білдіріп қорғау үшін құрылады. Солардың ішіндегі ең негізгісі – мемлекет. Ол қоғамда
белгілі бір тəртіпті
орнатады, оны басқарады, экономикалык-əлеуметтік
құрлымын
қорғайды. Ол үшін мемлекеттің арнайы аппараты еріксіз көндіретін күштер, зорлау
органдары (əскер, сот, полиция, милиция жəне т.б.) болады.
Солардың көмегімен ол
адамдардың жүріс – тұрыс іс -əрекетін реттейді. Мемлекет қоғам атынан оның ішкі жəне
сыртқы саясатын атқара алады.
Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас
бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен
байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада қашан болмасын болған
дейді.
Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын əлеуметтік
экономикалық жəне мəдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Ол
жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Азаматтық
қоғам материалдық мəдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады.
Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның
алдында бəрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін
мемлекеттік
құрылысты
айтады.
Заң
үстемдігінің
мызғымастығы
елдің
Конституциясында бекітіліп, басқа заңдар мен ережелік актілерге таралады.
Достарыңызбен бөлісу: