Реферат Тақырыбы: рнқ, днқ вирустары тудырған инфекциялардың микробиологиялық диагноз қою, алдын алу және емдем қағидаттары



Дата15.09.2017
өлшемі198,13 Kb.
#33908
түріРеферат
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ

САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы

Биохимия, биология және микробиология кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: РНҚ, ДНҚ вирустары тудырған инфекциялардың микробиологиялық диагноз қою, алдын алу және емдем қағидаттары.

ОрындағанОрынбек Ә.

Тобы:101 «А» СДК

Қабылдаған: Қонысова Х.

Шымкент 2016



Жоспар:

  1. Кіріспе бөлім

  1. Негізгі бөлім

1. РНҚ вирустары

2.ДНҚ вирустары

3. Инфекцияларға микробиологиялық

диагноз қою, алдын алу және емдеу



  1. Қорытынды.

  2. Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 Кіріспе

Дүниежүзілік микробиология тарихында орыс ғалымы Д. И. Ивановскийдің алатын орны ерекше. Ол XІX ғасырдың соңында темекі теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың қоздырғыштары бактериялардан да ұсақ тіршілік иесі екенін тапқан. Д. И. Ивановский ауруға шалдыққан жапырақты жуып, ол жуындыны бактерияларды сүзетін сүзгіден өткізгенде одан өтіп кеткен. Осы сұйықтықты темекіге жұқтырғанда, оның жапырағы қайтадан сарғайып, ауруға ұшыраған. Зақымданған темекі жапырағын үлкейткіш құралдармен тексергенде кристалдар  байқалған. Кейіннен 1935 жылы америкалық ғалым У. Стенли бұл кристалдардың темекі теңбілі вирустарының шоғырланған жиынтығы екенін тапты.

Негізгі бөлім

Вирус (лат. vīrus — «у») – тірі организмдердің ішіндегі клеткасыз  тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан –кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі.

Вирустардың ашылуы темекі өсімдіктері ауруын зерттеумен тығыз байланысты. А.Мейер 1879-1882 жылдары аралығында темекі дақылының ауруын зерттеп, ол өсімдіктермен қоректенуінуіне байланысты емес екенін және ауру өсімдік шырындары арқылы берілетінін анықтады. Шырында ешбір бактерияларды таппаған соң,и ауру ферменттеріне байланыстыболы мүмкін деп ойлады. Ал 1887 жылы орыс ғалымы Д.И.Ивоновский мен В.В.Половцев, А.Мейер зерттеген темекі теңбілі ауруының екі түрін – рубуха мн темекі  теңбілін тапты. Кейініен Д.И.Ивоновский тек темекі теңбілімен айланысты. Ол ауру жапырақтардың шырындарын Шеңбнрлен фильтрінен (бактерияларды ұстап қалатын) өтккізіп, алынған фильтратты сау жапырақтардың бетіне уйкеп жақты. Ауру қоздырғыштарға байланысты болмаса, өсімдік сау қалуға тиіс еді. Бірақ шырын сіңгеннен кейін сау өсімдік ауруға ұшырады, яғни теңбіл ауруының белгілері пайда болады. Сау  жапыраққа ауру жұқты деген божамға келді. Жүргізілген бүкіл тәжірибелердің нәтижелері мен алынған деректі мәліметтердің бәрі бірдей болып шықты. Сонымен зерттелген фильтратта бактериялардың өзгеше бір ауру қоздырғышы бар деген қорыиындығы келді. Бырақ, оларды белгілі қоректік орталара өсіре алмады. 1892 жылы  Д.И.Ивоновский жоғарыда айтылған жұмыстарды Санкт-Петербург ғылым академиясының бюллетенінде басылып шықты.

Д.И.Ивоновскийдан басқа, М.Бейернек (1851-1931жж.) Голландия да темекі теңбіл ауруын зерттеді. Д.И.Ивоновский сиякты ол да 1898жылы белгісіз бір ауру қоздырғыш бар екенін дәлелдеді. Сонымен қатар жаңа қасиеттерін анықтады-шырынды кептіргенде және спиртпен өңдеп тұнбаға түсіргенде, инфекциялық қасиетін жоғатпайтындығын байқады. Мұндай ауру қоздырғышты Бейернек латынша « contagium vivum fiuidum» (сұйық аууру қоздырғышы) деп атады.

Ф.Лефлер мен П.Фроски (1892) аусылмен ауыратын ірі қара малдардың ұлпаларында сүзгіден өтетін және көбейе алатын қоздырғышты тапты. Гаванада 1900 жылы сары безгектің індеті пайда болды. Бұл аурудың қоздырғышы бөлініп алынды. Бірақ, У.Рид ауру массалар аоқвылы таралатындығын, Д.Керфол ауру  адамның қанында сүзгіден өтетін қоздырғыш болвһытындығын дәлелдеді. Осындай сүзгіден өтетін ауру қоздырғыштарын вирус  (лат.virus – «у») деп атады.

1892 жылы В.Бабеш және 1903 жылы А.Негри құтырған иттердің бас ми клеткаларынан сау клеткаларда болмайтын қосындыларды тапты. Әлі күнге дейін Бабеш-Негри дәнешіктері деп атайды.

А.Боррель (1903) ісік аурулары вирустарымен байланысты болуы мүмкін деген ойға келді. Оны 1911 жылы П.Роус тауық ісігінен және Р.Шауп (1932-1934 жж.) қоян фибромасынан және попиллома (бөртпесі) ісіктерінен вирусты бөліп аалды.

Полиомиелиттің вирусты табиғатынан К.Ландштейнер мен Э.Попперс (1909) ашты. 1933-11199947 жылдары аралығында адамда, жануарларда, құстарда тұмау ауруын тудыратын грипп вирустарының А,В,С типтері ашылды. У.Смит, К.Эндрюс, П.Лэйдлау гриптің А-типін , Т.Фрэнс пен ТМеджилл В-типін, Т.Тэлор С-типін ашты. Вирус қоздыратын аурулардың басым көпшілігі 20ғ, бірінші жартысында ашылды.

20ғ. Ортасында іштен не сыртқы ортаның зиянды әсерінен адамның иммунды жүйесі бұзылып, ауру пайда болатындығыанықталды. Оларды иммунды тапшылық ауруларға жатқызды. Бұл ауру жаңа түрі, пневмоцитті пневмония, 1981 жылы АҚШ-та жас ер адамдардың арасында табылды. Кейін бұл ауруды AIDS ( Acquirea Immune Defiency Syndrome ), орысша СПИД (Синдром приобретенного иммунодефицита), қазақша ЖИТС ( Жүре пайда болған иммундық тапшылық) деп аталатын болды.

Бактерияларды зақымдайтын агентті алғашқы рет Ф.Туорт (1915) стафилококтарды зеттеу барысында ашты. Одан тәуелсіз Ф. Де Эрель (1917) дизентерияны қоздыратын бактериялардың сүзгден өтетін және бактерия клеткаларын ыдырататын агентті бөліп алып,оны бактериофаг деп атады. Содан бері фагтар жан-жакты зерттейді. Олар медицинада диагностикалық мақсатта қолданылады, ал молекулярлы биология мен гендік инженерияда прокарит пен эукариоттардың гендерін клондау үшін вектор ретінде пайдаланылады.

Вирустардың химиялық қасиеттерін анықтауда Ф.Стенли үлкен үлес қосты. Ол 1935 жылыы темекі теңбіл вирусты таза кристалл күйінде бөліп алып, вирус құрамындағы белоктың белсенділігінін анықтады және оның белсенділігі тікелей белок мөлшерімен байланысты екенін дәлелдеді. А.Херши мен М.Чейз (1952) фагтардың генетикалық информациясын ДНҚ-да сақталатындығы және клетка фагпен зақымданғанда оған тек ДНҚ-сы енетіндігі дәлелденді. Кейін Френкель – Конрад (1955) вирустардың РНҚ-сы да генетикалық информацияны сақтайтындығын көрсетті, ал А.Гиеред пен Г.Шрамм (1956) темекі теңбіл вирустың РНҚ-сы ауру қоздырғыш қасиетіне ие екендегін ашты.

Биохимиялық әдістерің қолдануы вирустардың ферменттерін, нейроминидаза мен РНҚ-полимеразаны ашуға мүмкіндік туғызды. Тіпті, 1970 жылы Г.Темин мен Д. Балтимор саркома мен лейкоз қоздыратынвирустарды транскриптаза ферментінің өзгеше түрін, кері транскриптазаны ашты. Сонымен, транскриптациятікелей ДНҚ- иРНҚ жолымен емес, кері де иРНҚ-ДНҚ жолымен жүретіндігі дәлелденді.  Бұл жұмыс үшін 1975 жылы Г.Темин мен Д. Балтимор Нобель сыйлығына ие болды.

Практикалық маңызды мәселелердің біріуі – жұқпалы аурудың белгілі бір қоздырғышпен байланысты екенін дәлелдеу. Р.Кох -(1876) бактериялды аурулардың қоздырғыштырын анықтауға арналған постулаттарды (міндетті ережелерді) ұсынды:



  • патоген (қоздырғыш) ауру белгілері бірдей адамдардың бәрінде болуы керек;

  • патогенді адамнан бөліп алып таза күйінде алу қажет;

  • патогеннің таза дақылынаналынған үлгісі сезімтал жануарларға енгізгенде ауру қоздыру қажет;

  • ауру жануарлардан бөлініп алынған патоген ауру адамнан бөлініп алынған патогенмен бірдей болуы керек;

Вирустар тіршіліктің ерекше түріне жатады.Олар тек сезімтал организмдардың клетка ішінде тіршідігін бітіреді. Ал сыртқы ортада ешбір тіршілік белсенділігін білдірмейді. Басқа тірі организмдерден өзгеше, тек өздеріне тән қасиеттері бар:

  • Барлық вирустар сүзілгіш келеді;

  • жасанды қоректік ортада өспейді;

  • тірі клетка ішінде тіршілік ететін облигатты паразиттер;

  • нуклеин қышқылдарының бір түрі ғана болады:РНҚ немесе ДНҚ;

  • Нәруыз түзетін жүйесі болмайды;

  • Өсіп- өнуі өзгеше- вирустың жеке компоненттері («мүшелер») сезімтал клеткалардың әр жерінде түзіліп құрастырылады, дисъюнктивті өну деп атайды. Осыған орай вирустарды жеке «viva» патшалығына жатқызатын болды.

  • Вирустардың микробтардан өте ұсақтығы;

  • Кейбір вирустарың кристалл түзетіндігі;

300 мың есе ұлғайтып көрсететін электрондық микроскоппен қарағанда вирустардың өзіндік ерекшеліктері байқалды оны полиморфтық қасиет деп атады. Соның нәтижесінде табиғаттағы шар тәрізді, эллипс пішінді, таяқша немесе жіп тәрізді түрлері анықталды. Вирустар тіршілік жағдайларына сәйкес езгергіш келеді. Олардың осы қасиетін ескере отырып, қазіргі кезде аса тиімді шипалық қасиеті бар вакциналарды жасайды.
Төменгі температурада вирустар тіршілігін жоймайды. Ал температура +55—60°-қа кетерілгенде олардың кейбіреулері бір сағаттың ішінде, ал кепшілігі Ң-90о-та қырылып бітеді. Вирустар қүрғатуға да төзімді, олардың тіршілігі жойылмайды. Ультракүлгін сәулелер де бүларға күшті әсер етеді. Көптеген химиялық заттар: этил, метил спирттері, эфир және хлороформ, вирустарды қырып жібереді. Мәселен, құтырма вирусына формалин, сулема және карбол қыиғқылымен әсер еткенде олар тез өледі. Вирустар иесіне қарай жануарлар, өсімдіктер және бактериялар вирустары болып бөлінеді.  
2.1 Вирустардың негізгі ерекшеліктері

Вирустардың негізгі ерекшеліктері


1. Вирустың қүрамында тек бір нуклеин қышқылы ғана бар: РНҚ (рибонуклеин қышқылы) немесе ДНҚ (дезо-ксирибонуклеин қышқылы).  Сондықтан да вирустар құрамында РНҚ-лы немесе ДНҚ-лы бар вирустар болып бөлінеді. Ең негізгісі РНҚ-лы бар вирустардың барлық генетикалық ақпараты осы РНҚ-да. Мұндай жағдай биологияда тіпті де кездеспейді.
2.   Вирустар тек клетка ішінде ғана тіршілік ететін арамтамақтар, демек тек клетка ішінде ғана көбейеді.
3.  Вирустардың көбею ерекшеліктерін "дисьюнктивтік" түрге жатқызады. Себебі барлық жанды дүние екіге бөліну, бүршіктену, спора арқылы көбейсе, вирустардың өсіп-өнуі одан да ерекше.
Вирустар клетка ішінде болады да жоғалып кетеді. Себебі вирус бөлшектерін, серологиялық не микроскоп әдістері арқылы клетка ішінен кездестіре алмаймыз, клетка ішінде белок пен нуклеин қышқылына бөлініп кетеді. Ал болашақ вирустың компоненттері клетканың әр жерінде пайда болады: нуклеин қышқылы — ядрода, цитоплазмада, белоктары — цитоплазмада, содан кейін барып вириондар кұралады.
Күрделі вирустардың өсіп-жетілуі бұдан көп ерекше. Олар уақыт және кеңістікте бірнеше сатыға бөлінеді. Себебі олардың, көбеюі де бірнеше сатыдан тұрады. 
4.  Вирустардың белок құрайтын жүйесі — рибосомдары жоқ. Демек вирустар өздері белок құрай алмайды.
5.  Вирустар — генетикалық деңгейдегі арамтамақтар. Вирустар жасанды орталарда (ЕПА, ЕПС) өспейді. Себебі оларда ассимиляция, диссимиляция, тыныс алу деген жоқ, қоректенбейді, ештеңе бөлмейді. Вирустардың көбеюі үшін тек қана тірі клетка керек, тек клетканың ішінде ғана, клетка материалдарын пайдаланып қана көбейе алады. Вирустар өзінің геномымен (РНҚ не ДНҚ) клетка геномына әсер етіп белгілі бір байланысқа түседі. Осылайша клетка бірге жұмыс істейтін күйге түседі, мысалы, рак ауруының вирустары. Осының салдарынан торшаның өлуі де мүмкін, себебі торша геномы зақымдалады, сондықтан торшалық РНҚ-лы құралмай, вирус геномы рибосомға еніп, оны жеңіп шығуы мүмкін.
Осындай зақымға ұшыраған клеткаларда вирустар көбейе бастайды. Демек вирустар клетканың генетикалық аппаратына "өз дегенін" істетіп көндіреді.
6.  Вирустардың ендігі бір ерекшелігі ол өте ұсақ. Олар нанометрмен өлшенеді. 1 нм — метрдің миллиардтан бір бөлігі 1/1000000000 м. Демек 1 метрде - 1 000 000 000 нм, ал 1 мм - 1 000 000 нм, 1 мкм - 1 000 нм, 1 нм - 10 А°.
Мысалы, ең ірі деген шешек ауруы вирусының мөлшері жөнінен бактерияға жақындайды. Үлкендігі 250 — 350 нм. Ең кіші вирустың ірілігі (мысалы, аусыл ауруын қоздыратын вирус) 20 — 30 нм. Осындай өте ұсақ вирусты тек электрондық микроскоппен ғана көруге болады. Себебі ондай микроскоп 200000 — 500000, не 1 — 2 млн рет үлкейтіп көрсетеді. Вирустардың осындай ұсақ болуына байланысты оларды зерттеу үшін сүзгіден өткізу тәсілдері қолданылады. Сондықтан да уақытында " Сүзгіден өтетін вирус" деген ұғым пайда болды. Қазіргі кезде "Вирус" деген ұғым ғана қолданылады.
7. Вирустардың тағы бір ерекшелігі — олар кристалл ретінде де кездеседі. Мұндай қасиет тек өлі дүниеде ғана болады (минералдарда). Темекі жапырақтарының ауруын қоздыратын вирусты кристалл түріндегі вирусты американдық ғалым — биохимик, вирусолог Уэнделл Стенли алған еді. Оған сол еңбегі үшін Нобель сыйлығы берілді.
1955 жылы полиомиелит (балалардың сал ауруы) вирусының кристалл түрі алынды. Вирустардың кристалл түрін жай микроскоппен де көруге болады. Бір кристалда бірнеше миллион вирус болады. Кристалдар оншақты жыл бойы сақталуы мүмкін. Дегенмен кез келген уақытта олардың өсіп-өніп миллиондап көбейіп кетуі де мүмкін.
8. Вирустардың кейбір түрлері торша ішінде "денешіктер", "қосылыстар" ретінде кездесуі мүмкін және олар торшада өздері өсіп көбейген жерде ғана болады. Мысалы: құтырық жұқтыратын вирус — цитоплазмада, аденовирустар — ядрода болады.
Вирустардың тағы бір айта кететін ерекше қасиеті бар — ол тек белгілі органдар клеткаларында және клетка ішіндегі органеллаларда өніп-өседі. Демек, вирустар клетка ішіндегі ядрода, ядрошықтар мен рибосомдарда, митохондрияларда кездеседі.
Осы айтқандардан нендей шешімге келуге болады? Вирус дегендер қандай заттар? Оларды тірі организмге жатқызуға бола ма немесе олардың табиғаты қандай?
Вирустардың пайда болу табиғаты
Вирустарды жай, майда торша ретінде қарауға болмайды. Вирустар — клеткаға дейін пайда болған нәрселер. Оларды организм ретінде де қарауға болмайды. Себебі организм дегеніміз (А. Львовтың айтуы бойынша) — өзімен-өзі байланысып жатқан кейбір ерекше құрамдар мен қозғалыстар. Мысалы, ит — жүгіреді, үреді, тірі; құрбақа — секіреді, құрылдайды, тірі. Олардың денесі өзара байланысқан құрама қозғалыстардан тұрады. Бұл — организмдер. Бір торшадан тұратын қарапайымдылар (амебалар)—организмге жатады, ал торша ішіндегі органеллалар (хромосомдар, митохондриялар) организмге жатпайды. Себебі олар өздігінше тіршілік ете алмайды. Демек, вирустарды организм деуге болмайды. Өйткені, олар өздігінен тіршілік етпейді, олардың өсіп-өнуіне торша керек. Сонда вирустарды қайда жатқызуға болады: жануарлар әлеміне ме немесе жансыздар әлеміне ме?
Вирустардың табиғаты ерекше. Оларда әрі тірі жануар дүниесінің қасиеттері бар, яғни көбейеді, нәсілдік және өзгеру ерекшеліктері тағы бар. Ал сонымен бірге вирустарда тірі жандар дүниесінде жоқ қасиеттер де кездеседі: вирустардың кристалл ретінде болуы, кебеюінің ерекшеліктері (дисьюнктивті түрі), нуклеин қышқылының бір түрінің ғана кездесуі. Тіпті вирустар қоректенбейді, қозғалмайды, тыныс алмайды, ештеңе бөлмейді. Осының бәрі вирустардың өлі және тірі дүние арасында тұратынын дәлелдейді. Вирустарды тірі дүниеге жатқызуға 1915-1917 жылдардағы бактериофагтың — бактериялар вирусының ашылуы әсер етті (ағылшын ғалымы бактериолог Туорт пен канадалық микробиолог Д'Эррель).
Демек бактерия клеткасының ішінде тіршілік ететін тірі арамтамақ бар екені дәлелденді. Содан соң да көптеген деректер белгілі болды. Сөйтіп, вирус қоздыратын темекі ауруының бар екені, бактерияны құртатын бактериофаттың ашылуы, адам және жануарлар дүниесіндегі жұқпалы аурулардың қоздырушылары — вирустармен байланысты екені анықталды.
 

2.2 ДНҚ және РНҚ вирустар

Вирустар – клеткасыз организмдер. Олар негiзiн құрайтын ДНҚ немесе РНҚ және оны қоршап тұрған белокты капсидтен тұрады. Вирустар бактериялардан миллион есе кiшi және оны 40000 есе үлкейтетiн электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал «құйрығының» ұзындығы 20-22 нм-ге тең. «Құйрығының» ұшы – нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік. Топтары: I: dsDNA вирустары,II: ssDNA вирустары,III: dsRNA вирустары,IV: (+)ssRNA вирустары,V: (−)ssRNA вирустары,VI: ssRNA-RT вирустары,VII: dsDNA-RT вирустары, Ротавирус кездеседі. Иесінің жасушамен вирус арасындағы өзара әрекеттесу - өте күрделі процесс.Вирустардың репродукциялану (лат. reproduce - өзіне ұқсасты өндіру ) циклы келесі сатыдан тұрады: жасушаға жабысу жасушаға ену шешіну вирустық ДНҚ немесе РНҚ -ның репликациялануы вирустық геномның транскрипциялануы вирустық ақпараттың РНҚ-ның транслокациялануы вирустық бөлшектердің (вириондардың )бастырылуы вирустың жасушадан шығуы Адсорбция (жасушаға жабысу) - ол жасушаның вирионмен инфицирленуінің бірінші сатысы, вирион жасушалық беткейлерге жабысады,әрбір вирус жасушаларының бәріне ие,кейбіреулеріне ғана адсорбциялану қабілеттілігі болатыны белгілі.Ол кейбір вирустардың ақуызында "вирустық рецепторлар" деп аталатын тиісті аминқышқылдық реттіліктердің болуымен байланысты. Вирустық рецепторлар "тіркеуші "деп аталатын ақуыздардың құрамында болады, жасушалық рецепторларды танып алу және олармен өзара әрекеттесу қызметін атқарады,капсидтік беткейлік ақуыздарының қатысуымен орындалады. Вирустар майдаланатын жасушалық рецепторлар Вирус жасуша рецепторлары Эпштейн-Барр вирусы -В- лимфоциттер бетіндегі R2(комплимент жүйесінің рецепторлары), 2,3,12 типті аденовирус -жасушалық беткейлік интегриндер, аденовирустың 37- типі Гликопротеиндердің сиал қышқылы; МНЖ І Адам иммундытапшылық вирусы – АИВ (ВИЧ) Т- жасушалардың СD4 рецепторы ; CCR6\CXCR4 хемокиндік рецепторлар Қарапайым ұшық жасушасы TNF рецептор; комплименттің С3в компоненті Цитомегаловирус Эпидермалық өсу факторының рецепторы; Қызылша вирусы СD46 комплимент жүйесінің рецепторлары; Грипп вирусы Гликопротеитердің сиал қышқылы ;Қызамық вирусы Ацетилхолин рецепторы ;С гепатит вирусы Дендритті жасушалардың спецификалық адгезия рецепторлары; Құтыру вирусы Эпидермалық өсу факторының рецепторларымен байланысады. Вирустың жасушаға енуі вирус жабысуынан кейін келесі жағдайлардың нәтижесінде бірден басталады:ЦПМ арқылы вирустың жасуша ішіне қарай ығысуы, вирустық бөлшектің эндоцитозы, нәтижесінде олар цитоплазмалық вакуольдерде жинақталады, цитоплазмалық мембрананың вирус қабықшасымен бірігуі.Қосылып - бірігу процесіне қатысатын гликопротеиндердің бәріне ортақ қасиеттері бар: Олар вирион беткейінде шамамен 100-150 нм көтеріңкі орналасады; Олигомерлер түзеді және олардың пайда болуы вириондардың жасуша ішінде тасымалдануына елеулі әсер етеді; Құрылымында біріктіруші пептид болады; Қабықшалы вирустардың шешінуі екі кезеңмен жүреді- жасушалық мембранамен қосылған беткейлік ақуыздардың жойылуы және мембраналық ақуыздармен байланысқан ДНҚ немесе РНҚ-ның босансып шығуы.Қабықшасыз вирустардың шешінуі бірнеше кезеңдерден тұрады.Бұл процестердің механизмі толық зерттелмеген. Вирустық нуклеин қышқылдарының репликациялануы.Жаңа жасушалық бөлшектер - ол жұқтырылатын жасушада болмайтын вирустық нуклеин қышқылдарының және вирустық ақуыздардың барлық молекулалардың жиынтығы. ДНҚ-лы вирустар генетикалық ақпаратты жасушалық геном тәріздес іске асырылады:вирустың геномдық ДНҚ-лы > аРНҚ транскрипциялануы > вирус ақуызының трансляциялануы. Оң жіпшелі РНҚ-лы вирустарда (пикорнавирус,флавивирус,тогавирустар) РНҚ-ның қызметін атқаратын геномдары болады.Ол рибосомалармен танылып,трансляцияланады. Теріс біржіпшелі және екіжіпшелі РНҚ-лы вирустардың геномы (ортомиксовирустарда, парамиксовирустарда, рабдовирустарда) екіжіпшелі (реовирустарда) вирустың нуклеин қышқылымен байланысқан РНҚ-полимеразаның қатысуымен аРНҚ транскибирленетін матрица қызметін атқарады. Ретровирустардың геномы бірдей екі РНҚ молекулаларынан тұрады. Вирустық геномдардың репликациясы бір -бірімен ерекшеленетін құрамдардан тұрады: 1.екіжіпшелі ДНҚ

2.біржіпшелі ДНҚ

3.оң-біржіпшелі РНҚ

4.теріс- біржіпшелі РНҚ

5.екіжіпшелі РНҚ ұқсас оң-жіпшелі РНҚ

6.   Екіжіпшелі ДНҚ-вирустардың репликациясы әдеттегідей жартылай концервативті механизммен жүреді: ДНҚ-ның жіптері сөгілгеннен кейін оларға комплиментарлы жолмен жаңа жіпшелер қосылады.Бір аналық пен бір жаңадан түзілген жіпшеден тұрады. Біржіпшелі ДНҚ- вирустарының жалғыз өкілі - парвовирустар болып табылады. ДНҚ-полимеразаларды репликациялық түрі деп аталатын екіжіпшелі вирустық геномның құрылуына пайдаланады. РНҚ-да болатын вирустардың геномикалық репликация әдістері Оң-біржіпшелі РНҚ-вирустарға - пикорнавирус,флавивирус,тогавирустар жатады,геномдық оң жіпшелі РНҚ-лы аРНҚ-ның қызметін атқарады. Теріс- біржіпшелі РНҚ-вирустарының құрамында (ортомиксовирустарда, парамиксовирустарда, рабдовирустарда) РНҚ-тәуелді РНҚ-полимераза болады. Екіжіпшелі РНҚ-вирусы (ротавирус,реовирус) репликациялану механизміне терңс болады,жасуша цитоплазмасында жүреді. Ретровирустар (ұқсас оң-жіпшелі РНҚ) терісжіпшелі ДНҚ синтездейді.Содан соң қосарланған ДНҚ жіпшелі жасуша хромосомасымен интеграцияланып, провирус құрайды. Вирустардың қалыптасуы вириондар өздігінен жиналу жолымен қалыптасады: вириондардың құрам бөліктері вирусты жинақтайтын жасуша цитоплазмасына немесе ядро саласының орнына тасымалданады.вирион компоненттерініің қосылуы гидрофобтық, иондық, сутектік, стерикалық сәйкестігі бар қосындылардың болуына негізделген. Вирустардың жасушадан шығуы - вирустардың толық репликациясының айналымы 5-6 сағаттан (тұмау вирусы) және бірнеше тәуліктен соң (гепатовирустар, қызылша вирусы ) аяқталады. Жарылу жолы: жойылушы жасушадан бір уақытта көп мөлшерде вириондардың шығуы,жасушадан жарылу жолымен липопротеинді қабықшасы жоқ ,жай құрастырылған вирустар шығады. Көптеген зерттеушiлер, вирустарды тiрi организмдер емес, олар тек күрделi құрылысты химиялық заттар деп есептейдi. Бiрақ вирустың ДНҚ молекулалары өзiн-өзi өндiре алады, бұл қасиет ДНҚ тән, сондықтан вирустық РНҚ генетикалық информацияның көзi және РНҚ өзi бола алады. Зақымданған клеткада вирустың нуклеин қышқылдарының бағдарламасы бойынша, иесiнiң рибосомаларында спецификалық вирусты ақуыздар синтезделедi және нуклеин қышқылдарынан жаңа вирустың бөлiмдерi түзiледi. Осы топтың барлық түрi сияқты қызылша вирусы өзiн-өзi өмiрлiк қажеттiлiкпен қамтамасыз ете алмайды. Ол тiрi организмнiң клеткаларын бағындырып, көптеген вирусты бөлiмдерiн тудырады. Бiрнеше уақыт өткеннен кейiн вирустық клетка өледi де, вирустар басқа жаңа клеткаларды зақымдайды.


 Тұмау вирусының көптеген түрлерi бар. Вирустар бiрте-бiрте өзгерiп жаңа қасиеттерге ие болады, сондықтан ғалымдар вирустың жаңа түрлерiн анықтауда. Микроскоптың көмегiмен тұмау вирустарын зерттеп, ғалымдар адамдарды аурудан сақтайтын арнайы препараттарды шығаруда. Бұл препараттар вакцина деп аталады. Адам организмiнде мұрны мен тамағының сiлекейлi қабықшасын зақымдайтын суық тигiзетiн вирустар бар. Ең қауiптi вирус, бұл қанның ақ түйiршiктерiн Т-лимфоциттердi зақымдайтын СПИД немесе ВИЧ вирусы. Организм антидене түзу және ауруларға қарсы тұру қабiлетiнен айырылады. Қазiргi уақытта СПИД вирусы адамзатқа үлкен қауiп туғызады, себебi осы вирусты тасымалдаушылардың саны күннен – күнге өсуде. Суретте үлкейтiлген Т лимфоцитi көрсетiлген, қызыл түспен ВИЧ вирусы боялған. Вирустар – бұл көлемi шамамен 20 нм – ден 300 нм – ге дейiн болатын өте ұсақ тiрi организмдер; орташалап алғанда олар бактериялардан 50 есе кiшi. Жоғарыда айтылғандай вирустарды жарықтық микроскоптың көмегiмен көру мүмiн емес (себебi олардың көлемi жарық толқынының жартылайұзындығынан кiшi) және олар бактерия клеткаларын ұстап қалатын сүзгiштен өтiп кетедi.

Вирустардың құрылысы мен іс-әрекетін темекі теңбілі ауруын мысалға алып қарастырайық. Темекі теңбілі вирусы темекі жапырағындағы хлоропластарды зақымдайды. Осының салдарынан жапырақ тақтасы бүрісіп, шиыршықтанады. Сонымен қатар тостағанша, күлте жапырақшалары да өзгереді. Темекі теңбілі вирусымен зақымдалған жапырақ 9-11 күннен кейін сарғая бастайды.

У. Стенлидің дәлелдеуі бойынша, темекі жапырағында вирус бөлшектері алты қырлы кристалл пішінді шоғыр түзеді.

Бактерияларды зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды. Бұларды алғаш рет 1915 жылы Ф. Туорт сипаттап жазды. Кейбір бактериофагтың пішіні итшабаққа ұқсайды. Олардың денесі – басы, құйрығы және іші қуыс тармақталған базальді түтікшелерден тұрады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал «құйрығының» ұзындығы 20-22 нм-ге тең. «Құйрығының» ұшы – нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік.

Бактериофагтарды алғаш рет 1915 жылы ағылшын вирусологі және бактериологі Ф. Туорт сипаттап жазғандығы белгілі. Бірақ бұл тіршілік иесі ерте кезден зерттеле бастаған болатын. Мысалы, топалаңды қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1898 жылы орыс микробиологі Н. Ф. Гамалея алғаш рет анықтаған. Іш сүзегі бактериясын ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1917 жылы канадалық бактериолог Д’Эрелль (Ф. д’Эрелль) байқаған.

 

Вириондардың икосаэдрикалық құрылымы 


А. Липидты қабықшасы жоқ вирус (мысалы, пикорнавирустар).
B. Қабыұшасы бар вирусвирус(мысалы, герпесвирустар).
Белгілер: (1) капсид, (2) геномнды нуклеин қышқылы, (3) капсомер, (4) нуклеокапсид, (5) вирион, (6) липидты қабықша, (7)  қабықшаның мембраналық ақуыздары.

        Зерттеушілер осындай көзге көрінбейтін бактериялардың паразитін егжей-тегжей зерттеп жазды да, оларды бактерия«жеушілер» немесе «жалмаушылар» деп атады.Бұдан кейінгі зерттеушілер басқа бактерияларды ерітіп жіберетін табиғатта көптеген бактериофагтардың бар екендігін анықтаған болатын. Олар ауру қоздырғыш бактерияларды ғана жоймай, пайдалы түрлерін де жояды. Бактериофагтар өндіріске, тамақ өнеркәсібіне және тағыда басқа көп зиян келтіреді. Мысалы, олар пайдалы сүт қышқылы бактерияларын ерітіп жіберіп, алынған сүт тағамдарының сапасын төмендетеді.



         Вирус ұғымы 1899 жылы ғылымға алғаш рет голландиялық ғалым Мартин Бейеринк енгізді. 1935 жылы америкалық вирусолог Уэнделл Стэнли вирусты кристалл күйінде бөліп алды. Осы кристалдарды саутемекі өсімдігіне енгізгенде, ол теңбіл ауруымен ауыратынын дәлелдеді. 1898 ж. неміс ғалымы Фридрих Лефлер сиыр аусылының қоздырғышы аусыл вирусын, ал 1911 жылы америкалық ғалым Фрэнсис Роустауық саркомасының вирусын тауып зерттеді. Қазіргі кезде жылы қанды жануарларда ауру тудыратын вирустардың бес жүздей, ал өсімдіктерде үш жүздей түрі белгілі. Кейбір қатерлі ісік ауруын тудыратын вирустардың адам мен жануарларда вирустық микрофлорасы қалыптасады. Вирустардың пішіні әр түрлі (мысалы, таяқша, иілгіш жіпше тәрізді, сфералық, көп қырлы, тағыда басқа). Вирустың жасушадан тыс (вириондар) және жасуша ішінде тіршілік ететін топтары бар. Барлық вирустар шартты түрде жай және күрделі болып бөлінеді. Жай вирустар – нуклеин қышқылдары мен ақуызды қабықтан (капсид) тұрады; бұларға таяқша, жіп және сфералық формалары жатады. Күрделі вирустар – нуклеин қышқылы мен капсидтен басқа, липопротеидті мембрана, көмірсу және ферменттерден тұрады. Вириондардың мөлшері 15 – 350 нм (кейбір жіптәрізді вирустардың ұзындығы 2000 нм-ге жетеді); негізінен вирустарды тек электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Вирус тек бір типті нуклеин қышқылынан (ДНҚ немесе РНҚ) тұрады. ДНҚ-да вирустардың молекулалық саны 106 – 200Һ106, ал РНҚ-дағы вирустардікі – 106 – 15Һ106 болады. Вирустардың көптеген жылдар бойы тіршілік ортасында әрекетсіз жата беру қабілеті бар. Олар дамуына қолайлы жағдай туғанда бірнеше минуттың ішінде көбейіп, өзіне тән қасиеттерін көрсете алады.

ІІІ Қорытынды

Вирус (лат. vīrus - «у») – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан – кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр.

Пайдаланған  әдебиеттер

  1. Шығаева М.Х, Қанаев А.Т. «Микробиология және вирусология». Қазақ Университеті, Алматы 2007 ж. 82-85- бб

  2. Н.Шоқанов, С.Сағындықова,Ф.Серікбаева «Микробиология». Арыс баспасы,Алматы 2003 ж.

  3. http://kk.wikipedia.org/wiki/

  4. Мырзабекова Ш. Жалпы вирусология, Алматы, 1994ж

  5. Сапаров Қ.Ә. Цитология және гистология: Лекциялар жинағы. Алматы: Қазақ Университеті, 2004.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет