ОӘЖ 51-053. 5 Математика сабағында ойын элементтерін пайдалану



Дата18.03.2017
өлшемі50,91 Kb.
#12024
ОӘЖ 51-053.5

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ

Дильдабек С.-102-12 тобы студенті

Тойшықулова Ж.-с102-14ж тобы студенті

Ғылыми жетекшісі Алиева К.С.-аға оқытушы,ҚР білім беру ісінің үздігі

Оңтүстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты

Резюме

В статье рассматриваются вопросы применения элементов игры на уроках математики.

This article discusses the use of elements of the game in the mathematics lessons.

Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Жолдауында білім берудің басымдықтарын атап өтті. Жолдауда: «Барлық дамыған елдерде өзіндік сапалы оқыту жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық сатысында білім сапасын арттыруға біздің міндетте тұр» делінген болатын.

Сапалы білім-ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету-мұғалімнің басты міндеті. Осыған орай, әр пәнді, соның ішінде бастауыш сынып математикасын оқытудың ғылыми дәрежесі анағұрлым жоғары болуын, ғылым негіздерінің бәрі игерілуін, тәрбие жұмысының жақсартылуын қамтамасыз ету бағытында әр алуан шаруалар жүзеге асырылуда.

Сондықтан қазіргі мектеп мұғалімдері алдында тұрған аса маңызды міндет талабы таудай – жеке тұлғаны өсіріп шығару. Білім негізі бастауыштан басталғандықтан жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.

Мектеп оқушыларының мектепке келгенге дейінгі әрекеті ойын десек, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу (таным) әрекетіне бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында қолданылатын ойындар арқылы жүзеге асырылады. Ойын баланың сабаққа ынтасын аударуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойынның түрлері өте көп: ойын сабақ, ойын-жаттығулар, сергіту ойындары. Сабақта ойын элементерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдылық белсенділігін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Алайда ойынды үнемі оқу үдерісіне пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, сабақ кездеріне нұсқан келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс. Оқушылардың қызығушылығын арттырудың бір көзі–математикалық ойын элементтері.

Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес.

Ұлы Абай бала психологиясының басты ерекшелігі – білуге құштарлық деп есептейді. Абайдың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады .

Ойындарды пайдалану математика сабағында оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеудің маңызды құралы болып табылады. Ойында , оқу мен еңбек сияқты, баланың іс-әрекетінің бір түрі. Ойын бала үшін нағыз өмір. Сондықтан мұғалім математика сабағында ойындарды пайдалану арқылы жас бүлдіршіндердің білімге деген ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін арттырумен бірге өз халқымыздың ғасырлар бойы салт-дәстүрін, ата мұрасын дамыту, яғни пәнге деген сүйіспеншілдігі, қызығушылдығы қалыптастырылады. Математиканы оқытуда бағдарламаның негізгі тақырыптарын оқып-үйренгенде қолданылатын ойындар оқушылардың математикалық ұғымдарын арттырады. Есептеу дағдыларын шыңдай түседі, балалардың тапқырлығын арттырып, қызығушылығын дамытады, теориялық мәселелерді меңгеруге және оларды практикада қолдануға машықтандырады, жалпы алғанда олардың ынтасын арттырады. Ойындарды өткен сабақтарда қайталау кезінде де қолдануға болады. Ол жағдайда сабақтың мазмұнын байыта түседі, балалардың қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі. Математика сабағында “аз”, “көп” ұғымдары баланың зердесіне ұялату оңай нәрсе емес. Ал,оны қарапайым ойынының негізінде түсіндіре бастасақ, ол онша қиындық келтірмейді.

Оқушылардың белсенділігін арттыра түсу мақсатында әрбір сабақты түрлендіріп өткізу орынды. Сонымен қатар математика сабағында ойында пайдалану мүмкіндігі өте көп: оларды қолдану ретіне қарай түрлендіріп өтуге болады. Мысалы: «Математикалық жарыс», « Балық аулау», «Кім тапқыр» т.б. Ойын арқылы оқушылардың ойлау қабілеті артады, өз беттерінше орындауға дағдыланады. Осы мәселелерді ескере отырып, өзімнің іс- тәжірбиемде математика пәнінен сан ұғымын қалыптастыруда: натурал сан және нөл саны туралы түсінік; теріс емес бүтін сандар туралы түсінік, сандарды шығарып алу тәсілдері және салыстыру; натурал сандар қатары, оларды құру принциптері туралы түсінік, сандар разряды туралы түсінік, сандарды оқу және жазу; сандарды жазудағы ондық принципі, сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу тақырыптарында пайдаланған дидактикалық ойындарды қарастырайық:

«Бірде - бір»

Дидактикалық мақсаты. Сандардың бірліктерден құралатынына балалардың көздерін жеткізу.

Ойын мазмұны. Тақта алдында 10 оқушы шығып, қатар тұрады. Ең бірінші тұрған бала бір деп бір қадам алға шығып тұрады, бір қосу екі деп екінші бала бірінші баланың жанына келіп тұрады. Екі қосу бір үш деп екінші баланың қатарына тұрады. Әрі қарай ойын жалғастырылады.

Математика сабағында ұлттық ойындарды үнемі пайдалану арқылы оқушыларды ауызша есептерге жаттығуына логикалық ой-жүйелерін жетілдіре түсінуіне толық мүмкіндік бар. Олардың қатарына халықтың байырғы ауызша есептерін, халық ойындарын жатқызуға болады, атап айтқанда, “Хан талапай”,“Ханым дат”, “Ақ сүйек”, “Қыз қуу”,т.б. Мысалы,

Хан талапай” ойыны.

Дидактикалық мақсаты: Санау дағдыларын бекіту. Артық , кем түсініктерін тиянақтау.

Қажетті құрал-жабдықтар: Асық (саны 20).

Мазмұны: Ойынды сыныппен жарыс түрінде өткізуге болады.

Талапай-ау , талапай.

Табылды ойын, алақай.

Асықты алға шашамыз.

Талапайға басамыз –деп өлең шумағын айтып, асықты шашып жібереді.Оқушылар шашылған асықты жинап алады. Әр оқушы өзінің қолындағы асықты сыныппен қосыла хормен санап шығады. Асықтардың саны анықталған соң, салыстыру жұмысы жүргізіледі. Кім асықты көп жинады?

Нешеу? Қаншасы артық? сияқты сұрақ қоя отырып, жеңімпаз оқушыны мадақтайды.

Қорыта айтқанда, ойындар ата-бабамыздан бізге келіп жеткен, өткенді мен бүгінді байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. Сонымен қатар ойын тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін,адамға қиялы мен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы демекпіз.


Әдебиеттер:

1 Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Жолдауы. 2014ж

2 Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогиксы.- Алматы.,2001.

3 А.Асарбаев Ұлттық ойындар-халық педагогикасының құрамдас бөлігі //Ұлт тағлымы.- 2012, №2.- 12бет



4 Алиева К.С., Байдыбекова Е.И. Бастауыш сыныптарда математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану.- Шымкент., 2004.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет