Шырышты қабат пен шырыш асты негіз өңеште оның саңылауында орналасқан 7-10 бойлай қатпарларды түзейді. Өңештің шырышты қабаты эпителиден, меншікті және бұлшық етті табақшадан құралған. Шырышты қабаттының эпителиі көп қабатты жазық мүйізденбейтін, бірақ егде адамдарда оның үстіңгі жасушаларының мүйізденуге ұшырауы мүмкін. Эпителий қыртысының құрамында 20-25 жасушалық қабат бар. Адам өңешіндегі эпителийдің үстіңгі қабатының жазық жасушаларында кератогиалиннің аздаған мөлшері болады. Шырышты қабаттың меншікті табақшасы эпителийге еніп тұратын дәнекер ұлпалық бүртіктерді түзейді. Онда шырышты без өзектерінің айналасында лимфоциттердің үлкен шоғыры орналасып, тіпті жекелеген лимфа түйіндерін де құрайды. Өңештің шырышты қабатының бұлшық етті табақшасы эластикалық талшықтардың торымен қоршалған жазық бұлшық ет жасушаларынан тұрады.Бұл табақша жекелеген шағын шоғырлар түрінде көмейдің сақиналы шеміршегінің деңгейінде басталып, одан әрі өңеш бойында бұл қабаттың қалыңдығы артады да, асқазан маңында 200-400 мкм-ге жетеді