Аврелий Августин (354—430) еді.
Ол христиан фəлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси
көзқарастары "Құдай каласы" туралы деген еңбегінде баяндалган.
Қайта өрлеу дəуірінің дүниені түсінуінде адам тағдыры, оның шыққан тегі, атағы,
конфессионалды статусы арқылы алдын ала болжанбай, ол адамның қажырлығы,
белсенділігі, игілікті істері істері арқылы анықталуға тиіс. Тендік пен əділеттік
принциптеріне сүйенеді.
Дүниені қайта өрлеу тұрғысынан түсіндірудің шеңберінде қоғамдық келісімнің
ескі концепциясы жаңартылды. Оның негізінде мемлекетттің пайда болу себептері мен
мемлекеттік биліктің легитимділігі түсіндіріледі.
Қайта өрлеу дəуірінің ойшылының бірі-итальяндық Николо Макиавелли (1469-
1527). Макиавелли саяси ой тарихында өзінің Патша (1513), «Флоренцияның тарихы»
(1532) т.б. еңбектерімен танымал. Макиавеллидің саяси іліміндегі негізгі өзекті мəселе-
өкіметтің өз қоластындағы азаматтарын игере алу қабілетінің болуы.
Қайта өрлеу дəуірінің гуманист-рационалисі, утопиялық социализмнің негізін
салушылардың бірі-ағылшын ойшылы Томас Мор (1478-1535) болды, Мордың басты
шығармасы- Утопия (1516), бұл еңбекте ойдан шығарған Утопия аралындағы əңгіме
етеді. Қайта өрлеу дəуіріндегі саяси ойшылдардың бірі-француз ғалымы Жан Боден
(1530-1596). Ол негізінен феодалдық мемлекеттегі орталықтандырылған биліктің
ыдырауына жəне сол кездегі діни фанатизмге қарсы шығады. Мұндай көзқарасқа не
себеп болды дейтін болсақ, XVI ғасырдың аяқ шенінде Франция діни ағымдар
арасындағы күрестердің ордасына айналды десе болды. Өйткені католиктер мен
протестанттар арасындағы жиі-жиі қақтағыстар болып отырды. Осыдан мемлекеттің
тағдырына үлкен қауіп төнді. Осы тұста елдегі бейбітшілікті сақтау негізі мəселеге
айналды. Қоғамдық санада бейбітшілік – басты құндылық статусына ие болды. Ал
бейбітшілікті сақтап қалу, оны қамтамасыз ету тек монархқа байланысты еді. Сондықтан
монархиялық билікті күшейту қажеттілігі туды. Саяси-əлеуметтік ойдың дамуындағы
ерекше маңызды кезең – Жаңа дəуір, ол XVII-XVIII ғасырлар аралығын қамтиды. Жаңа
дəуірдің саяси дүниетанымы екі негізгі принципті басшылыққа алды: