Пациент осы Кодекстің 90-бабында көрсетілген міндеттерден басқа: өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қолдануға;
медицина қызметкерлерімен қатынаста сыйластық пен сабырлылық көрсетуге;
диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажетті бүкіл ақпаратты дәрігерге хабарлауға, медициналық араласуға келісім бергеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға;
медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидаларын сақтауға және мүлкіне ұқыпты қарауға, медициналық көмек алу кезінде медицина персоналымен ынтамақтастықта болуға;
диагностика мен емдеу процесінде, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар не оларға күдік пайда болған жағдайларда, өз денсаулығы жай-күйінің өзгерісі туралы медицина қызметкерлерін уақтылы хабардар етуге;
басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын іс-әрекеттер жасамауға;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға;
2 және 4 пункттерде көрсетілген емделушілердің міндеттері, стационардағы ем қабылдаған баланы күтіп жатқан ата-аналар немесе басқа тұлғаларға арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |