Можаритарлық сайлау жүйесі — көпшілік қағидасы жатқан сайлау мандаттарын
бөлу жүйесі. Ол бір жəне көп мандатты төңіректерде қолданылып, 40-тан астам елдерде
пайдаланылады. Ол көптеген ішкі жүйелерге бөлінеді.
Салыстырмалы көпшілік ішкі жүйесі – бұл басқа кандидаттарға қарағанда
неғұрлым көп дауыс жинаған кандидат сайланады деп есептелінетін ішкі жүйе. Мұнда
сайлауға сайлаушылардың міндетті қатысу минимумы бекітіледі.
Абсолютті көпшілік ішкі жүйесі — бұл дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың
абсолютті көп даусын жинаған кандидат сайланды деп есептелетін ішкі жүйе, яғни
50%+1 дауыс. Мұнда дауыс беруге қатысуға міндетті сайлаушылардың минималды
пайызы бекітіледі.