Қоғамдық-гуманитарлық пəндер кафедрасы


- тақырып. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат



Pdf көрінісі
бет13/49
Дата15.03.2022
өлшемі0,71 Mb.
#135528
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49
Байланысты:
Дәріс матіні

 
3- тақырып. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат
Дəріс мақсаты:
1. Адамды саяси əлеуметтендіру, қоғамдағы əлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары. 
2.
 
Саяси өмірге араласудың алғы шарттары 
3. Қазақстандағы еркіндік пен бостандық мəселелері 
Негізгі ұғымдар: 
Адам, адам құқықтары, еркіндік, бостандық, əлеуметтік саясат, ассимиляция, 
геноцид, гуманизм, жалпы азаматтық құндылықтар, маргиналдар, менталитет, тұлға. 
Дəріс мазмұны: 
Саясаттың ең басты мақсаты – ол оның бағыттары, деңгейлері, формалары 
арасындағы байланысты, бір – біріне өзара ықпалын, олардың үйлесімділігін жəне 
əрекет ету механизмдерін анықтау болып табылады. Саясаттың объектісі- қоғам болып 
есептеледі. Субъектісі – қоғамдағы үлкен əлеуметтік топтар (таптар, ұлттар мен 
ұлыстар), мемлекет, партиялар, нақтылы жеке адам. Саясаттың негізгі мəселесі 
мемлекеттік билік, ал билік белгілі бір таптың екінші тапта өзіне бағындыру қабілеті 
болғандықтан, таптардан, əлеуметтік топтардан тыс саясат болуы мүмкін емес. Сондай-
ақ, меншік жəне мемлекеттік билік туралы таптар арасындағы өзара қатынас саяси 
қатынастың объективті негізін құрайды. Сонымен саясаттың қарастыратын басты 
мəселелерінің бірі – саяси қатынас мəселесі. 
Еркіндікті дұрыс түсіну жəне оны дұрыс пайдалана білу керек. Мысалы, Гегель 
еркіндікті субъективті рухпен, Фейербах адамның өзінің ерекшелігімен байланыстырса, 
дін оны адамдардың құдайға құлшылық етуімен, экзистенциалистер адамның 


психикалық актілерімен байланыстыра қарастырады. К. Маркс еркіндік мəселесін 
қажеттілікті жəне заңдылықтарды білумен, оны игерумен байланысты түсіндіреді. Ал 
Ф. Энгельс
«Анти- Дюринг» атты еңбегінде: «Еркіндік əлдебір нəрседен тəуелсіздік 
нышаны емес, керісінше, ол адамның жаратылыс күштеріне, қоғамдық қарым-
қатынастарға жəне өз болмысына үстемдігі» деп жазумен қатар, ол Гегельдің еркіндік 
теориясы жайлы былай тұжырымдайды: – Гегель алғашқы болып еркіндік пен 
қажеттілік арасындағы қарым-қатынасты дұрыс көре білді, өйткені қажеттілікті 
білмейінше, адам соқыр болады. Еркіндік табиғат заңдарынан тəуелсіздігінде тұрған 
жоқ, қайта еркіндіктің негіздері оны танып, өз мақсаттарына бағындыруда жатыр».
Фейербах
еркіндіктің түп негізін дінге тəуелсіздіктен көреді. Фейербахтың 
ойынша: «Еркіндік – бастау мүмкіншілігінде емес, керісінше аяқтау қабілетінде жатыр, 
бірақ бұл еркіндіктің мүмкіншілігі мен шарты уақыт болып табылады». 
Тарихи зерттеулерден белгілі болғанындай, табиғатынан адамдар тең болып 
жаратылады, бірақ олар сол теңдікті өмір бойы ұстап тұра алмайды; қоғам олардан 
бастапқы теңдікті тартып алады. Адамдар тек заңдардың арқасында ғана жоғалған тепе-
теңдігіне қайтадан қол жеткізе алады. «Еркіндік» сөзі сияқты көптеген мағынаға ие 
болған жəне де ақылға соншама түрліше əсер ететін, сірə, сөз болмаған болар, – дейді 
Ш.Монтескье.
Біреулер еркіндік деп өздері тирандық билік беріп қойған адамды жеңіл 
жамандауды атайды; келесілері - өздерінің бағынышты болар адамын сайлау құқығын 
айтады; үшіншілері – қару-жарақ асыну құқығын жəне озбырлық жасау құқығын 
айтады; төртіншілері – одан өз заңдарына бағынып, өз ұлтынан шыққан адамның 
қарамағында болу артықшылығын көреді. Бір халық ұзақ уақыт бойы еркіндікті ұзын 
сақал қою салты деп қабылдады. Кейбіреулер, басқаның бəрін итеріп тастап, бұл атауды 
басқарудың белгілі түрімен байланыстырады». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет