Байланысты: 4808321122301 слайд процестер мен аппараттар
Орныққан процесс кезінде аппараттағы температура өрісі уақытында өзгермейді. Орнықпаған процесс кезінде температура уақытында өзгереді. Орныққан процестер үздіксіз әрекет ететін аппараттарда жүреді. Ал орнықпаған процестер кезеңді әрекет ететін аппараттарда, үздіксіз әрекет ететін аппарататрды тоқтату мен қосу және олардың жұмыс тәртібін өзгерту кезінде жүреді.
Берілетін жылу саны мен жылуалмасу жазықтығының арасындағы тәуелділік жылу берудің негізгі теңдеуі деп аталады: dQ=KF∆tортdτ, ол орныққан процесс үшін мына түрге ие. Q=KF∆tорт, мұндағы, dQ – берілген жылу саны; К – орталар арасындағы жылу беру коэффициенті; F – жылу алмасу жазықтығының ауданы; ∆tорт – орталар арасындағы температура айырмашылығы; dτ – процесс ұзақтығы.