Өт - Ас қорыту процесінде өт маңызды рөл атқарады. Өт ұйқы безі сөлі мен ішек сөлі құрамындағы ферменттердің әпекетін жандандырады, оның құрамындағы өт қышқылдарының тұздары майларды эмульсиялап, олардың қорытылуын жеңілдетеді, майлардың ыдырау өнімдерінің сінуін қамтамасыз етеді. Өт ішек қимылын күшейтіп, қарыннан өткен қышқыл жынды бейтараптайды, ішек қуысында ферменттер әрекетіне қолайлы жағдайлар туғызады, майда еритінА, Д, Е, К дәрмөндерінің сіңуін жеңілдетеді.
Тәулігіне адам 700-1200 мл өт бөледі. Ұйқы безі Ұйқы безі құрылысы - Ұйқы безі – аралас без, оған әрі ішкі секрециялық, әрі сыртқы секрециялық қызмет тән. Сыртқы секрециялық қызмет нәтижесінде бұл без сөл бөліп, ас қорыту процесінде маңызды рөл атқарады.
Ұйқы безінің сөлі түссіз, мөлдір, сілтілік реакциясы бар (рН-7,2-8,5) сұйық зат. Оның құрамында 98-99% су және 1-2% органикалық және бейорганикалық заттардан құралған құрғақ зат болады. Ұйқы безі сөлінің ферменттік құрамы өте күрделі. Әрекеттеріне қарай ферменттерді үш топқа жіктеуге болады. Трипсиноген, химотрипсиноген, карбоксиполипептидаза, пептидаза ферменттері - белоктарды; амилаза, мальтаза, лактаза ферменттері – көмірсуларды; липаза, фосфолипаза ферменттері – майларды ыдыратады.
Достарыңызбен бөлісу: |