13.Денсаулық сақтау саласы менеджменті туралы сипаттап, ашып жазыңыз.
Менеджмент - басқару теориясы мен нарықтық экономикада қажетті элемент болып табылады. Басқару теориясы ғылым ретінде XIX ғасырдың аяғымен XX ғасырдың басында пайда болып, өз дамуында бірнеше дәуірді басынан кешірді. Экономикалық әдебиеттерде басқарушылық ойдың алғашқы қарқыны «тейлоризммен» байланысты екені айтылады. Фредрик Уинслоу Тейлор (1856-1915 жж.) американ инженері басқаруды ғылыми тұрғыдан жүргізуді алғашқы рет айтқан және ол кез үшін бұл жаңалық фантазия сияқты көрінді. Кейінірек оның еңбектері мойындала бастады және ғылыми басқарудың классикалық мектебінің негізі болып қаланды. Ф.Тейлор «Халықтық менеджменттік принциптері» атты еңбегінде кәсіпорынды басқаруды өнер ретінде қарастырып, онда «нені жасауды дәл білу керек және оны арзан әрі ең жақсы тәсілмен қалай жасауға болатынын» талқылаған.
Оған қол жеткізу үшін Ф.Тейлордың ойынша төмендегідей кейбір басқару шешімдерін жүзеге асыру қажет: мақсатты таңдау және оған жету жолы, нәтижені талдау бақылаудың тәсілін дайыңдау. Ф.Тейлор өз еңбектерін басқаруды ұйымдастырудың тек кәсіпорын деңгейінде қарастыруға арнады. Бұл мектептің жақтаушысы француз ғалымы Анри Файоль (1841-1925 жж.) болған. Ол практикалық тәжірибені жинақтау негізінде төмендегідей қорытындыға келген: «басқару – кәсіпорын ресурстарын барынша пайдаланып, оны мақсатқа жетелеу», сөйтіп алғаш рет мемлекеттік басқаруда оны ғылыми ұйымдастыру принципін қолданудың мүмкін екеніне ой туғызды. А. Файоль басқарушылық міндеттерін кәсіпорнының техникалық, қаржылық және басқа мәселелерге қарағанда ерекше зерттеу облысы ретінде қолданды.
Басқару - бұл өнер сияқты қызметтің бір түрі, немесе өзінің заңдылығына бағынатын ілім. Бұл заңдылық барлық жерде өз әсерін тигізеді. Бұл әлеуметтік, психологиялық, нарықтық және т.б. заңдылықтар.Осыған байланысты денсаулық сақтау жүйесін басқарудың тиімділігін жоғарылататын тиісті заңдылықтар да бар.
Медицинада денсаулық сақтау жүйесін басқаруды ерекше қарастыру қажет, себебі мұнда 2 - түсінік болады: салауаттылықты және денсаулық сақтау жүйесін басқару. Ал менеджерлік басқару ілімі екеуіне де тиісті. Денсаулық сақтау мекемелерін бір жүйе ретінде қарастырайық. Денсаулық сақтау жүйелері әр түрлі қызмет атқаратын мекемелер, мысалы: емдеу- профилактикалық мекемелер (ЕПМ), диспансерлер, санатория, мемлекеттік санатариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары, соттьқ медициналық сараптау мекемелері, жоғарғы және орта білім беру мекемелері, мамандықты жоғарылату факультеттері, ғылыми-зерттеу мекемелері.Басқару немесе менеджмент - қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыруға мүмкіншілік туғызатын және кәсіпорындардың қызметінің тиімділігін жоғарылатуға, бағытталған басқару формалары мен әдістемелік құралдардың жиынтығы.
Басқарудың мақсаты – кәсіпорындардың тиімділігін жоғары деңгейге жеткізу және үнемі жаңа номенклатураларды енгізе отырып сапалы өнімдер шығару (қызмет көрсету).
Достарыңызбен бөлісу: |