгіленгені осы процедураға кері көрсетілімдер бар-жоқтығын анықтай алу керек. Керекті процедураны дұрыс немесе дұрыс жасамаған медбике осы процедураны белгілеген мен жауапкер болып саналады.Өзара байланыста болған іс-әрекет медбикенің дәрігер және басқада мамандар (физиотерапевт, ЛФК медбикесі) мен бірге істеген жұмысын білдіреді. Медбике бірнеше әдістерді: күнделікті өмірлік мұқтаждықтармен байланысты көмек, терапиялық және хирургиялық мақсадтарға жету, күтуді қолдану бойынша белгіленген жоспарды амалға асыру.Науқастың көмекке болған мұқтаждығын уақытша, әрдайым және реаблитационды тіркеу болуы мүмкін. Уақытша күту қысқа уақытқа белгіленеді. Өз-өзіне қызмет ете алмайтын науқасқа жәрдем әрдайым болады, мысалы: қол немесе аяқ, омыртқаның жарақаттануы т.б. Тіктелетін көмек ұзақ мерзімді процесс болып, оған мысал: демалу гимнастикасы,ЛФК мысал болады. Науқастың күтімі бойынша жүргізілген іс-шараларды амалға асыру әдістері арасында медбикенің науқасқа берген кеңесі үлкен орын алады. Кеңес-интеллектуалды, рухани көмек.

Медбикенік процесстің 4-ші кезеңі 2 стратегиялық жолмен жүзеге асырылады.

― науқастың күтімін бақылауын оның ауру тарихына белгілеуі

― науқасқа медбике диагнозды қойған соң, медбикелік күту жоспарын түзу, ондағы өзгерген жағдайларды күтіп, бақылау және ауру тарихына тіркеу. Бұл кезеңде науқастағы өзгерістерді қадағалап, жоспарға өзгеріс енгізеді. Процесстің соңғы кезеңі – медбикелік процесстің жетістіктерін бағалау оның мақсаты медбике күтіміне науқастағы өзгерістерді , көрсетілген жәрдем саласы, алынған нәтижелерді бағалау және қорытындылау. Күтудің сапасы мен жетістіктерін бағалау үлкен медбикенің жағынан жүзеге асырылады, медбикенің өзі жағынан болса әрбір кезеңнің басы және соңы өзін - өзі бақылау сапасында жүргізіледі. Бұл кезеңде науқастың медбике жүргізген іс-шаралар турасындағы пікірі үлкен маңызға ие. Барлық медбикелік процессті бағалау науқас ауруханадан емделіп шыққанда, басқа емдеу мекемесіне жіберілгенде, жүргізіледі. Қажет болғанда медбике іс-әрекетінің жоспары қайта көрілуі, тоқтатылуы, немесе өзгерістер енгізіледі. Мақсадқа жетпесе, бағалау оларға жетісуге кедергі жасайтын жағдайларды анықтауға көмектеседі. Егер медбикелік процесс нәтижесі жақсы болмаса, қателікті табу және медбикенің араласу жоспарын өзгерту үшін ол қайта бастау керек. Сонымен, медбикенің нәтижелеріне баға беру және оның кәсіби практикасындағы күшті, жақтарын анықтауға көмектеседі.

11. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин (22%)

Оқушылардың білім деңгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



ТЕСТТЕР:

1. Медбикелік процесс түсінігі қашан және қай жерде пайда болған ?

а) 90 жылдың соңында Канадада

б) 70 жылда Великобританияда

в) 50 жылдың орталарында АҚШ та

г) 2000 жылы Россияда



  1. Медбикелік ісі модельдері ерекшелінеді

а) этика және деонтологияда

б) медбике ісі философиясында

в) кәсіби сапалықта

г) қарыз бен жауапкершілік сезімінде



  1. Медбикелік ісі көрсетеді

а) дәрігер нұсқауын орындау

б) инъекцияны орындау

в) медбикелік құжаттарды толтыру

г) қоршаған орта жағдайындағы мәселелерді шешу



  1. Медбикелік процесс- бұл

а) медбикелік практиканың ғылыми әдісі

б) дәрілік препараттарды тарату

в) медбикелік ісін үйрету

г) ситуация жағдайларды анықтау



  1. Маслоу бойынша адам қажеттілігін неше сатыға бөлінген

а) 5

б) 10


в) 14

г) 20


6. Медбикелік процесстің мақсаты бұл

а) науқасты толығымен емдеу

б) дәрігер нұсқауын қатаң орындау

в) науқасты қадағалау және күту



  1. Сәйкестікті табу

  1. 1 кезең а) жоспарлау

  2. 2 кезең б) диагноз қою

  3. 3 кезең в) медбикелік жоспарды реализация жасау

  4. 4 кезең г) науқасты тексеру

  5. 5 кезең д) медбикелік қатысуларға баға беру

  1. Медбикеллік процессті реализациялау- бұл

а) күтім жоспарын орындау

б) медбике қызметінің координациясы

в) күтімді жүргізу

г) барлығы дұрыс



СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР:

1. Науқасты тексеру кезінде субъективті тексеруді объективті тексеруден қалай

ажыратасыз? Айырмашылығын атаңыз.


  1. Науқасқа медбикелік диагноз қою кезінде қандай мәселерді анықтау керек ?

  2. Күтуді жоспарлауда медбикелік процесске қол жеткізу үшін қандай мәселелерді анықтау керек ?

  3. Науқастың күтімінде мақсатқа жету үшін, науқастың мәселелерін шешу үшін көмекке кімді шақырасыз.

12. Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%) оқытушымен кері байланыс, практикалық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.

13. Үйге тапсырма беру: 5 мин (6%)

7 – сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: 10 Бөлім. Аспаптық әдістермен зерттеуге науқастарды дайындау.

10.1. Тақырыбы. Рентгенологиялық, эндоскопиялық, ультрадыбыстық зерттеу әдістері.

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: теориялық

4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: рентгенологиялық, эндоскопиялық, ультрадыбыстық зерттеу әдістеріне науқастарды дайындау, олардың түрлері.

  • тәрбиелік: аспаптармен жұмыс істеу нормаларына тәрбиелеу.

  • дамыту: аспаптармен (рентгенологиялық, эндоскопиялық, ультрадыбысты) жұмыс істеуді дамыту.

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.

6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4, 5 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

  1. Мейірбике ісінің негіздері. Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)

  • Медбикеллік ауру тарихын толтыру

  • Медбикелік күтімді ұщйымдастыру және орындау

  • Медбикелік диагноз қою

  • Медбикелік күтім күнделігін толтыру

  • Картаны толтыру

  • Медбикелік ісін анықтау

  • Медбикелік ісі модельдері

  • Антропометрия

  • Этика және деонтолгия ерекшеліктері

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин (44%)

Жоспар:


- бүйрек және асқазан-ішек жолын рентгенологиялық тексеруге науқасты дайындау.

- тексеруді өткізуге көрсеткіш және кері көрсеткіш.

- процедураны өткізу кезінде жеке қауіпсіздік техникасын сақтау.

- зерттеуді өткізу кезінде медбикенің қатысуы.

-рентгенді сәуле туралы түсінік.

-рентген сәулелерінің қасиеті.

-организмге және тканьдерге рентген сәулелерінөткізу.

-рентгеноконтрастты зат.

- рентгенологиялық тексеру әдістері.

- тексеруді өткізуге көрсеткіш және кері көрсеткіш.

-рентгеноконтрастты заттарды қолдана отырып обзорлы рентгеноскопия және рентгенография.

-рентгенологиялық тексеруге дайындау ережесі.

-холецистография, урография және ирригография; асқазан және ішекті зерттеу.

- бүйрек және асқазан-ішек жолын инструментальді тексеру әдістері

- процедураны өткізу кезінде жеке қауіпсіздік техникасын сақтау.

-әр түрлі зерттеу әдістерінен кейін науқасты күтіп және қадағалау.



Рентген сәулесінің қасиеттері.

1. Бір бағытта тарайды.

2. Рентген сәулесі ауаның молекулаларын электрондарын жұлып алып, оң және теріс ұйықты иондарға бөледі де, ауаның электр мірін өткізгіштік қасиетін арттырады. Бұл құбылысты ауаның иондалуы дейді,ал сәулені иондатқышсәуле деп атайды.

3. Рентген сәулесі өтімтал. Ол күн сәулесі өтпейтін заттардан өте береді.

4.Рентген сәулесінің өтімдалдығы бірнеше жағдайға байланысты.

Ең бірінші сәуленің күш қуатына байланысты. Рентген түтігіндегі мір кернеуі неғұрлым үлкен болған сайын, қысқа толқынды сәулелер көп, яғни олар өтімтал болады. Түтіктегі мір кернеуі азайған сайын, ұзын толқынды сәулелер көп болады, олардың өтімталдығы төмен.

Екіншіден, заттың тығыздығына қарайды. Қалыңдығы бірдей кітап пен тақтайдан рентген сәулесінің өтуі әрқалай. Тақтай кітаптан гөрі тығыз, рентген сәулесі көбірік ұстайды.

Үшіншіден, заттың қалыңдығына байланысты. Қалың заттар рентген сәулесін көбірек ұстап, оның өтімталдығын төмендетеді.

Төртіншіден,заттың атомдық салмақтарына байланысты.Атомдық салмақтары өскен сайын, рентген сәулесінің өтімталдығы төмендейді. Мысалы:мыстың, қорғасынның атомдық салмақтары өте жоғары болғандықтан, олар рентген сәулесін өткізбейді. Ал оттегі, азот жеңіл заттар, рентген сәулесіне кедергі бола алмайды.

5.Көзге көрінбейді.

6.Иісі, дәмі жоқ.

7.Пленканың жарық сезгіш бетін қарайтады.

8.Иондатқыш қасиеті арқылы ағзаға биологиялық әсер береді.

Кеуде, кеудедегі мүшелер, құрсақ, құрсақтағы мүшелер атомдық құрамына, қалыңдығына, тығыздығына байланысты рентген суреттерінде әр түрлі қоюлықтағы көлеңкелер береді.

Рентген сәулесінің өз жұмыстарында пайдаланатын мекемелер, өндіріс орындары өте көп. Ең бірінші болып дәрігерлік салада қолданылады. Сәуле дерт түрін анықтауда, оларды емдеуде өте кеңінен пайдаланылады. Рентген сәулесі арқылы заттардың құрамын, кеңістіктегі молекулалардың, атомдардың өзара орналасу бағыттарын зерттеп, оларды өзгерте алады. Химиктер каучуктың, резеңкенің тағы да басқа күрделі заттардың құрамын зерттеп, өте маңызды мәліметтер алды.

Рентген аспабының бөлмесі, құрамы. Рентген сәулесінен қорғану жолдары.

Кәзіргі уақытта емханалар рентген құралымен жақсы жабдықталған, сондықтан емделіп жтқан сырқат адамдарды рентген тәсілімен түгел тексеруге жағдай бар. Тексеру екі бағытта жүргізілуі тиіс. Біріншісі – дерттің алдын алу. Екіншіден емделуге келген сырқат адамның дерт түрін, оның кезеңін дұрыс анықтап, емді мезгілінде қолдану. Іріленген емханалардың әр қабатында мамандандырылған рентген бөлімшелері болады. Ол бөлімшелер арнайы құралдармен жабдықталған. Мысалы: жүрек дерттерін емдейтін бөлімшелерді рентгенокимограф, электрорентгенокимограф, рентгенокинематография тәсілін жүргізетін құралдар болады. Ауруды жатқан жерінде суретке түсіретін қосымша тасымалды рентген құралы болуы керек.

СНиП (Строительные нормы и правила) талаптары бойынша (2.08.1989ж.) емханаларды жобаланған рентген құралы тұратын бөлмелердің құрамы, олардың аумағы мен көлемі шамамен төменгі мөлшерде болуы керек. Бұл ереже 19.09.1989ж. Гипронииздравпен бекітілген.

1.Ем-дом жасайтын бөлме.

2.Басқару жүйесі тұратын бөлме.

3.Дәрігерлер бөлмесі.

4.Әжетхана.

5.Сурет шығаратын бөлме.

6.Жақ сүйектері мен тістерді зертейтін бөлме.

7.Барий қойыртпағын дайындайтын бөлме.

8.Рентген пленкасын (салмағы 100кг) уақытша сақтайтын бөлме.

9.Көпшілікке арналған киім ілгіш.

10.Аурулардың кезегін тосып отыратын жер.

Ем-дом жасайтын бөлме.

Ең маңызды бөлме. Бөлменің кіре берісін 1,6м биіктікте “кіруге болмайды”деген сөзбен қызыл не ақ жарық беретін шам жанып тұруы керек. Бөлменің аумағы 46м.2, ал биіктігі 3,5м кем болмауы тиіс. Флюрографиялық зерттеуді аумағы 20м.2 (көлденеңі 4м) бейімделген бөлмелерде өткізе беруге болады. Ауаның қызуы бұл бөлмелерде +20.0-тан аспауы үшін жұмыс кезінде жасанды желдеткіштер мезгіл-мезгіл жұмысқа қосылып тұруы керек, не терезе арқылы бөлмені ауаландырып тұрады. Жарық коэффициенті 1:6,қыздырмалы шам арқылы жасанды жарық 300 люкс болғаны дұрыс. Электр мірінің әсеріненмамандарды және ауру адамдарды қорғау үшін еден тақтайдан жасалып линолеуммен төселеді. Бөлмені тазалап жуып тұру үшін қабырғалары майлы бояумен боялады. Бұл бөлменің ішінде электр мірінің кернеуін 10-12в дейін төмендететін және оны 60кв-ке одан да жоғары деңгейде көтеретін трансформаторлар, мір бағытын түзейтін шыны түтіктер болады. Бірінші түтікпен аурулардың кеудесін, кеудедегі мүшелерді, ас өтетін жолды айнамен қарап, бағытталған рентген суретіне түсіреді. Қалған зерттеу тәсілдерін екінші түтік арқылы жасайды, томография мүшелердің қызметін, салыстырмалы салмағы ауыр қоспалар жіберіп зерттеу тексеру т.с.с.тәсілдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет