Байланысты: 4808321122301 слайд процестер мен аппараттар
Абсорбция кезінде сұйық сіңіргішермен (абсорбент) газ немесе буларды селективті сіңіруі байқалады. Яғни, зат газ немесе бу күйден сұйық күйге өтеді. Физикалық және хемосорбция бар. Физикалық абсорбция кезінде газдың еру процесінде химиялық реакция болмайды. Хемосорбция кезінде абсорбцияланатын газ сұйық фазада химиялық реакцияға түседі.
Абсорбция процестері техникада көмірсутекті газдарын бөлу үшін және тұз бен күкірт қышқылын, аммиакты суды алу үшін қолданады. Абсорбцияны аппаратты-технологиялық рәсімдеу күрделі емес, сондықтан абсорбция процестері техникада кеңінен қолданылады. Абсорбция процестерін жүргізуге арналған аппараттар абсорберлер деп аталады.