Қоғамдық денсаулық сақтау


Қоғамдық денсаулық жағдайын жақсартудың негізгі бағыттарын көрсетіңіз



бет8/30
Дата20.07.2020
өлшемі55,8 Kb.
#75437
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
Байланысты:
Kogamdyk Densaulyk Saktau

7.Қоғамдық денсаулық жағдайын жақсартудың негізгі бағыттарын көрсетіңіз.
Денсаулық сақтау саласының кез-келген қаржыландыру және басқару нысанында (сақтандыру, бюджеттік-сақтандыру, жеке меншік, бюджеттік) бұл салада толыққанды нарықтық қатынастар құру мүмкін емес. Экономиканың басқа салаларында еркін жұмыс істейтін қарапайым нарықтық қатынастар бұл салада нарықтың толық жетілмегендігінен жүзеге асырыла алмайды, өйткені денсаулық сақтау қоғамдық шаруашылықтың саласы ретінде нарықтық механизмнің қызметін бұзатын бірнеше сипатқа ие.
Біріншіден, денсаулық сақтауда қажетті медициналық қызметтерді тұтынудың көлемі мен деңгейі тек қана тұтынушының төлем қабілеттілік деңгейімен анықталмайды. Бұл, ең бірінші, әлемнің көптеген мемлекеттерінде тегін көрсетілетін жедел медициналық жәрдем жүйесіне қатысты. Сондай-ақ, жеке табыс деңгейі мен медициналық көмекті тұтыну деңгейінің арасында кері байланыс бар екені дәлелденген. Оған мысал ретінде Ұлыбританиядағы денсаулық сақтау саласының ресурстарының 50 %-ға жуығын халықтың 10 %-ын құрайтын өте кедей отбасылар тұтынатынын айтуға болады. [1]
Сондай-ақ, халықты медициналық қызметтерді тұтынуда бірдей мүмкіндіктермен қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау саласының бюджетін қайта бөлудің қажеттілігі пайда болады (ол тек мемлекеттік реттеу жағдайында ғана мүмкін болады), яғни саланың қызметтеріне неғұрлым мұқтаж топтарды (балалар, қарт адамдар, созылмалы аурулары бар науқас адамдар, мүгедектер, табыс деңгейі төмен топтар т.б.) медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін қоғамдық ауызбіршілік ( сау адам ауру үшін, бай адам кедей үшін, жас адам қарт адам үшін төлеу) қағидаты жұмыс істеу керек. Алайда, бұл жағдайда нарықтық баға белгілеу заңдылығы бұзылады, өйткені бұл кезде емдеу шығындары төлеуге қабілетті топтарға аударылады.
Екіншіден, медициналық қызметтерді тұтынушы қажетті медициналық көмектің көлемі мен сапасын анық бағалай алмайды (арнайы білімі болмағандықтан және ауырған кезде физикалық, психикалық жағдайы сәйкес келмегендіктен). Басқа нарықтардан айырмашылығы, денсаулық сақтауда көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемі мен деңгейін тұтынушы емес, өндіруші, яғни дәрігер анықтайды. Дәрігерлер бір мезгілде медициналық қызметтердің өндірушісі және көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемін, сапасын, кей жағдайда құнын анықтайтын пациенттердің агентінің қызметін атқарады. Нәтижесінде дәрігерлер мен пациенттердің медициналық және экономикалық мүдделері арасында шиеленіс пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет