Қолданылу саласы
Мұғалімдерге арналған «Гармония» пәні 5В010600 – «Музыкалық білім» мамандығы бойынша жоғары оқу орының студенттеріне күндізгі және сырттай оқитындарға арналған. Гармония пәні – студенттердің музыкалық және жалпы ой-өрісін кеңейтіп, музыкалық талантын шыңдауға ынталандыру, олардың музыкалық қабілетінің сезімталдығын, неше түлі өнер құбылыстарын сын көзімен бағлай білуге, студенттердің кәсіби, ғылыми-эстетикалық және музыкалық ойының өсіп-жетілуіне көмектесу.
Нормативтік сілтемелер
Берілген оқу жұмыс бағдарламасы мынадай құжаттардың талаптары мен нұсқаулығының негізіңде әзірленді:
-Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттар;
5В060100 «Музыкалық білім» мамандығының типтік оқу жоспары;
-СТУ 042-ГУ-4-2014 Университет стандарты «Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу және рәсімдеу жалпы талаптары»;
-ДП 042-1.01-2014 Құжатталған рәсімдеме «Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің кұрылымы және мазмұны».
Жалпы ережелері
Музыкалық білім беру жолында студенттің музыкалық теориялық білімінің негізін меңгеруі, көркем өнерін дамыту, музыка өнерін бағалай, музыканы қабылдай білуі жастарды, оқушыларды музыкаға тәрбиелеуде бөлінбейтін бір сала болып табылады. Гармония туралы білімін тәжірибе жүзінде қолдана білу дағдысы, әуенді немесе басты гармониялау, барлық аккордтарды тәжірибе жүзінде қолдана білуі. Базалық білімдерін көрсетуі, аталған әуенге аккомпанемент таңдауы, музыка өнерінің әртүрлі бағыттарын және стильдерін анықтай білу және қабылдау білуі.
Ең басты мақсат - студенттердің ой-санасы жоғары болуымен қатар, жалпы мәдениетінің өнегелі болуы, жас мамандардығ ғылыми-теориялық білімі өмірге деген көзқарасын орнықты, ой-өрісі жан-жақты болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |