«Қоғамдық денсаулық сақтау» пән бойынша білімдерін, біліктерін және дағдыларын бағалауға арналған бақылау- өлшегіш құралдары


Өлім себептерінің құрылымы түсінігі



бет37/65
Дата08.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#121847
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65
Байланысты:
310Б кдс

Өлім себептерінің құрылымы түсінігі.

Өлім (Моrs) - организмдегі биологиялық, физиологиялық, биохимиялық процесстермен функияларының доғарылуымен сипатталатын жансыз қалпы. Өлім құбылысына сипаттама беретін ғылым –танатология. Өлім бірімен-бірі жалғасатын бірнеше кезеңдерден тұрады. Терминалдық кезең өлім алды кезеңі депте аталады, ол преагоналдық (агонияға дейінгі), агония және клиникалық өлім сатыларынан тұрады. Терминалдық кезеңнің клиникалық өлім сатысы биологиялық кезеңмен жалғасады. Терминалдық өлімнің клиникалық өлім сатысында жасалған реанимациялық іс-шаралар кешені адамды өмірге қайтаруы мүмкін.
Дамытқан себебіне қарай:
Табиғи
Зорлықтық
Аурулық
Қайтымды немесе қайтымсыздығына қарай
Клиникалық
Биологиялық
Табиғи өлім қарттар мен егде жастағы адамдардың организмінің табиғи тозуы нәтижесінде функцияларының атқарылуы доғарылуы. Табиғи тозу жасушалық деңгейде дамып тіндік, ұлпалық, ағзалық әрі жүйелік бұзылыстарына алып келеді. Табиғи өлім негізінде жасушалардың бөлінуінің Хайфликк өлшеміне дейін жетіп ары қарайғы жасуша жаңаруының болмауы нәтижесінен ағза функциясының жеткіліксіздігі дамуы жатыр. Адам өмірінің табиғи ұзақтығы адамның өмір сүру салтына тікелей байланысты. АДамдардың табиғи өмір сүру ұзақтығы орта ғасырдағылармен салыстырғанда 50 жылға жуық мерзімге ұзарып 67-ден 85-ке жеткен. Қартаю процесімен оны туындататын себептерін зерделейтін медицинаның дербес саласы- геронтология. Ал кәрілікті емдеуге бағытталған ем-дом кешенін гериатрия деп атайды. Аурулық өлім- түрлі аурулар негізіндегі патологиялық үрдістер оганизм тіршілігіне мүмкіндік қалдырғамаған жағдайда дамиды. Аурулық өлім баяу дамып, тіршілік әректтер біртіндеп бәсеңдейді. Кейбір латентті кезеңдері ұзақ ауруларда, жедел дамитын және жеткілікті компенсацияланған ауруларда өлім кенеттен туындайды. Зорлықты өлім- қастықпен немесе жасалған жарақаттардан дамитын өлім. Өлімнің бұл түрі әлеуметтік-құқықтық категорияға енеді, сол себептен оны сот медицинасымен қылмыстық органдармен қаралады
Патологиялық процесстердің қайтымдылығы бойынша: == Клиникалық өлім жағдайын реанимациялау жолымен қайтаруға болады, ал егер биологиялық сатыға өтер болса ОЖЖ қайтымсыз некроздануынан патологиялық процесстердің дамуы қайтымсыз болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет