Қоғамдық-гуманитарлық бағыттың "Қазақ тілі" пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы


Қоғамдық-гуманитарлық бағыттың "Қазақ әдебиеті" пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы



бет3/7
Дата06.05.2024
өлшемі170,78 Kb.
#201830
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қазақстан Республикасы.ҰМЖ-1

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттың "Қазақ әдебиеті" пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттың "Қазақ әдебиеті" пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 8170 тіркелген) және "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 29031 тіркелген) бұйрықтарына сәйкес әзірленді.
2. "Қазақ әдебиеті" оқу пәнін оқытудың мақсаты – ұлтымыздың құнды мұралары арқылы білім алушылардың ой-танымын, ұлттық рухын, эстетикалық танымы мен талғамын дамыту, тұлғаның рухани-адамгершілік әлемін, танымдық-эмоционалдық зиятын, оқырмандық мәдениетін қалыптастыру. Олардың ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау, бағалау дағдыларын қалыптастыру, креативті ойлауға бағыттау.
3. Бағдарламаны іске асыру келесі міндеттерді көздейді:
1) білім алушылардың сауаттылығын, олардың әдеби және эстетикалық талғамдары мен сезімдерін дамыту, ойлау қабілеттері мен танымдық және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру;
2) мәдениетаралық қарым-қатынастағы рөлін, қазақ халқының қалыптасқан тарихын әдебиеттің ғасырлар бойы жасаған өнердің бір түрі, тіл өнері арқылы бағалауды жетілдіру;
3) қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын құрметтеуге, бағалауға баулу;
4) түрлі жағдайларға бейімделе білу және өздігінен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады;
5) заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес жазба және ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту және дүниетанымын жетілдіру.
4. Пәннің мазмұны келесі бөлімдерден тұрады: "түсіну және жауап беру", "анализ және интерпретация", "бағалау және салыстыру". Бағдарламаның бұл бөлімі пән бойынша күтілетін нәтижелерден тұрады.
"Түсіну және жауап беру" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) көркем шығарма мазмұны мен пішіні;
2) әдеби шығарманың тұжырымдамасы;
3) көркем шығармадағы образ;
4) шығарма үзінділерімен жұмыс;
5) қазақ әдебиетіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдегі орнын білу.
"Анализ және интерпретация" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) әдеби шығарманың композициясы;
2) автор бейнесі;
3) көркем шығарманың тілі;
4) шығармашылық жұмыс;
5) қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтар.
"Бағалау және салыстыру" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) тарихи және көркемдік құндылығы;
2) заманауилығы мен жаңашылдығы;
3) әдеби эссе;
4) әдеби сын.
1) Түсіну және жауап беру: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну, әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдау, көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету, көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер мен дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану, ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстыру.
2) Анализ және интерпретация: әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау, шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысы, шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын ашу, әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс жазу, әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдау.
3) Бағалау және салыстыру: шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау, көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау, шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу, шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу.
5. Оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде білім беру ұйымының мүмкіндігі бар:
1) оқытудың әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастырудың нысандарын, әдістерін және бақылау түрлерін таңдау;
2) оқу уақыты сағаттарының жалпы көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлу (пәнді оқуға бөлінген сағат көлемінен);
3) нақты дәлелдер мен фактілерге негізделген пәннің бөлімдері мен тақырыптарының реттілігін өзгерту;
4) жұмыс берушілердің талаптары және бөлімдер мен тақырыптар тізбесін тереңдету және кеңейту мақсатында өңірлік компонентті енгізу және бөлімдер, бөлімшелер мен тақырыптарды дайындық бағыты бойынша элементтерді енгізуге байланысты тақырыптардағы сағат көлемі мен пәннің мазмұнын 25% - дан аспайтындай өзгерту.
6. Оқу жүктемесінің көлемі даярлау бағыты мен біліктілігіне байланысты 96-120 сағатты (4-5 кредит) құрайды.
7. Оқу пәнін іске асыру кезінде дәптерлер мен жазбаша жұмыстарды тексеру қарастырылады

2-тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны



Бөлімдер, бөлімшілердің мен тақырыптардың атауы

Сағат саны

Барлығы

Сабақтар

Теориялық

Практикалық

1 Бөлім. Қалың елім, қазағым.

+

+

+

Тақырып 1.1. Абай шығармашылығы. "Сегіз аяқ" өлеңі.







Тақырып 1.2. "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым" өлеңі.







Тақырып 1.3. "Лай суға май бітпес қой өткенге" өлеңі.







Тақырып 1.4. Он жетінші қарасөз, отыз екінші қарасөз.







Тақырып 1.5. "Масғұт" поэмасы. "Ескендір" поэмасы.







2 Бөлім. Прозадағы көркем ой.

+

+

+

Тақырып 2.1. Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы. Драматургиясы.







Тақырып 2.2. Ж. Аймауытов "Ақбілек" романы. Бірінші бөлім.







Тақырып 2.3. Кейіпкерлер галереясы.







Тақырып 2.4. Ә.Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу. "Аңыздың ақыры" повесі. Бірінші бөлім.







Тақырып 2.5. "Аңыздың ақыры" повесі. Екінші бөлім.







3 Бөлім. Аңызбен өрілген көркем сөз.

+

+

+

Тақырып 3.1. М.Мағауин "Шақан - шері" романы. Бастау.







Тақырып 3.2. "Қамыстағы үй" бөлімі.







Тақырып 3.3. Ш.Айтматов "Алғашқы ұстаз" романы.







Тақырып 3.4. Шығарма кейіпкерлерінің мінез ерекшеліктері.







Тақырып 3.5. Ұ.Есдәулетов "Біз түркілерміз".







4 Бөлім. Заман, дәуір тұлғасы.

+

+

+

Тақырып 4.1. Қ.Жұмаділов "Тағдыр" романы. Бірінші бөлім.







Тақырып 4.2. Романдағы Демежан бейнесі.







Тақырып 4.3. Ш. Құсайынов "Томирис" драмасы. Бірінші көрініс.







Тақырып 4.4. Ш. Құсайынов "Томирис" драмасы. Екінші көрініс.







Тақырып 4.5. Шығарманың құрылымдық ерекшелігі, басты кейіпкерлері.







Тақырып 4.6. Ш.Мұртаза "Тәуекел той" әңгімесі.







Тақырып 4.7. Шығарманың жаңашылдығы.







5 Бөлім. Тарихтың шертіп пернесін.

+

+

+

Тақырып 5.1. С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы. "Көкшетау" поэмасы.







Тақырып 5.2. С.Сейфуллин "Сыр сандық" өлеңі.







Тақырып 5.3. І. Есенберлин өмірі мен шығармашылығы."Қаһар" романы-"Көшпенділер" трилогиясының бірінші бөлімі.







Тақырып 5.4. "Қаһар" романы. "Батыр Кене", "Наурызбай" бөлімдері.







Тақырып 5.5. "Кенесары хан", "Кенесары хан мен Гербурт-Жүсіп" бөлімдері.







Тақырып 5.6. "Жүсіптің ақылы", "Хандық кеңес" бөлімдері.







Тақырып 5.7. Романдағы кейіпкерлер жүйесі.







Тақырып 5.8. А.Сүлейменов "Бесатар" повесі.







Тақырып 5.9. Кейіпкерлер әлемі.







6 Бөлім. Пайым мен парасат.

+

+

+

Тақырып 6.1. С. Елубай "Жалған дүние" романы.







Тақырып 6.2. "Жалған дүние" романының жанрлық ерекшелігі. Композициялық-сюжеттік желісі.







Тақырып 6.3. "Жалған дүние" романының кейіпкерлер галлереясы.







Тақырып 6.4. Қасым Аманжолов "Өзім туралы" өлеңі.







7 Бөлім. Ғасырлық туынды.

+

+

+

Тақырып 7.1. М. Әуезов "Абай жолы" роман-эпопеясы, 1-том.







Тақырып 7.2. Романдағы Құнанбай образы.







Тақырып 7.3. М. Әуезов "Абай жолы" роман-эпопеясы, 2-том .







Тақырып 7.4. Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесі.







Тақырып 7.5. М. Әуезов "Абай жолы" роман-эпопеясы, 3-том.







Тақырып 7.6. "Абай жолы" роман-эпопеясындағы Абай бейнесі.







Тақырып 7.7. М. Әуезов "Абай жолы" роман-эпопеясы, 4-том.







Тақырып 7.8. "Абай жолы" роман-эпопеясындағы әйел-аналар образы.







8 Бөлім. Әдебиеттегі сан сарын.

+

+

+

Тақырып 8.1. Т.Молдағалиев "Бауырлар" өлеңі.







Тақырып 8.2. Таласбек Әсемқұлов "Бекторының қазынасы".







Тақырып 8.3. Эрнест Хемингуэй "Шал мен теңіз" повесі .







Тақырып 8.4. Повестегі жалпыадамзаттық құндылықтар, көркемдігі.







Тақырып 8.5. Эссе – шығармашылық шыңы.











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет