Саяси режимнің қызмет етуі қоғамның саяси мəдениетіне, адамдардың саяси
тəжірибесіне, халықтың діліне айтарлықтай əсер етіп, тұлғаның
қандай да бір саяси
режимді қалауын қалыптастырады.
Саяси режим деп саяси билікті жүзеге асыруға қолданатын əдіс-тəсілдердің
жиынтығын жəне қоғамдағы еркіндік деңгейін айтамыз.
Қазіргі кезде саяси режимдерді үлкен екі топқа бөледі: демократиялық жəне
антидемократиялық режимдер.
Демократия көне грек ойшылы Геродоттың еңбегінде кездеседі. Жалпы ежелге
дəуірдің ойшылдары демократияны биліктің нашар түрі деп сынаған.
Демократиялық режимге халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік
істерді шешуге құқық берілген жəне ол үшін қажетті жаңдайлар жасалған биліктің түрі,
қоғамның мемлекеттік-саяси құрылысы жатады. Мұндай тəртіпте азаматтардың негізгі
құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік беріледі. Саяси мəселелер ашық талқыланады,
биліктің шектен тыс шоғырлануына жол
берілмейтін тетіктер жасалады, азаматтарға
қолайлы құқықтар мен еркіндіктер, олардың саяси көңілін білдіру түрлері айқыедалады,
жалпыға бірдей сайлау құқығы орнатылады.
Сонымен қатар, демократиялық режим мынадай белгілермен сипатталады:
Билік көзі халықта;
Сөз бостандығы;
Сайлаудың ашық жүргізілуі;
Азаматтардың тең құқықты болуы;
Азшылықтың көпшілікке бағынуы;
Демократиядағы ең негізгі фундамент ретінде сайлауды айтуға болады. Адал,
шынайы
сайыс арқылы, жүйелі түрде өткізілетін сайлау. Ол амал-айласыз, қулықсыз
жүргізілсе жəне оны шынайы жүргізудің жолы табылғанда ғана адал болады. Егер
мемлекеттік билік бір партияның қолында болса да сайлау адалдыққа жатпайды. Шынай
сайыс арқылы дегенде өзінің кандидатурасын еркін ұсынуға мүмкіндігі бар əр түрлі
топтар мен жеке тұлғалардың болуын айтады.
Егер бір топтар қатысып, екіншілері
қатыса алмайтындай болса, онда сайлау жарыс арқылы өтпегендігі.
Демокатияның негізгі тұжырымдамалары: плюралистік (М.Вебер, Г. Ласки жəне
басқалары); ұжымдық (К. Маркс) жəне либералистік (Дж. Локк, Ш. Монтескье)
Антидемократиялық режим түрлеріне тоталитаризм жəне авторитаризм жатады.
Достарыңызбен бөлісу: