5.Біріншілік және екіншілік аурушаңдық туралы сипттап, ашып жазыңыз.
Аурушаңдық - аурулардың тұрғындар мен әр түрлі топтар арасында таралу көрсеткіші. Біріншілік аурушаңдылық деп халық арасында бір жыл ішінде алғашқы рет анықталып, тіркеуге алынған аурулардың жиынтығы. Ал, жалпы аурушаңдылық деп бір жыл ішінде халық арасындағы тіркелген барлық аурулардың саны. Тек қана биылғы жылы жаңа анықталған аурулар ғана емес, сонымен қатар өткен жылғы анықталған аурулар да жатады. Және емдеу профилактикалық мекемеге осы жылға қаралуға себепке болуы.аурушаңдылық деңгейі 1000 немесе 100 мың тұрғынға шаққанда есептелінеде, және тұрақты тұрғылықты жеріне байланысты. Статистикалық зерттеудің күрделілігі- халық аурулығының жалпы сипаттамасы, әрі оған баға беруі, әлеуметтікң жағдайға әр түрлі себептердің аурулық деңгейіне және оның құрамына әсер етуіне байланысты болады.аурулықты зерттеудің екі жолы бар: тұрғындардың дәрігерлік қаралуға өздігінен келу нәтижесі бойынша халықтың денсаулығын зерттеу және профилактикалық дәрігерлік тексеру мәліметтері бойынша зерттеу. Қосымша зерттеу әдісіне өлім туралы мәліметтер жатады.
20.Жас-жыныстык топтардын денсаулыгы
Әлеуметтік – экономикалық тұрғыдан қарағанда үлкен ынталық көрсететін халықтың жыныстық-жастық құрамы еңбек ресурстарын мектепке дейінгі балалар мен мектеп жасындағы балаларды (зейнеткерлерді: оларға материалдық жағынан қамтамасыз ету үшін қажетті қаражаттарды анықтау мақсатында) есептеп шығару үшін ең маңызды сипаттама болып табылады.Жоғарыда айтылғандай, әр жаңа туған 100-қызға шаққанда 104-107 ер баладан келеді. Физиологтардың пікірі бойынша сәбилік жалпы ер баланың организмі қыз баланың организмінен әлсіздеу болып келеді және ер баланың алғашқы өмірінде өлім-жітім көбірек болады.
Аурушаңдық — бұл адам денсаулығының қалыпты үйлесімділігін жоғалтуы.Аурушаңдықтың дамуында негізінен әртүрлі өнеркәсіп факторлары және жұмысшылардың кәсіптік мамандығы маңызды роль атқарады. Жұмыс барысында жұмысшылар әртүрлі зиянды заттармен тікелей немесе тікелей емес қатынаста болады. Сол себептен олардың кәсіптік анамнезін білу керек. Кәсіптік анамнезінде жұмысшы өндірістің қай саласында, кім болып істейді, яғни мамандығы, қандай зиянды заттармен жұмыс жасайды, зиянды заттардың шектеліп рұқсат етілген концентрациясы (ШРЕК) және қанша уақыт қатынаста болатынын, ол заттың физикалық және химиялық жағдайын, ағзаларға қай жолмен түсіп, қай жолмен шығатынын, қай ағзаларға жиналып әсер ететінін білу кәсіптік ауруды табуда және профилактикалық жұмысты жүргізуде өте маңызды. Сол себепті өнеркәсіптік жағдайларда бір жұмысшылардың аурушаңдылыққа ұшырайтыны, ал біреулерінің ұшырамайтыны жалпыға мәлім. Бұл жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты. Өнеркәсіптік зияндығы бар мекемелерде кәсіптік аурулардың алдын алу үшін бірқатар шараларды жүргізу керек. Негізінен медициналық-профилактикалық шаралар олар біріншіден, өндірісті алдын ала қарап тексеру және медициналық болжам жасау. Мұнда зиянды факторлардың жұмысшылардың организміне әсерін тексеріп, болдырмау шараларын жүргізу. Екіншіден, өнеркәсіпте жұмыс істейтін адамдарды кезеңдік тексеруден өткізу.
Достарыңызбен бөлісу: |