Кеуде шықпалары.
Кеуде шықпаларын 1946ж Вильсон ойлап тапқан. Вильсон біріккен электроды – индифференттік электрод ретінде қолданылады. Ол оң және сол қолдардың, сол аяқтың электродын кедергі арқылы қосқан кезде түзіледі. Бұл электродтың потенциалы шамамен 0-ге тең және ол гальванометрдің теріс шықпасына қосылады. Белсенді электрод кеуде қуысының алдыңғы бетінің әр түрлі нүктелеріне орналастырылады және оны гальванометрдің оң полюсіне қосады.
Бұл шықпалардың біріккен Вильсон электроды мен адамның кеуде қуысының алдыңғы бетіне орналастырылған белсенді электродтың арасындағы потенциалдар айырмашылығын анықтайды.
Бір полюсті кеуде шықпалары V әрпімен таңбаланады. Кеуде шықпаларының әдеттегі саны -6 (V1- V6).
V1-белсенді электрод төс сүйектің оң жақ жиегінде, 4 қабырға аралығында орналасады.
V2-белсенді электрод 4 қабырға аралықта, төс сүйектің сол жиегіне орналастырылады.
V3-белсенді электрод V1менV4 арасын қосатын түзудің ортасына орналасады.
V4-белсенді электрод 5 қабырға аралығында, сол бұғана орталық сызығының бойында орналасады.
V5-белсенді электрод 5 қабырға аралығында, алдыңғы сол қолтық асты сызықтың бойында орналасады.
V6- белсенді электрод 5 қабырға аралығында, ортаңғы сол қолтық асты сызықтың бойында орналасады.
Изотоп (изо-+грекше topos)-ядро заряды бірдей бір химиялық элементтің әр түрлі жалпы атауы, бірақ атомдар массасы бойынша ерекшеленеді.
Радиоактивті изотоп (син:радиоизотоп)-тұрақсыз изотоп, радиоактивті ыдырау нәтижесінде тұрақты изотопқа айналады; ионды сәулелену көзі ретінде емдік және диагностикалық мақсатта қолданылады.
Мүшетропты радиоактивті изотоп (орган+грекше tropos бағыт) радиоактивті изотоп тірі ағзаның белгілі бір жүйелерінде, мүшелерінде немесе ұлпаларында жиналады.
Медицинада радиоизотопты тексеру - радиоактивті изотоптарды қолданада отырып қалыпты және патологиялық жағдайда ұлпалар мен мүшелердің қызметін және құрылысын зерттеу болып табылады.
Клиникалық радиометрия – уақыт интервалында радиоактивтілікті өлшей отырып адам ағзасындағы мүшелер мен ұлпалардағы радиофармацевтикалық препараттардың концентрациясын анықтау б.т. Терідегі, көз, жұтқыншақтың кілегей қабатындағы, өңеш, асқазан, жатыр және басқа да мүшелердегі ісіктерді диагностикалауға болады.
Радиография - енгізілген радиоактивті препараттың мүшелерге таралуын және жиналу динамикасын тіркеу. Өкпе вентиляциясы, қан айналу сияқты тез ағып өтетін процесстерді тексеру үшін қолданылады.
Бүкіл дененің радиометриясы – арнайы есептегіш құрал көмегімен іске асырылады. Дәрумендер және зат алмасуды, асқорыту жүйесінің қызметін және де ағзаның радиоактивтілігі және радиоактивті ыдырау өнімдерімен ластануды тексеру үшін қолданады.
Сканирлеу және сцинтиграфия – концентрирлейтін препаратты таңдаулы түрде мүшелердің бейнесін алуға болады. Радионуклеидтің таралуы және жиналуы алынған бейне суреттен мүшелердің өлшемін, түрін, топографиясын және де потологиялық ошақты көре алуға болады.
Биологиялық сынамалардың радиоактивтілігін анықтау – мүше қызметін зерттеу үшін тексеріледі. Зәр, қан сары суы, қақырықтың (және басқа да) шартты және салыстырмалы радиоактивтілігі қаралады.
Пробиркада радиоизотопты тексеру – бұл қандағы гормондардың және басқа да биологиялық активті заттардың концентрациясын анықтау б.т. Организмге радионуклеидтер және қосылыстар енгізілмейді; анализ пробиркадағы затқа негізделеді. Әр диагностикалық тест ағзадағы физиологиялық процесстерге радионуклеидтің қатысуымен негізделеді. Лимфа және қан айналымға түсіп, белгілі мүшелерде уақытша жиналуы кезінде жылдамдығы және бағыты тіркеледі. Осыған негізделе клиникалық пікір қойылады.
Гастроэнтерологияда – көкбауыр, сілекей бездерінің өлшемін, орналасуын және асқазан-ішек трактысының қызметін тексеруге болады. Бауырды сканирлеу және сцинтиграфия жасау кезінде қатерлі ісік, эхинококкоз, цирроз және созылмалы гепатит кезінде ошақты және диффузды өзгерістерді байқауға болады. Ұйқы безін сцинтиграфиялау кезінде оның алынған суретінен (бейнесінен) қабынуды және көлемді өзгерістерді анықтайды. Ойық жара ауруы, созылмалы гастроэнтерит кезінде 12-елі ішек және асқазан қызметін белгілі астың көмегімен зерттейді.
Гематологиядан эритроциттердің өмір сүру ұзақтығын, анемияны анықтау үшін радиоизотопты диагностика көмегімен анықтайды. Кардиологиядан жүрек қуыстарына және қан-тамыр бойынша қанның жылжуын бақылауға болады: қалыпты және зақымдалған аймақтарда препараттардың таралу сипаты бойынша миокардтың жұмыс істеу қызметін негіздеп қорытындылауға болады. Миокард инфарктісінің диагнозын негіздеу үшін сциптиграфия –некроз аймақтары бар жүректің бейнесін көрсете алады.
Радиокардиография – жүректің туа біркен және жүре пайда болған ақауларын анықтауда маңызы өте зор. Арнайы прибор – гаммакамера көмегімен жұмыс істеп тұрған жүрек және ірі қан-тамырларды көруге болады.
Неврологияда бас миындағы ісіктерді, олардың түрін, таралуын және локализациясын анықтау үшін радиоизотопты әдісті қолданады. Бүйрек аурулары кезінде физиологиялық тесті болып рентгенография болып табылады: мүшені орналасуымен қызметін бейнелейді.
Онкология үшін радиоизотопты техниканың пайда болуы үлкен мүмкіндіктерге жол ашты. Радионуклеидтер ісіктерде жинақталуы бойынша өкпе, ішек, ұйқы безі, лимфа және орталық жүйке жүйесінің біріншілей рак ауруларын анық диагностикалауға және де кішкентай жаңа түзілістерді де анықтай алады. бұл емнің әсерін бағалауға және рецидивтерді анықтай алады. Рентгенге қарағанда сүйек метастаздарының сцинтиграфиялық белгілерін 3-12 ай бұрын анықтай алады.
Пульмонологияда өкпелік қан айналым және сыртқы тынысалуды "естиді"; ал эндокринологияда йодты және басқа да алмасудың бұзылу салдарынан "көреді", ішкі секреция без қызметтерінің нәтижесі - гормондардың концентрациясын анықтайды. арнайы мамандандырылған маман барлық тексерулерді радиоизотопты диагностикалық лабораторияларда жүргізеді. Енгізілетін радионуклеидтің оптимальді активтілігінің есебі сәуледен қорғануды қамтамасыз етеді. Науқастың сәулені қабылдау мөлшері нақты уақыт аралығымен (регламенттелінген) белгіленген.
Тағайындауды ауру тарихына негіздей отырып емдеуші дәрігердің келісімімен радиоизотопты тексеру әдістері жүргізіледі. Радиоизотопты диагностика бөлімінде тексеру әдістерінің көпшілігі жоспарлы түрде іске асырылады. Сондықтан сол бөлімшенің диспетчеріне сым тетік бойынша алдын ала өтініш (заявка) тастайды, онда келесі мәліметтер хабарлануы тиіс: тексеру әдісінің түрі, науқастың аты-жөнімен тегі, ауру тарихының реттік нөмірі, бөлімше атауы, емдейтін дәрігердің аты-жөні, кезекші медбикенің жеке бекеттегі сым тетігінің нөмірін және хабарлап тұрған хабаршының аты- жөні. Изотопты диагностика бөлімінің диспетчері науқастың келетін күнін, мерзімін және медбикенің жетекшілігімен келуін ескертеді. Изотопты диагностика бөліміне тексерілетін күні науқаспен бірге емханалық және стационарлы ауру тарихтарын апару керек. Тексеру бір себептермен жүргізілмесе кезекші медбике изотопты диагностика бөліміне тез арада хабар беру керек. Ал тез арада тексерілу үшін изотопты диагностика бөлім меңгерушісінің және дәрігердің келісімі қажет. Радиоизотопты тексеру әдісі немесе емге және басқа да диагностикалық тексеру әдістеріне бөгет жасамайды.
Арнайы дайындықты талап ететін тексеру әдістері.
131-натрий йодтың көмегімен қалқанша безін функциональді тексеру.
Тексеруге 3-ай бұрын науқасқа тиім салынады:
рентгеноконтрастты тексеру әдістерін доғару.
Құрамында йоды бар препараттарды қабылдамау.
Тексерілуге 10-күн қалғанда жоғары концентрациядағы йодты және седативті препараттарды доғару.
Радиоизотопты диагностика бөліміне науқас таңертеңгісімен аш қарынға келеді. Радиоактивті йодты қабылдағаннан 30-минут өткен соң науқас таңғы асын ішуіне болады.
131-натрий йодид көмегімен қалқанша безінің сцинтиграфиясы.
Сцинтиграфия бөлімшесіне науқас таңертең аш қарынға келеді. Радиоактивті йодты қабылдаған соң 30-минут өткен соң науқас таңғы асын ішуіне болады. Препаратты қабылдап болғаннан соң 24-сағат немесе бір тәулік өткеннен кейін қалқанша безінің сцинтиграфиясы жүргізіледі.
Ультра дыбысты диагностика – ультра дыбыс көмегімен ағза мүше және ткандерінің патологиялық өзгерістерін анықтау болып табылады.
Эхолокация принципіне негізделген – жіберілген сигналдарды қабылдап, әр түрлі акустикалық қасиеттерге ие тканді орта бөлік беткейі бейнеленеді.
УДЗ (эхография, сонография) – ионизирлемейтін тексеру әдісіне жатады. Ыңғайлы, қолайлы, зиянсыз және жоғары деңгейде ақпараттандыруымен клиникалық практикада кең тарала бастады. Кей кезде диагнозды толық қою үшін ультра дыбысты зерттеужеткілікті болып жатады. УДЗ арнайы дайындықты талап етпейді. Құрсақ қуысының мүшелерін тексеруді таңертең ашқарынға, ал әйел жыныс мүшелерін, құрсақ үсті безі, қуықты тексеруді қуық тола кезінде жүргізу ұсынылады. УДЗ әр-түрлі қан-тамыр патологиясын ажырату үшін маңызды болып табылады. Эхографияны жүрек ауруларының диагностикасында қолданады.
Ультра дыбыс көмегімен жүректің систололық көлемін, миокард, гемодинамикалық көрсеткіштерді, жүрек ақауларын және де перикардты анықтайды.
Пульмонологияда – плевра қуысындағы сұйықтықты анықтау үшін қолданылады. Қалқанша безі, құрсақ қуысындағы және құрсақ артындағы кеңістікте орналасқан мүшелердің қызметі туралы маңызды мәліметті алуға жол береді.
Құрсақ қуысының мүшелерін ультра дыбысты зерттеуді жүргізуге көрсетілімдері: тексеретін мүшелерде даму аномалияларына күдіктенгенде, жедел және созылмалы қабыну аурулары (гепатит, бауыр циррозы, жедел және созылмалы холецистит, панкреатит) қатерлі және қатерсіз ісіктерді және де жүргізіліп жатқан емнің әсерін бақылау үшін де қолданылады.
Асқорыту жүйе ауруларын диагностикалау әдістері- ыңғайлы, қолайлы, бағасы тиімді және орындау кезінде қарапайым, нақтылығы, қатерсіз және қауіпсіз. Мысалы: өт тас ауруын диагностикалаудың нақтылығы 100%, кейбір мәліметтер бойынша 98-99%.
Өт қабын УДЗ- туа пайда болған ақауларды диагностикалай алады. ісік, киста, гематома және тағы басқа мүшелердің ұлғаю себебін анықтау мақсатымен спленомегалия кезінде қолданылады. Асқазан және ішектерді УДЗ- ісіктерді анықтау үшін маңызды.
Бүйректі УДЗ- патологиялық процесстерді, зақымдалуды, даму ақауларына күдіктенгенде жүргізіледі.
Көрсетілімдері:тұрақты артериальді гипертензия, макро және микро гематурия, интра- немесе паранефральді гематоманың болуы және бүйрек паренхима бүтінділігінің бұзылуымен бүйрек жарақаты - ткандердің тығыздылығы, құрылысының бұзылуымен өтеді.
Сонографияның қажетті маңызы болып - зәрағардың жоғарғы бөлігі, тостаған-лоханкалы комплекстің кеңею белгілерімен жоғарғы зәр шығару жолдары бойынша зәр пассажының жедел және созылмалы бұзылысының диагностикасында қолданылады. Тексеру нәтижесі мүшенің функциональді жағдайына байланысты емес және жоғарғы зәр шығару жолдарының обструкциясының барлық түрі кезінде мәлімет алуға мүмкіншілік береді. «акустикалық жол» және жоғары эхогенді аймақтардағы конкременттерге тән химиялық құрамына байланысты емес бүйрек тастарының көлеміболып 0,4-0,5 см болып табылады.
Урологиялық практикада қуық, қуық үсті безі , аналық бездерді және зәр шығару каналын тексеруге ультра дыбысты зерттеу кеңінен қолданылады.
Гинекологияда тексеруді трансабдоминальді және трансвагинальді әдіспен жүргізеді. Спайкалы процес және семіздік ауруымен ауыратын әйелдерде кіші жамбас мүшелерін нақты визуализдей алады. Жүктіліктің ерте мерзімін (2 1∕2 – 3 апталық) сонография көмегімен анықтауға болады. Овуляция стимуляциясының нәтижесін, доминантты фолликуланың өсуін динамикалық бақылау үшін қолданады. Корпоральдыдан тыс ұрықтандыру үшін аналық клетканы алу кезінде фолликуланың қызметін ультра дыбысты сканирлеуді бақылап отырып жүргізеді.
Оториноларингологияда – ең бірінші жоғарғы жақ және аз дәрежеде маңдайды, мұрын маңындағы қойнауды тексеру үшін қолданады. Ісіктерді, кисталарды, полипозды анықтайды, кілегей қабаттың ісігін анықтауға мол мүмкіншілік береді.
Офтальмологияда – көз ішіндегі дөрекі патологияларға күдік туса УДЗ бірден бір көрсетілім болып табылады. УДЗ науқасты дайындау үлкен маңызға ие, өйткені тексеру нәтижесі және алынатын бейне сурет сапалы болу үшін.
Ішкі мүшелерді ультра дыбысты зерттеу: кеуде клеткасынУДЗ.
Тексеру мақсаты: кеуде клеткасындағы сұйықтықты анықтау.
Көрсетілімдері:
R-граммада көрінетін патологиялық өзгерістер.
базальді плевритке күдіктену.
пункция алдында плевральді қуыстағы сұйықтықтың орнын анықтау.
Арнайы дайындықты талап етпейді.
Бауырды УДЗ.
Тексеру мақсаты: көлемді көрсетілімдердің болуы (көлемінің өзгеруі) құрылымның локальді немесе диффузды өзгерісін анықтау. Ісікті түзілулерді (ісіктер, киста және т.б.) түрін және топографиясын анықтау.
Көрсетілімдері:
бауыр ұлғаюының физикальді белгілері.
сарғаю.
гепатит, цирроз, майлы дистрофия.
бауырдың көлемді ұлғаюы.
асцит, метастазды анықтаған кезде ғана біріншілік ісікті табу.
бауыр ауруларының ағымын динамалық бақылау.
диспансеризация бағдарламасы бойынша профилактикалық тексеру.
Қарсы көрсетілімдері: жоқ.
Дайындау.
Науқастың өзінде сүлгісі немесе салфеткасы болу керек
Құрсақ қуысын УДЗ сәтті жүргізу үшін метеоризмді болдырмауға бағытталған диетаны бір жарым тәулік бұрын сақтау керек.
Газ түзетін өнімдерді тағам рационынан мүмкіншілігінше алып тастау: шикі жеміс-жидектер, ашытып тұздалған капуста, сок, қара нан, сүт және де газдалған сусындар.
Тексеру әдісі 8-12 сағат бойы тамақ қабылдамай яғни түнгі аштықтан кейін таңертең аш қарынға жүргізіледі. Тексерілу таңертеңгі уақыттан өтіп кетсе немесе науқас инсулин тәуелді қант диабетімен ауыратын жағдайларда кептірілген ақ нан жегізуге және қанты аз шәй ішкізуге болады. Науқаста белгілі бір аурумен ауыратын болса, медикаментозды коррекцияны талап ететін дәрігер тағайындауларын үзуге болмайды. УДЗ жасайтын дәрігерге науқастың дәрі-дәрмек қабылдағанын ескерту керек. Тексеру алдында темекі тартуға болмайды, өйткені ол өт қабының жиырылуына алып келіп дәрігердің қате қорытынды жасауына немесе қателік жасауына алып келуі мүмкін. Тексерілуге 2-3 күн қалғанда метеоризмді болдырмау мақсатымен науқасқа активирленген уголь немесе карболенді (0,5-1,0г күніне 3-4 рет) ішке қабылдауға тағайындайды. Асқорыту мүшелерінің жедел және созылмалы ауруларының бар не жоғына қарамай ферментті препараттарды (мезим-форт, панкреофлат жәнет.б.) қабылдаған пайдалы. Тазалау клизмасын тексерілу алдында немесе тексерілетін күні жүргізу өте қажетті емесе, бірақ-та дәрігерден сұраған жөн.
Тексеру мақсаты: көлемінің ұлғаюы (салмағы, көлемі және өлшемі), құрылымының диффузды немесе локальді өзгеруі; ісік, кисталарды және түрін, топографиясын анықтау.
Көрсетілімдері:
қалқанша безінің физикальді өзгерістері
физикальді өзгерістер болмағанмен клиникалық белгілерінің болуы
сцинтиграфиядан қалқанша безінен "суық" ошақты (киста немесе түзіліс) анықтау.
қатерлі ісікке күдіктенгенде біріншілік ошақты анықтау
өте жоғарғы қауіп тобын диспансерлі бақылау
қалқанша без ауруларын емдеу барысында динамикалық бақылау
Қарсы көрсетілімдері: жоқ.
Арнайы дайындықты талап етпейді.
Тексеру қалай жүргізіледі?
Эндоскопиялық тексерулерді орындау жалпы принципі болып организмнің табиғи саңлауы арқылы эндоскопия үшін аппаратты енгізу болып табылады. Аш ішекті, асқазанды және өңешті тексеру кезінде эндоскопиялық тексерулерді орындау жалпы принципі болып эндоскопты ауыз арқылы енгізеді. Бронхоскопия кезінде аппарат ауыз арқылы және ары қарай тыныс алу жолдарына енгізіледі. Тоқ және тік ішекті тексеру үшін эндоскоп артқы саңлау арқылы енгізіледі.
Лапароскопия, артроскопия- буын және құрсақ қуысын тексеруде аппаратты енгізу үшін арнайы жасанды саңлауларды прокол жасау арқылы жасайды. Науқастарға осы процедураны жасағанда субъективті қолайсыздықты тудырады. Эндоскопты енгізген соң, ол тексеретін мүшеге қарай бағыттап жылжылынады. Қуыс және кілегей қабаты қаралады, көбінесе дәрігерді “қызықтырған ” аймақты түсіріп алуға болады. Кәзіргі техниканың прогрессімен тексеру кезінде барлық процесті бейнетаспаға түсіріп алуға да болады. Тексеру кезінде ісікті процеске күдіктенсе биопсия жасалынады (цитологиялық тексеруге тканнің кішкентай бөлігін алу).
Эндоскопиялық тексеру әдісінің артықшылығы.
Оптика-механикалық жарықтатқыш аспаптарының көмегімен визуальді тексеру әдіс. Арнайы оптикалық эндоскоптың көмегімен эндоскопиялық тексеру әдістері асқазанның, өңештің, он екі елі ішектің (эзофагогастродуоденоскопия), тік ішек және сигма тәрізді ішектің (ректороманоскопия) тоқ ішегінің (колоноскопия), құрсақ қуысының мүшелерінің (лапароскопия) кілегей қабатын тексеруге болады және биопсия жасап ары қарай гистологиялық тексеруді жүргізуге және де емдік манипуляцияларды жүзеге асыруға да болады.
Эзофагогастродуоденоскопияға науқасты дайындау қалай жүргізіледі?
Фиброгастродуоденоскопия-асқазан, он екі елі ішек және өңешті эндоскопиялық тексеру әдістері болып табылады. Эзофагогастродуоденоскопия-кезінде науқасты арнайы дайындауының қажеті жоқ. Жоспарлы гастроскопияны азанда, аш қарынға жүргізеді; ал жедел гастроскопияны тәуліктің кез келген уақытында орындайды. Науқасқа тексеруге дейін 30 мин бұрын тері астына 0,1% 1мл атропин ерітіндісін енгізеді; тексеру алдында дикаин ерітіндісімен жұтқыншақтың кілегей қабатына жергілікті анестезия жасайды. Эзофагогастродуоденоскопиядан кейін 1-1,5сағатқа науқасқа тамақ ішкізбейді (жұтынудың өз қалпына келгенінше). Биопсия алынған болса, сол күні тамақты салқын етіп береді.
Көрсеткіші:он екі елі ішек және асқазан аурулары.
Кері көрсеткіші:өңештің тарылуы, инсульт, психикалық қозу, омыртқаның айқын деформациясы, төс артындағы зоб, өңеш веналарының варикозды кеңеюі.
Процедураны орындау.
1.Науқасқа тексеру азанда, аш қарынға жасалатынын ескерту, соңғы рет тамақтануы 18.00 болуы қажет.
2.Тексеруге 30мин бұрын 0,1% 1мл атропин сульфат ерітіндісін тері астына енгізу.
3.Тексеруге 3-5мин қалғанда ауыз қуысының кілеге қабатын 1% лидокаин ерітіндісімен жергілікті жансыздандыру қажет.
4.Тексеру универсальді операционды столда жүргізіледі. Науқасты сол бүйірімен жатқызу. Тексеру кезінде науқас жағдайын бақылау қажет.
Тексеруден кейін 1-1,5сағ-қа су және тамақ ішуге болмайтынын науқасқа ескерту. Жұтыну кезінде ауырсыну сезімі пайда болса 3% натрий гидрокарбонат ерітіндісімен немесе 0,02% фурациллин ерітіндісімен шаюды ұсыну.
Ректороманоскопия (тік және сигма тәрізді ішекті эндоскопиялық тексеру).
Мақсат:тік және сигма тәрізді ішекті визуальді тексеру.
Қажетті заттар:стерильді иілгіш ректоскоп.
Науқасты процедураға дайындау.
1.Науқасқа тексеру мақсатын түсіндіру.
2.Тексерілу алдында яғни кешке және тексерілетін күні 1,5-2сағ бұрын тазалау клизмасын жасау.
3.Тексерілу алдында қуықты босату.
4.Азанда аш қарынға тексерілуге келу.
Процедураны орындау.
1.Науқас арқасымен аяғын ашып жатады, 25-30см тік ішекке иілгіш ректоскопты енгізеді.
2.Тексеруді дәрігер орындайды.
3.Тексеріп болған соң ректоскопты алады.
4.Қолданған инструменттерді, ректоскопты дезинфекциялау қажет.
5.Науқасқа тыныштық орнату.
Колоноскопия (тоқ ішекті эндоскопиялық тексеру).
Мақсат:ток ішектің жоғарғы бөліктерін визуальді тексеру.
Қажетті заттар:стерильді колоноскоп.
Процедураға науқасты дайындау.
Науқасқа тексеру мақсатын түсіндіру.
Тексеру алдында 3күн бұрын №4 шлаксыз диетаны науқас сақтау қажет.
Тексеруге дейін 2 күн бойы ішті айдайтын дәрілік заттарды тағайындайды (кастор майы).
Тексеру алдында кешке тазалау клизмасын жасау.
Тексеру күні аш қарынға тексеруге дейін 4 және 2 сағ бұрын тазалау клизмасын жасау.
Тексеруге 20-30мин бұрын дәрігер тағайындауы бойынша премедикация жасау.
Процедураны орындау.
1.Науқас сол бүйір жанымен жатады, процедураны дәрігер орындайды.
2.Колоноскоп енгізер бұрын тік ішек айналасын анестезия жасау(3% дикаин мазьі).
3.Тік ішекке колоноскопты енгізу.
4.Тексеріп болған соң колоноскопты шығарып алады.
5.Қолданылған инструменттерді, перчаткаларды және колоноскопты дезинфекциялау.
6.Науқасты палатаға апарып тыныштық орнату.
Бронхоскопия-науқас тынысалу жолдарына енгізген эндоскоп көмегімен ірі және орта калибрлі бронхты, трахеяны визуальді тексеру әдісі болып табылады. Иілгіш және қатты бронхоскоптар қолданылады. Бұлардың көмегімен ірі бронхтарды ғана емес майда диаметрлі бронхтарының кілегей қабатын көруге мүмкіндік туғызады. Бронхоскопия көмегімен бронхтарының қабыну процессінің белгілерін, өкпедегі ісікті, қан түкіруінің және ұзақ жөтелдің себебін және лимфа түйіндерінің ұлғаюын анықтауға болады. Бронхоскопия кезінде көруден басқа, қосымша тағыда мынадай манипуляцияларды жасауға болады: бронхтың секретін сорып алу, бронхтың кілегей қабатының кішкене бөлігін биопсияға алу; және де бронхтарды тесіп өкпе тканінен, лимфа түйінінен биопсия алу. Емдік процедураларды жасауға болады: бронхтарды жуу, дәрілік заттарды енгізу, бронхтан қанды және іріңді сорып алу.
Дайындау:тексеруді жүргізу алдында науқасқа тексеру мақсатын, тексеру кезеңін айтып түсіндіру және үйрету. Тексеруге бірнеше күн қалғанда дәрігер тағайындауы бойынша тыныштандыратын дәрілік заттарды науқасқа беру. Тексеру күні азанда су, тамақ, дәрілік зат ішуге және темекі тартпауға сұрану. Тексеру алдында қуықты және ішекті босату. Дәрігер тағайындауы бойынша процедура алдында 15мин бұрын бронхоскопты бос енгізу үшін премедикация жасайды. Эндоскопиялық бөлмеге науқасты жеткізу. Орындыққа науқасты отырғызу. Жоғарғы тыныс жолдарын 10% новокаин ерітіндісімен немесе 2% лидокаин ерітіндісімен анестезия жасайды.
Ауыз немесе мұрвн арқылы бронхоскопты дәрігер енгізеді, ал медбике көмектеседі.
Процедураны аяқтаған соң асфексияның алдын алу шараларын жүргізу қажет. Арнайы нұсқау бойынша қолғап, инструменттерді, бронхоскопты стерилизация және дезинфекцияны жүргізу.
УДЗ-қолайлығы қандай?
Асқорыту мүшелерінің ауруларын диагностикалау үшін ультра дыбысты тексеру (эхография) кеңінен қолданылады. УДЗ-көмегімен құрсақ қуысындағы әр түрлі мүшелерінің құрылысын, көмегін, түрін, орналасуын және бауыр, өт қабы, ұйқы безінің ісігін немесе кистасын және тағы басқа ультра дыбысты тексеру көмегімен анықтауға болады.
УДЗ-ге дайындау қалай жүргізіледі.
Құрсақ қуысындағы мүшелерінің эхографиясын азанда, аш қарынға жасайды. Дайындау кезінде метеоризмге қарсы күрес жүргізіледі, ішекте газдың жиналуынан тексеретін мүшенің ультра дыбысты визуализациясы қиындық туғызады. Тексеруге 3күн қалғанда метеоризмді болдырмау үшін диета және активирленген угль немесе карболен (0,5-1,0г күніне 3-4рет), және де (көрсеткіш бойынша)мыс:фестал сияқты ферментті препараттар тағайындалады.
УДЗ-науқастың жағдайы.
Бүйректі ультра дыбысты тексеру науқасты ішімен бетін төмен қаратып жатқызу, отырғызып та тексеруге болады. Датчик іштің бүйір беткейінде немесе арқасы жағынан қойылады.
Бауыр, ұйқы безін ультра дыбысты зерттеу оң немесе сол бүйірімен, арқасымен жатқызып жүргізіледі. Тексерілетін мүшенің топографиясына сәйкес теріге арнайы гель жағып датчикпен тексереді.
Әйел жыныс сферасын ультра дыбысты зерттеу науқасты арқасымен жатқызып, қуық тола кезінде жүргізіледі. Алдыңғы іш перде қабатына арнайы гель жағылып датчикпен жасалады.
Көрсеткіш:құрсақ қуысындағы мүшелерінің аурулары.
Процедураны кезектілікпен орындау.
1.Тексеруге 2күн қалғанда тағам рационынан метеоризмді болдырмайтын тағам өнімдерін қабылдауды науқасқа ескерту.
2.Тексеруге бір күн қалғанда ұйықтар алдында активирленген угльдің 8 таблеткасын қабылдауын қадағалау.
3.Іші айқын кепкен кезінде ферментті препараттарды ішуін ұсыну (фестал, панзинорм).
4. Тексерілуге 8-10сағ қалғанда тағамды қабылдауға тиім салу.
11. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин (22%)
Оқушылардың білім деңгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.
ТЕСТТЕР:
1 Ультра дыбыс бұл:
А) адамға естілмейтін, физикалық ортада толқулар
Б) электромагнитті толқынның түсуі
В) оптикалық сәулелену
Г) корпускулярлы сәулелену
2 Тәулік ішінде бөлінетін өттің мөлшері қалыпты жағдайда қанша:
А) 200-400 мл
Б) 500-700 мл
В) 500-1500 мл
Г) 1500-2000 мл
3 Ультра дыбысты тексеру бұл:
А) қабат бойынша рентгенологиялық тексеру
Б) рентгенологиялық тексеру
В) эхолакация принципіне негізделген диагностика
Г) барлығы дұрыс
4 Холеграфияға көрсеткіш:
А) созылмалы холецистит
Б) өт тас ауруы
В) өт жолдарының дискенезиясы
Г) барлығы дұрыс
5 Холеграфияға қарсы көрсеткіш:
А) созылмалы бауыр аурулары
Б) созылмалы холецистит
В) жүктілік
Г) йодқа организмнің өте сезімталдығы
6 Рентгенологиялық тексеру үшін қандай препарат қолданылады:
А) атропин
Б) баралгин
В) билигност
Г) энзопрост
7 Рентгеноконтрастты зат қай жерге енгізіледі:
А) күре тамырға
Б) зонд арқылы он екі елі ішекке
В) клизма көмегімен тік ішекке
Г) барлығы дұрыс
8 Қандай тексеру әдісінде арнайы дайындауды талап етпейді:
А) УДЗ және холецистография
Б) УДЗ және холеграфия
В) Холецистография және холеграфия
Г) барлық тексеру әдісіне дайындау қажет
9 Холецистография кезінде қандай асқынулар болуы мүмкін:
А) басайналу
Б) көңілінің айнуы
В) іш өту
Г) барлығы дұрыс
Д) барлығы дұрыс емес
10 Йоды бар препараттаға организмнің сезімталдық белгілерін тап :
А) көзінен жас ағу, түшкіру, насморк
Б) көңілінің айнуы, құсу
В) гиперемия, ісіну, инъекция жасаған аймағының ауырсынуы
Г) барлығы дұрыс
СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР:
1.Холеграфиядан кейін науқаста асқыну пайда болды; басының ысыған сияқты сезімнің пайда болуы, аузына металды дәмнің келуі, басайналу, көңілінің айнуы, кейде ішінің ауырсынуы. Медбике науқасты тексеруге дайындау кезінде қандай іс-әрекетті ұмытты ?
2.Науқасқа йодты препараттың сынамасын жасаған кезде йодқа организмнің өте сезімталдығы анықталды. Сіздің ары қарай тактикаңыз қандай ?
3.Науқасқа йодты препараттың сынамасын жасамас бұрын, науқастан осы препаратты көтере алмау белгілері болды ма деп анықтап алу қажет пе ? Ия болса, қандай мақсатпен.
4.Тексеруге 12-14 сағ қалғанда контрастты препаратты ішуге береді. Контрастты препаратты қалай дұрыс берген жөн ?
5.Тексеруге қанша уақыт қалғанда тазалау клизмасын жасайды. Тазалау клизмасының жасау техникасын айтып беріңізші ?
12. Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)
оқытушымен кері байланыс, практикалық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.
13. Үйге тапсырма беру: 5 мин (6%)