Шектік шарттар ұқсастығыосы шарттарды сипаттайтын шамалардың барлық мәнінің ара қатынасы уақыттың ұқсас сәттерінде ұқсас нүктелер үшін тұрақты сақталуымен тұжырымдалады. Бастапқы шарттар ұқсастығыпроцесті зерттеу басталатын бастапқы сәтте процесті сипаттайтын физикалық шамалар өрістерінің ұқсастығының сақталуымен түсіндіріледі.
Тәжірибе 3 Құбырдың ұзындық кедергісін анықтау
Тамақ өнеркәсібіндегі сұйықтар (газдар) құбырлар арқылы тасымалданады және ол үшін көптеген энергия шығындалады. Сондықтан нақты сұйықтардың құбырлармен қозғалысындағы гидравликалық кедергілерді есептеу гидродинамиканың ең негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.