Қоғамдық денсаулық сақтау


Ауыл тұрғындарына емдеу-сауықтыру бойынша көмек көрсетуді ұйымдастыруды туралы сипаттап жазыңыз



бет11/30
Дата20.07.2020
өлшемі55,8 Kb.
#75437
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30
Байланысты:
Kogamdyk Densaulyk Saktau

10.Ауыл тұрғындарына емдеу-сауықтыру бойынша көмек көрсетуді ұйымдастыруды туралы сипаттап жазыңыз.

Ауылдық дәрігерлік учаске медициналық қызмет көрсету жүйесіндегі пациенттердің бірінші алғашқы жанасу звеносы болып табылады. Оның негізгі міндеті – учаске халқына қол жетерлік білікті дәрігерлік көмек көрсету және санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар жүргізу. Учаскедегі халық саны – 5000-нан 7000 адамға дейін. Ауыл тұрғыны баратын жақынарадағы медициналық мекеме медициналық пункт (МП) болып табылады. МП тұрғындар саны 800-ге дейінгі елді-мекенде ұйымдастырылады.

МП негізгі міндеттері болып медициналық дәрігерге дейінгі көмек және аурулардың алдын-алу, аурушылдық пен жарақаттануды төмендету, халықтың санитарлық-гигиеналық мәдениетін жоғарылатуға бағытталған санитарлық-сауықтыру және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу. МП фельдшері жедел ағынды аурулар мен жарақаттанулар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетеді, егулер, физиотерапевтік шаралар және т.б. жүргізеді.

Фельдшерлік-акушерлік тұрғындар саны 800-ден 2000-ға дейінгі елді-мекенде құрылады. Акушерка амбулаторлық қабылдау жүргізіп прием, гинекологиялық аурулар мен жүктілерге алғашқы медициналық көмек көрсетеді, жүкті әйелдер мен босанатындарға тіркеу және акушерлік патронаж, сонымен қатар әйелдерге әлеуметтік патронаж жасайды, беременных женщин и рожениц и социальный женщин, акушер-гинеколог тағайындаған емді бақылайды, дені сау босанатынды босандырады.

Ауылдық дәрігерлік учаскенің негізгі медициналық мекемесі дәрігерлік амбулатория (ДА), халық саны 2000-ден 10000-ға дейінгі АЕМ құрылады. ДА-ғы медициналық көмектің сипаты мен көлемі оның қуаттылығымен, жабдықталуымен, дәрігер-мамандардың санымен анықталады. Терапевтік және жұқпалы ауруларға амбулаторлық және стационарлық көмек көрсету, босануға көмек, балаларға емдеу-профилактикалық көмек, шұғыл хирургиялық және травматологиялық көмек қуаттылығына қарамастан ауылдық аурухана дәрігерлерінің тікелей міндеттері қатарына кіреді. ДА штатында оның қуаттылығына, халық санына, орталық аудандық ауруханаға дейінгі қашықтығына байланысты негізгі мамандықтар бойынша дәрігерлер болуы мүмкін (терапевтік, педиатрлық, стоматологиялық, акушерстволық, гинекологиялық және хирургиялық).

Ауылдық аудандардағы денсаулық сақтаудың негізгі звеносы – ОАА, мұнда арнайы мамандандырылған медициналық көмек негізгі түрлері бойынша көрсетіледі және ауданның барлық медициналық мекемелеріне ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасалады. ОАА-ның құрылымдық бөлімдері: негізгі мамандандырылған бөлімдерімен стационар, аудандық емхана, емдеу-диагностикалық бөлім, ұйымдастыру-әдістемелік кабинет, жедел және шұғыл медициналық көмек бөлімі және басқа да құрылымдық бөлімдер (морг, ас даярлау бөлімі, дәріхана және т.б.)






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет