Қоғамдық-гуманитарлық бағыттың "Қазақ тілі" пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы


Қоғамдық-гуманитарлық бағыттың "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы



бет5/7
Дата06.05.2024
өлшемі170,78 Kb.
#201830
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қазақстан Республикасы.ҰМЖ-1

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттың "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттың "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 8170 тіркелген) және "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 29031 тіркелген) бұйрықтарына сәйкес әзірленді.
2. "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәнінің оқу мақсаты – қазақ тілі мен әдебиетін кіріктіріп оқыту негізінде білім алушылардың тілдік дағдыларын жетілдіру, тіл нормаларын сақтап, еркін сөйлеу және сауатты жазу дағдыларын дамыту, мемлекеттік тілге құрметпен қарауын қалыптастыру.
3. Бағдарламаны іске асыру келесі міндеттерді көздейді:
1) білім алушының мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қазақ халқының мәдениетімен танысу арқылы тәрбиелеу;
2) адамзаттық ойдағыдай кірігу үшін қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту;
3) қазақ тілі мен әдебиеті пәніне құндылық ретінде қарауды қалыптастыру;
4) коммуникативтік оқыту негізінде барлық сөйлеу әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдану дағдыларын дамыту;
5) қазақ әдебиетінің стилистикалық және жанрлық ерекшеліктерін тану негізінде шығармашылық тұрғыда жұмыс істеу, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;
6) көпмәдени ортада лингвистикалық қажеттілікті іске асыруға дайын жеке тұлғаны тәрбиелеу;
7) білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған тұлғаны қалыптастыру.
4. Жалпы орта білім беру деңгейіндегі "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні бойынша білім алушылардың білім, білік және дағдыға қойылатын талаптары СEFR -Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті деңгейлерін (B2-С1) негізге ала отырып айқындалған.
4. Пәннің мазмұны келесі бөлімдерден тұрады: "Еңбек нарығы және сұраныс", "Отандық өнеркәсіп өнімі Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті", "Ұлттық экологиялық мәдениет", "Мұхит – тіршілік мекені", "Ұлттық таным және мерекелер", "Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда", "Бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік бейне", "Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар", "Әлеуметтік теңсіздік: адам құқықтары және көмек", "Жастардың денсаулығы - қоғам байлығы", "Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік", "Қоғам және заң", "Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік", "Экология. Мұнай және атомдық индустрия", "Тіл. Өнер. Әдебиет", "Қоғамдағы жұмыссыздық мәселесі", "Тәуелсіз еліміздің өткені мен келешегі", "Ұлттық театр – өнер ордасы", "Туризм: Экотуризм", "Әлемдегі ерлер мен әйелдердің құқықтары мен теңдігі", "Жастар мәселесінің түйіткілдері", "Жастар мәселесінің түйіткілдері", "Жаһандық мәселелер: көші-қон саясаты", "Толеранттылық-ел бірлігі", "Ұлт мұраты - ұлттық қауіпсіздік", "Бос уақыт – қоғам дамуының көрсеткіші".
Бөлімшелер мазмұны:
1) Тыңдалым: мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тыңдалған мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды түртіп жазу және ақпараттарды жүйелеу, оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында және мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегісөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну, көркем шығарманы тыңдау, басқа өнер туындыларымен (кино, театр, музыка, би, сурет-мүсін өнері, сәулет) салыстырып, тақырып ортақтығына сипаттама жасау, мәтін бойынша автор позициясын және көтерілген мәселеге қарым-қатынасын, тыңдаушыға ықпал ету тәсілін талдай отырып, негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз ойын логикалық дұрыс, аргументті және айқын жеткізу.
2) Айтылым: ғылыми және кәсіби мәтіндердегі күрделі сөздер мен терминдердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда орынды қолдану, ғылыми және кәсіби мәтіндерге сүйеніп, монолог пен диалогті үйлестіре қолдану, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушылармен қарым-қатынас орнату, сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану, кәсіби бағыттағы түпнұсқа мәтіндерден қажетті ақпаратты (деректерді, сипаттамаларды, сандық көрсеткіштерді, сілтемелерді) анықтау, олардың қолданылу мақсатын талдау, көпшілік алдында сөз сөйлеуде маңызды орын алатын тілдік (вербалдық) және бейвербалдық элементтерді қолданып, сенімді және еркін сөйлеу, әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау;
3) Оқылым: мәтіннен детальді ақпараттарды, факті мен көзқарасты, астарлы ойды анықтау, ақпараттың оқырманға әсерін және автор позициясын талқылау, ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (мақала, аннотация, үндеу, очерк, дәріс, баспасөз парағы) құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдау, әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселеге баға беру және әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыру, ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндер (мақала, аннотация, үндеу, очерк, дәріс, баспасөз парағы) бойынша салыстырмалы (құрылымы, қызметі, мақсатты аудиториясы, оқырманға әсері) талдау жасау, қосымша ғылыми-анықтамалық ақпарат көздерінен алынған материалдар негізінде мәтін мазмұнына сыни тұрғыдан талдау жасау, мәтінді негізгі мәселеге баға бере отырып, өзіндік көзқарасын жүйелі, дәлелді жеткізу;
4) Жазылым: ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, аннотация, баспасөз парағы, тезис, үндеу жазу, қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу ("келісу, келіспеу" эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе), шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу, тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтау, дереккөздерге сілтеме көрсетіп таныстыру (тірек-схема, менталды карта, презентация), кәсіби және публицистикалық бағыттағы мәтіндердегі басты лексикалық бірліктерді нақтылап, мәтіннің ақпараттық-маңызды фрагменттерін анықтап, (компрессия) жинақы мәтін құрастыру, мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу; мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу.
5) Тілдік бағдар: сөз таптары, ғылыми және кәсіби мәтіндер құрауда грамматикалық омонимдерді ажырата танып, ауызша және жазбаша дұрыс қолдану, сын есім сөздердің синонимдік қатарын стильдік ерекшеліктеріне сәйкес қолдану, мәтін құрауда сан есімнің мағыналық түрлерін стильдік ерекшеліктеріне сай қолдану, есімдіктердің мағыналық түрлерін стильдік ерекшеліктеріне сай қолдану, мәтіндерден көсемше оралымды сөйлемдерді анықтап,оларды ауызша және жазбаша мәтіндер құрауда орынды қолдану, үстеудің мағыналық түрлерін стильдік ерекшеліктеріне сай орынды қолдану, мәтін құрауда шылаудың мағыналық түрлерін стильдік қызметіне сай орынды қолдану, сөйлем, оқшау сөздердің қызметін білу, айқындауыш мүшелер (қосалқы, қосарлы, оңашаланған) жасалу жолдарын білу, жазба жұмыстарында орынды қолдану.
5. Оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде білім беру ұйымының мүмкіндігі бар:
1) оқытудың әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастырудың нысандарын, әдістерін және бақылау түрлерін таңдау;
2) оқу уақыты сағаттарының жалпы көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлу (пәнді оқуға бөлінген сағат көлемінен);
3) нақты дәлелдер мен фактілерге негізделген пәннің бөлімдері мен тақырыптарының реттілігін өзгерту;
4) жұмыс берушілердің талаптары және бөлімдер мен тақырыптар тізбесін тереңдету және кеңейту мақсатында өңірлік компонентті енгізу және бөлімдер, бөлімшелер мен тақырыптарды дайындық бағыты бойынша элементтерді енгізуге байланысты тақырыптардағы сағат көлемі мен пәннің мазмұнын 25% - дан аспайтындай өзгерту.
6. Оқу жүктемесінің көлемі даярлау бағыты мен біліктілігіне байланысты 96-120 сағатты (4-5 кредит) құрайды.
7. Оқу пәнін іске асыру кезінде дәптерлер мен жазбаша жұмыстарды тексеру қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет