12.Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру туралы сипаттап, ашып жазыңыз.
Медициналық мекемелердің қаржыландыруы:
· Мемлекеттік медициналық мекемелердің шығын сметасы бойынша;
· Бюджеттік бағдарламалар басқарушыларының келісімі бойынша медициналық мекеме көрсеткен медициналық көмектің көлемінің шығындарын қайтару арқылы;
· Адам басына шағылған нормативы бойынша, тіркелген тұрғындар саны бар, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелері;
Денсаулық сақтау жүйесіндегі қаражаттар бағытталады:
· Кепілді медициналық көмек көрсету көлемінің шығындарын жабуға;
· Денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларға;
· Денсаулық сақтау мекемелерінің жабдықталуына;
· Медициналық техника және құралдарды, иммунобиологиялық препараттарды, вакциналарды, қан және оның компоненттерін, маңызды дәрілерді сатып алуға;
· Жұқпалы арулардың эпидемиясын жоюға;
· Медицналық және фармацевтикалық қызметкерлердің білімін жоғарлатуға;
· Медициналық ғылымның дамуына және нәтижелерін еңгізуге;
· ҚР заңына қайшы келмейтін басқа да шығындарға.
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру айтарлықтай артты. Оның дамуына 2005 жылы 7,3 миллиард теңге жұмсалды, ол оның алдындағы кезеңмен салыстырғанда бір жарым есе көп. 2006 жылы бұл цифра 9,3 миллиард теңгеге дейін өсті. Жаңа денсаулық сақтау нысандары құрылысы әдеттегідей, республикалық бюджеттің трансферттері есебінен жүргізілуде. Алайда 2005 жылы облыстық бюджеттің қаржысы есебінен құны 30-дан 50 миллион теңге тұратын бес селолық дәрігерлік амбулатория салуға, 98 денсаулық сақтау нысанында күрделі жөндеу жүргізуге қол жетті. Солтүстік Қазақстан үшін оның ерекше маңызы бар, өйткені мұндай аурулар тұрғындардың үлкен алаңдаушылығын туғызуда. Орын алып отырған бұл мәселені 2004 жылы облыс басшылығы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп қарады. Облысқа үш жылдық мерзімге қатерлі ісік ауруы деңгейінің артуы себебін зерттеуге арналған мақсатты қаржы бөлінді. Бұл жұмысты Республикалық қатерлі ісік және радиология ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері жүргізуде. Соңғы үш жылда облыстың емдеу-алдын алу ұйымдарындағы ауруханалық төсектердің жалпы саны 3,4 пайызға өсіп, қазір 5,5 мыңға жуық бірлікті құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |