5.1. Стандарт С-4 (Первомур )ерітіндісінен қолды өңдеу техникасы.
Мақсаты: операция алдында қолды зарарсыздандыру.Ерітінді қолды жəне операция алаңын
өңдеуге қолданылады.
Қоры: 2,4 %-дық первомур ерітіндісі сабын залалсыздандырылған сүлгі, легенге фишерді
салу.
Ескерту: С-4 қоспасы мыналардан тұрады: 33% сутегі асқын тотығы (171 мл),85%- дық
құмырсқа қышқылы (81мл) жəне дистилделген су (10л дейін); 2,4 %
Первамур ерітіндісі
дайын болу үшін 1,5 сағ. Тоңазытқышқа қойылады. Дайын ерітіндіні 10 л дистилденген суға
салады.
Алгоритм əрекеті:
1.
Ағын судың астында 1 мин бойы қолды сабынмен жуыңыз, саусақ ұшынан бастап
білектің ортаңғы бөлігіне дейін.
2.
Залалсыздырылған сүлгімен қолды құрғату.
3.
2,4 % первомур ерітіндісі бар ыдысқа қолыңызды салыңыз.
4.
Ережені сақтай отырып қолыңызды 1 мин. өңдеу: 30 сек. шынтаққа дейін жəне 30 сек.
тек білекті.
5.
Ерітіндіден 1 фишерді алып тастау. Сыйымдылығы 5 л шарадағы ерітіндіге 10 адам
қол жууға болады.
6.
Қолыңызды зарарсыздырылған сүлгімен қолыңызды құрғатыңыз.
Ескерту: Зарарсыздандырудан бұрын қолыңызды ереже
бойынша мұқият жуыңыз
∙
Тырнақтары қысқа алынған болу керек (микробтардың 90 %-ы тырнақ астына
жиналады), қолдағы жарық жаралар мен қабыршықтар жəне қабынулар болмау керек.
∙
Сақинаны (жүзікті) шешу;
∙
Шынтақпен ашылып жабылуы ыңғайлы қол жуғышта жуу;
∙
Су білектен шынтаққа қарай ағылып жуылуы керек;
∙
Оң қолдың саусақтарымен сол қолды, сол қолдың саусақтарымен оң қолдың саусақтар
арасын жуу;
∙
Алақанмен білектерді ысқылап жуу