2.Демографияның медициналық-әлеуметтік аспектілерін көрсетіңіз.
Демография (грек тілінен аударғанда demos – халық) – халық туралы және оның қоғамдық дамуы туралы ғылым. Демографиялық статистика (тұрғындар статистикасы) ежелгі уақыттан бері белгілі, біздің эрамызға дейін ежелгі Египетте, Вавилон, Қитай, Рим және басқа елдерде тұрғындар санын тіркеу жүргізілген.
Медициналық демография – бұл халықтың механикалық және табиғи қозғалысы процесіне медициналық-әлеуметтік факторлардың әсерін зерттейтін және тұрғындар денсаулығының көрсеткіштерін жақсартуға арналған ұсыныстарды өңдейтін ғылым. Демографиялық статистика көрсеткіштері тұрғындар денсаулығын бағалауда; көбею заңдылықтарын; тұрғындар саны мен құрылымы негізінде денсаулық сақтау кадрлары мен ұйымдарын жоспарлау, орналастыру және болжауда; медициналық-әлеуметтік шаралардың тиімділігін бағалауда кеңінен қолданылады.
Демография статика (халықтың сандық және сапалық құрамын), динамика –халықтың өзгерушілігін: механикалық (миграция) және табиғи (көбею) зерттейді.
Статика белгілі бір уақытқа сәйкес халық санын, орналасуын, жасы, жынысы, ұлты, әлеуметтік және кәсіптік тобы және т.б. белгілеріне сәйкес таралуын сипаттайды, оларды тіркеу кезеңді түрде жүргізілетін халық санағы арқылы жүзеге асырылады. Негізінде халық санағы он жылда бір рет жүргізіліп отырады. Халық санағына қойылатын негізгі талаптарға жатады: жалпылылық, санақ бағдарламасының болуы және оның бірлігі, әрбір жеке адамнан белгіні тіркеу, мәліметті тікелей халықтан жинау, бақылаудың экспедициялық әдісі, санақтың біркезділігі, санақтың орталықтандырылуы, мәліметтерді автоматы түрде өңдеу, мәліметтерді тұтас жинау әдісін мәліметтердің қосымша іріктелген жинау әдісімен тіркестіру, санақ құпиясын сақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |