4.2 Есеп құжаттарын ресімдеу талаптары.
Барлық құжаттар мұқаба парағы түссіз, титул парағы бар пластикалық скоросшивательде (тезтікпе) тапсырылады. Титул парағын басып шығарып, мұқият түрде көк сиялы қаламмен толтыру керек. Барлық аты-жөнді толық жазып, күні мен қол қойылуы тиіс.
Барлық құжаттар қатаң түрде үлгіге сәйкес толтырылады. Компьтерде теріліп (14 rt, Times New Roman, жоларалық интервал, ені теңестірілген, азат жол - 1,25 см, өрісі: сол жағы - 3 см, оң - 1 см, жоғарғы және төменгі -2 см), А-4 қағазына шығарылып жеке файлдарға салынады және электрондық нысанда (компакт-дискіде, флэш картада) тапсырылады. Студент-практиканттар өткізген шаралар бейнежазбаларға тіркеледі және электронды нұсқада тапсырылады.
Негізгі бет нөмірленбейді. Келесі беттер құжаттың құрылымы бойынша нөмірленеді. Есептің үлгілік құрылымы 8 қосымшада берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |