Қоғамдық бақылау сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетік ретінде Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік университеті Дайындаған Есиркеп Мухлиса
Қоғамдық бақылау» ұғымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрал ретіндегі негізгі қағидаттары, маңыздылығы мен мазмұны
Сыбайлас жемқорлықтың етек алуы елде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық түрленулердің табыстылығына күмән туғызады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша нығайту шараларын ойдағыдай жүргізу қызметі одан әрі жетілдіруді талап ететін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттылықтың азаматтық қоғам институттарының қолдауынсыз мүмкін емес. Барлық қолжетімді құралдарды қолдана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз етуде мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің және үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігерін одан әрі үйлестіру ерекше маңызға ие.
.Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізін қалаушы құжат – БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының (2003 жылғы 31 қазан) 13-бабы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық қоғамның анағұрлым тиімді құралы ретінде қоғамдық бақылауды кеңейтуді айқындайды .
Қоғамдық бақылау
. «Қоғамдық бақылау» ұғымы ғылыми әдебиетте белсенді пайдала-нылады, нормативтік құқықтық актілерде пайдаланылады. Ғылыми және тәжірибелік қызметте «бақылау» термині өте жиі қолданылады. Ғалымдар оған әртүрлі: құрал, фактор, нысан, элемент, функция, қызмет, жүйе, шарт, реттегіш, кепілгер, құбылыс, институт және әдіс ретінде түсінік береді
. Қоғамдық бақылау «мемлекеттік билік пен жергілікті басқаруды қоса алғанда, олардың жұмысын оңтайландыру мақсатында қоғамның қоғамдық институттар қызметін бағалау мен есепке алуды жүзеге асыруының» маңызды құралы болып табылады . Жалпы қоғамдық бақылау қоғамның негізгі функцияларының бірін білдіреді, оның субъектілері азаматтар мен олардың бірлестіктері сондай-ақ негізгі объектілері – мемлекеттік органдар мен олардың лауазымдық тұлғалары болып табылады
Қоғамдық бақылау –бұл азаматтардың мемлекеттік органдардың өз міндеттерін орындауын, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауын қадағалауы Осылайша, қоғамдық бақылау – бұл қоғамдық ұйымдар мен бастамалық топтардың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты тоқтату және оған жол бермеу мақсатында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің мекемелер мен мемлекеттік органдарда және жергілікті басқару органдарында, меншіктің әртүрлі нысандарындағы кәсіпорындарда сақталуын қадағалауы.
Қоғамдық бақылаудың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
қоғамның жетілуі;
тәуелсіздік;
адам құқықтарын және заң талаптарын талап етудің қағидаттылығы;
мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сыйластық пен серіктестік қатынастар.
Республикалық, өңірлік және жергілікті деңгейлерде қазақстандық қоғам мен мемлекет арасында тең құқықты серіктестік тетіктерін әзірлеу қажет. Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасасуының негізгі нысандары мыналар болып табылады:
-мемлекеттік құрылымдар қызметін мемлекеттік бақылау;
-қазақстандық заңнаманы сақтаудың қоғамдық сараптамасы;
-мамандандырылған кеңесші, консультативтік, үйлестіруші және сараптамалық органдарды құру.
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау саласындағы қоғамдық бақылау жүйесінің қалыптасуы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі заманғы кезеңінде сыбайлас жемқорлықты ауыздықтау елдің экономикалық және саяси дамуының маңызды стартегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Республиканың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жеке кәсіпкерлікті дамытуға бөгет болатын, табиғи ресурстарды талан-тараж етуге әкелетін, ұлттық экономикаға тиімсіз инвестицияларды жүзеге асыратын және т.с.с. сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетусіз мүмкін емес. Осылайша, Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресу үшін қоғамдық, саяси және экономикалық салалардағы барлық стратегиялық міндеттерді шешу қажет