Тексерулік есептеу.Тексерулік есептеу нақты міндетті орындау үшін бар жылуалмасқыштың жарамдылығын анықтаудан тұрады. Яғни, бар ∆tб және қажетті ∆tқ температуралық тегеуріндердің ара қатынасын анықтау: Бар температуралық тегеурін ∆tб – жылуалмасу кезінде қолданылуы мүмкін температуралардың максималды айырмашылығы, ал қажетті тегеурін ∆tқ – аталған жылуалмасқышта технологиялық қажетті жылу ағының беру үшін температуралардың қажетті айырмашылығы.
Тәжірибе 8 Жылуалмасу аппаратын сынау
Жылуалмасу процестерін жүргізу үшін тамақ өңдірісінде қолданылатын аппараттарды жылуалмасқыштар деп атайды. Жылуалмасқыштардың құрылымы әртүрлі, бұл аппараттардың әртүрлі бағытымен және процестерді жүргізудің әртүрлі шарттарымен түсіндіріледі.