4.1 Есепке қойылатын талаптар
Практика кезінде студенттер практиканы өту туралы жазбаша есеп, күнделітер толтырады.
Жұмыс барысында студенттер күнделікке орындаған тапсырмалар туралы қысқаша мәліметтер енгізеді.
Өндірістік педагогикалық практика бойынша есеп мыналарды қамтуы тиіс:
1 Өндірістік педагогикалық практика күнделігі.
2 Пән мұғалімінің (тәрбиешінің) қолымен куәландырылған қысқа мерзімді (сабақ бойынша) сабақ жоспарлары, пәндер бойынша орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспар (Қосымша 1).
3 Пән мұғалімдері мен курстастарының сабақтарына қатысу және талдау (аптасына кемінде 3 сабақ, практика кезеңінде кемінде 27 сабақ)-сабақтарды бақылау парақтарын толтыру (Қосымша 2).
4 Кем дегенде екі тәрбиелік іс-шара әзірлеу (сценарий).
5 Пән бойынша кемінде екі сыныптан тыс іс-шаралар (сабақтар) әзірлеу.
6 Пән бойынша бір сыныптан тыс іс-шараның өзін-өзі талдауы.
7 Бір өткізілген тәрбие іс-шарасының өзін-өзі талдауы. (Қолдау хат бойынша барған студенттерге міндетті түрде.)
8 Сабақтың дидактикалық материалдары: көрнекілік, ЦББР (коллекциялар, технологиялық карталар, торапты өңдеу үлгілері, электронды презентациялар, тест тапсырмалары, дидактикалық ойындар және т.б.).
9 Бір оқушының психологиялық-педагогикалық сипаттамасы және оған диагностикалық материалдар (Қосымша 3).
10 Оқушы ұжымының (сыныбының) психологиялық-педагогикалық сипаттамасы және оған диагностикалық материалдар (Қосымша 4).
11 Сабақтағы қарым-қатынастағы мұғалімнің мінез-құлқының стильдік ерекшеліктерін сипаттау, мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынасын жалпы талдау (Қосымша 5).
12 Бір сынақ (ашық) сабағын өткізу; бақылау парағымен сабақтың өзін-өзі талдау парағын толтыру.
Ұзақтығы кемінде 7 минут сабақтың бейне жазбасы, пән мұғалімінің қолтаңбасы қойылған сабақтардың талдауы бар бақылау парақтары болуы қажет.
13 Есеп (Қосымша 6)
Достарыңызбен бөлісу: |