негізінен, құл иеленушілердің əр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай
партиялар феодалдық қоғамда да болды. Бірақ шексіз əкімшілік билеген дəуірде
олардың айтарлықтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса экономикалық
бытыраңқылық пен рухани езгінің астында еді. Сондықтан олардың саяси партиялар
құруға мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың мүддесін
ара-тұра билеуші топтың
алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады.
Қазіргі біздің түсінігіміздегідей саяси партиялар Еуропада XIX ғ. екінші
жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар
тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу түрі жəне жүзеге асырылуы
ретінде парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау
құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан əрі кеңейте түсті.
Жұмысшы табының ұйымшылдығы күшейді. Олар парламентте өз мүдделерін
қорғайтын көпшілік партияларды кұра бастады. Саясатқа көптеген адамдар тартылып,
əлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі. Осыған байланысты саяси партиялардың рөлі
одан əрі өсті. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды.
Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзақ тарихы
бар. Мысалы, немістің көрнекті саясаттанушысы Макс
Вебер саяси партиялардың
дамуында мынадай кезеңдерді атап көрсетті: 1) аристократиялық үйірмелер; 2) саяси
клубтар; 3) көпшілік партиялар.
Американың белгілі саясаттанушысы
Дж. Ла Паломбараныц
ойынша партиялар
мынадай 4 белгімен сипатталады: 1) партия белгілі бір идеологияны қорғайды немесе
кем дегенде адамды, дүниені ерекше көре біледі; 2) партия
- адамдарды жергілікті
ұйымнан бастап, халықаралық дəрежеге дейін саясаттың əр-түрлі деңгейінде əжептəуір
ұзақ біріктіретін ұйым; 3) партияның мақсаты - билікті қолға алып, жүзеге асыру
(көбінесе ол коалициялық жолмен жасалады); 4) əр
партия өзіне халықтың дауыс
беруінен бастап, мүше болуына дейінгі қолдауын қамтамасыз еткісі келеді.
Сонымен,
партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге
қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеалогия негізінде құралған адамдардың
ерікті одағын айтады.
Партиялар сайлауға, мемлекеттік органдар құруға, мемлекеттік
маңызды шешімдер қабылдауға жəне оларды іс жүзіне асыруға белсене катынасады.
Саяси партиялар азаматтардың саяси өмірге қатысуының негізгі себепші
əлеуметтендіру құралы болып есептеледі. Қоғамда ұйымдарға, соның ішінде саяси
ұйымдарға мүшелердің саны мен сапасының көрсеткіші жоғары болған сайын, олардың
саясатқа қатысу деңгейі де жоғары болып есептеледі. Бірақ,
барлық уақытта солай
болады деуге болмайды.
Қоғамның саяси жүйесіне кіретін саяси партиялар мен ықпалды топтардың іс-
əрекеті мен əдістерінің арасында айырмашылық та жоқ емес. Мысалы, партиялар
мемлекеттік аппаратты бағындырып, оларды басқаруға ұмтылады. Ал ықпалды топтар
мемлекеттік аппараттардың шешім қабылдау ісіне ықпал жасаумен шектеледі. Бұлар
кейде саяси партиялардың құрамына да кіреді. Партиялар
азаматтардың саяси ерік-
жігерін
қалыптастыруға
жəне
оны
білдіруіне
жəрдемдеседі
(Қазақстан
Республикасының Конституциясы, 56-бап). Бірақ ол шексіз емес, олардың жəне басқа да
қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіне
араласуына жол берілмейді (54-бап). Сол сияқты мемлекет өз аумағында басқа
мемлекеттердің саяси партиялары қызметіне жол берілмейді.
Көп партиялылық – плюрализмнің бірден-бір тетігі емес, оның заманы өткен дейтін
зерттеушілер де бар екенін айтпай кетуге болмайды. Олай деушілердің ойынша көп
партиялылықты шұғыл енгізу жағдайында ішкі саяси ахуал қатты шиеленіседі, белгілі
дəрежеде демократиялық дағды қалыптасып үлгермеген қоғамда бірден
Достарыңызбен бөлісу: