Тұрғанов Батырхан Әбубәкірұлы,
С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің тарих , қоғамтану пәнінің мұғалімі
ОҚО, Ордабасы ауданы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымының негіздері.
I.Сабақтың мақсаты: Білімділік. Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануы, оның құрылымы мен мазмұны, мәні мен маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет және оны қалыптастыру жодары, ҚР-сы азаматтарының құқықтары мен
міндеттері туралы ұғымдарды дамыта түсу.
Тәрбиелік: Оқушыларға құқықтық білім бере отырып саяси саналылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
II.Сабақтың көрнекілігі: ҚР-ның Конституциясы, интерактивті тақта, схемалар, сызбалар
III.Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IV.Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, жеке жұмыс, топтық жұмыс, пікір сайыс, салыстыру.
V. Пән аралық байланыс:Қазақстан тарихы.Қазақ әдебиеті
VI.Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
-Оқушыларды түгелдеу
-Сабаққа дайындықтарын тексеру
2.Негізгі бөлім:
I. Үй тапсырмасын интерактивті тақтаға жазылған мынадай сұрақтар арқылы сұрап шығу.
1.Қылмыстық құқық дегеніміз не?
2.Қылмыстық құқықтың субъектілерін ата.
3.Қылмыстық құқықтың құрылымы қандай?
4.Қылмыс дегеніміз не және оның қандай түрлерін білесің?
5.Қылмыстардың жасалу себептері.
6.Жауапкершіліктен босататын жағдайлар және қажетті қорғану дегеніміз не?
7.Жазаның қандай түрлері бар?
8.Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі туралы не білесің?
9.Қылмыскердің кінәсін жеңілдететін жағдайлар.
10.Қылмыскердің жауапкершілігін ауырлататын жағдайлар.
II.Өтілген материалдарды еске түсіру мақсатында Вастерман әдісі бойынша оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, (Интерактивті тақтаға тігінен жазылған сөздердің тұсына төмендегі көлденең жазылған сөздердің ішінен мағыналары сәйкес келетін сөздерді тауып өз дәптерлеріне жазулары тиіс).
Тапсырма:
Демократия –
Депутат –
Отбасы –
Конфессия –
Популизм –
Индевид –
Құқық –
Өркениет –
Нарық –
Жолдау –
-
Діни келісім,халық билігі,тауар,жеке тұлға,өкіл,заң,неке,уәде беру,мәңгілік ел,даму.
Дұрыс жауабы
Демократия – Халық билігі
Депутат – Өкіл
Отбасы – Отбасы неке
Конфессия – Діни келісім
Популизм – Уәде беру
Индевид – Жеке тұлға
Құқық – Заң
Өркениет – Даму
Нарық – Тауар
Жолдау – Мәңгілік ел.
III.Жаңа тақырып.ҚР-ның Конституциялық құрлымының негіздері.
Қазақстан тарихы пәнімен байланыстыра түсіндіру.Қазақ елі ежелден-ақ өз заңдарын
жасап сол заңдар арқылы ел билігін жүргізген, құқықтық мемлекет қалыптастырған.
Мәселен,түрік білігі заңы, Шариғаттың заңдылық қағидалары мен Шыңғысханның
“Жасақ ”заңы, ал қазақ хандығының тұсында “Қасымханның қасқа жолы”,”Есімханның ескі жолы” және Әз Тәукенің “Жеті жарғысы” сондай-ақ кеңестік кезеңдегі 1937жылғы және 1978жылғы Қазақ КСР-ның Конституцияларына жалғасты.
1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР-сы өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін
жариялаған соң 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз еліміздің алғашқы Конституциясын
қабылдады . Ал, 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда ҚР-ның жаңа
Конституциясы қабылданды.
1998 жылы және 2007 жылы Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар
еңгізілді.
Конституция 9-бөлім, 98-баптан тұрады, Интерактивті тақтаға жазылған
Конституция құрылымымен таныстыру.
I бөлім. Жалпы ережелер (1-9 баптар)
II бөлім. Адам және азамат (10-39 баптар)
III бөлім. Президент (40-48 баптар)
IV бөлім. Парламент (49-63 баптар)
V бөлім. Үкімет (64-70 баптар)
VI бөлім. Конституциялық кеңес (71-74 баптар)
VII бөлім. Соттар және сот төрелігі (75-84 баптар)
VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару (85-89 баптар)
IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер (90-98 баптар)
IV.Оқушылармен жеке жұмыс: Cызбаларды толтыру.( сызбада тек тақырыптар
жазылған,ал әрі қарай оқушылар өзі толтырады.)
№1 сызба
ҚР-ғы мемлекеттік билік тармақтары мен
органдары
Заң шығарушы
Атқарушы
Сот билігі
Парламент,
жергілікті маслихаттар
Үкімет,Түрлі деңгейдегі әкімдіктер
Жоғарғы сот,Жергілікті соттар.
№
Мемлекеттік билікке келудің жолдары мен олардың заңдылығы
2 сызба
Мұрагерлік жолмен
Революция,төңкеріс жасау арқылы
Сайлану арқылы
заңды
заңсыз
заңды
Сондай-ақ оқушылармен жеке жұмыста “Сын тұрғысынан ойлау” әдісі арқылы жұмыс жүргізу.
№3 сызба Кәсіпкерлікпен айналысу
Өмір сүру, денсаулығын сақтау Тұрғын үй алу, демалу
Еркін еңбек ету Меншік иесі болу,
мұрагерлік
Жиналыстар жасау Ар –ождан, білім алу
Сайлау және сайлану
№4 сызба
Отан қорғау
Ата-анасына қамқорлық жасау Балаларына қамқорлық жасау
Басқа адамдардың намысы
мен қадірін құрметтеу Басқа адамдардың
құқығын,бостандығын сыйлау
Заңдар мен рәміздерді Салықтар мен алымдарды төлеу
құрметтеу
Орта білім алу
V.Топтастыру,жұптастыру технологиясы бойынша жұмыс: Оқушыларды үш топқа бөліп, I-топқа “Құқықтық мемлекет”, II-топқа “Әлеуметтік мемлекет”, III-топқа “Демократиялы мемлекет” ұғымдарына өзара пікірлесе отырып түсінік беру тапсырлады.Әр топ өздерінің ортақ жауаптарын оқып береді.Жауаптары “өте жақсы” ”жақсы”, “қанағаттанарлық” деп бағаланады. Одан соң үш топқа бірдей “Заң мен сот алдында барлық адам тең” сөйлеміне түсінік беру тапсырмасы беріледі.Мұндада әр топ өзара пікірлесе отырып, жауаптарын бір-бір оқушыдан шығып тақтаға жазады.
Жауаптарды бағалауда оқушылардың өз ой-пікірлерін қысқа,айқын,дәлелді түрде жеткізе білгендіктері ескеріліп, қысқаша талдау жасалып, жеке-жеке бағаланады.
VI.Оқулықпен жұмыс:Термин сөздермен танысу.
Референдум,унитарлы,федерация,вето,парламент,сенат,фракция т.б.сөздерді дәптерлеріне жазады.
VII.Қазақ әдебиеті пәнімен байланыстыра отырып жаңа сабақты пысықтау.
Асан Қайғының
,,…Таза мінсіз асыл тас
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады.
деген өлең жолдарын азаматтардың өз ой-пікірлерін айту,сөз бостандығы құқығы туралы айтқанда пайдалануға болады,ал Шәкәрім Құдайбердіұлының:
,,…Қазақтың жайнар даласы,
Жетілер оқып баласы.
Шошытатын мені сол
Олардың күндес, таласы.
Дағдыны сіңген бойыңа
Тастаңдар күндес,мақтаның
Көрген соң таңның атқанын,
Ел бастайтын жастарым
Жөн емес жай жатқаның” ,
деген өлең жолдарын жатқа оқи отырып оқушыларды күндестік, жершілдік сияқты жаман әдеттерден аулақ болып, қоғамның жігерліде, саяси саналы тұлғасы болуға тәрбиелеу.
VIII.Сабақты бекіту:Бұл кезеңде құқықтық мемлекет құру,әділетті қоғам қалыптастыруға ата-бабаларымыздың ерте кезден-ақ үлкен мән бергендігін аңғартатын мақал-мәтелдерді пайдалану:
“Тура биде туған жоқ,туғанды биде иман жоқ” (әділ сот билігі туралы)
“Малым жанымның садақасы, жаным арымның садақасы” (ар-намыс құқығы туралы)
“Бас кеспек болса да,тіл кеспек жоқ” (өз пікірін білдіру құқығы)
“Өз үйім, өлең төсегім”(тұрғын үй алу құқығы) т.б.
Мақал-мәтелдерді пайдалана отырып теориялық білімді өмірмен ұштастыру оқушы білімін шыңдай түсуге мүмкіндік береді.
IX.Сабақты қортындылау: Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.Оқушыларды бағалау
Х.Үйге тапсырма беру: 25.Қазақстан Республикасының Конститутциялық құрылымының негіздері.Конститутция бөлімдеріне реферат жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |