Қоғамдық-гуманитарлық пəндер кафедрасы



Pdf көрінісі
бет11/49
Дата15.03.2022
өлшемі0,71 Mb.
#135528
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49
Байланысты:
Дәріс матіні

«шынайы табиғи 
құқық» жəне «қоғамдық келісім». 
Сол кездегі саяси ойға өз үлесін қосқан ойшылдың бірі – ағылшын ғылымы Томас 
Гоббс (1588-1679) болды. Ол өзінің саяси ой-тұжырымдарын «Левиафан, немесе 
материя, форма жəне мемлекет билігі» деген еңбегінде салмақтады. Жоғарғы билік жəне 
егеменді ізгілікті мемлекет – оның саяси іліміндегі басты идея болды. Ол патшалық 
билік корольға құдай жіберетін «сыйлық» дейтін теорияға қарсы болды. 
Жаңа дəуірдің екінші бір ойшылы ағылшын философы Джон Локк (1632-1701). 
Оны реалистердің қатарына жатқызуға болады. Егер Гоббс абсолюттік монархияны 
жақтаған болса, ал Джон Локк оған қарсы шықты. Локк үшін адамның шынайы, нақты 
жағдайы – ол Гоббстың «бəрінің бəріне қарсы соғысы» емес, керісінше, меншікке 
негізделген бостандық қатынасының, теңдік пен өзара тəуелсіздік жиынтығы. 
Француз ағартушыларының бірі Шарль Луи Монтескье (1689-1755) саяси ойлар 
тарихында өзінің екі түрлі маңызды үлесімен белгілі болған ғалым. Ол өзінің «Заң рухы» 
деген еңбегінде, біріншіден, мемлекеттің даму заңдылықтарын, саяси билікті жүргізудің 
формаларын айқындауға ықпал ететін факторлардың тізбегін көрсетуге тырысты.
Француз ағартушысы, ұсақ буржуазиялық идеолог Жан-Жак Руссоның (1712-
1778) саяси іліміне келетін болсақ, ең алдымен оның азаматтық концепциясын алуға 


болады. Оның саяси теориясындағы өзекті мəселе – халық егеменділігі идеясы. Бұл 
концепциядан мынадай екі нəрсені байқауға болады: біріншіден, халық 
ассоциацияларының пайда болуын, олардың қоғамдық келісімінің нəтижесі ретінде 
қарастыра отырып , оны «Тұтас моральдық дене», «Қоғамдық адам» деп мойындап жəне 
оның «өз тұтастығы, біртектілігі, өз өмірі əрі өз еркі» болатындығын көрсетеді. 
Қоғамның мұндай өз болмасын жеке индивидтің болмысымен тең қоюға 
болмайтындығын атайды. Адам табиғатынан өзін-өзі қорғауға, сақтауға, өмір сүруге 
қабілетті жəне алғашқы адамдар өзара тең құқылы болған. Ал халықтың өмірінің 
дамуына байланысты бірте-бірте қауымдастықтардың (жанұя, топтар, халық) пайда 
болуымен бірге адамдар арасында теңсіздіктер қалыптасып, олар бақытсыздыққа 
ұшырай бастады. Сайып келгенде Руссо адамдар арасындағы теңсіздіктің қалыптасуын 
жеке меншіктің пайда болуымен байланыстырады. Адам бақытсыздығының басты 
себебі сол деп есептейді. Ал осындай бақытсыздықты жою үшін, халық қоғамдық 
келісімге келу керек деп көрсетіледі 
Қорытындылай келгенде, Жаңа дəуір ойшылдарының идеялары олардың кейінгі 
саяси көзқарастар мен теорияларда көрініс тауып, жалпы əлеуметтік ой дүниесіне 
маңызы зор болды. Мəселен, Жан-Жак Руссоның саяси консепциялары Француз 
революциясы көсемдерінің іс əрекеттерінде көрініс тапты жəне оның əлеуметтік 
доктриналары Кант пен Гегельдің саяси концепциаларына іргетас қызметін атқарды. 
Жаңа дəуір ойшылдары жасаған мемлекетті түбірінен қайта өзгерту арқылы əділетті 
қоғамдық құрылысқа өту туралы ойлары көптеген жаңа бағыттардың пайда болуына 
түрткі жəне олардың көзқарастарына теориялық негіз болды. 
XIX ғасырдың екінші жартысы қазақ қоғамының əлеуметтік – саяси өмірінің 
түбегейлі өзгерістерімен сипатталады. Осы ғасырдың ортасында қазақ хандығы 
жойылып, ол Ресей империясының отарына айналды. Əлеуметтік-саяси жүйе түгелдей 
өзгерді. Сот жүйесі де Ресейдің зандары негізінде өзгерді. Қазақ жұртының жүзге, руға 
жіктелуімен қатар, енді болысқа, ауылға бөліну процесі күшейді, əлеуметтік-саяси өмірі 
руаралық тартыс, шиеленіскен күреске толды. Ел ғасырлар бойы, талай қилы замандарда 
зордың күшімен қалыптаса бастаған тұтастық-бірлігінен айырылу алдында болды. 
Сондықтан бұл ауыр кезенде Қазақстанда саяси ойдың дамуы бір бағытта болды-қазақ 
жұртының халықтық ой-санасын арттыру, күшейту, одан ұлттық ой-сананың 
қалыптасуына, дамуына демеу беру бағытында. 
Осы бағыттағы саяси ойдың негізін салушылар қазақтың үш алып перзенттері – 
Шоқан Шыңғыс ұлы Уəлиханов (1835-1865), Ыбырай Алтынсарин (1841-1889), Абай 
Құнанбаев (1845-1904). Бұл үшеуінің өмір сүрген уақыты, қоғамдық-саяси ортасы 
тарихи бір кезенде өткен-діктен, арман-мүддесі де ортақтас болды – туған халқының ой-
санасын ояту, əлемдік мəдениет қатарына ұлттық өркениетін сақтап, басқа дамыған 
елдермен тең етіп қосу. Сондықтан Шоқан да, Ыбырай да, Абай орыс халқының 
алдыңғы қатарлы прогресшіл мəдениетін қазақ даласына таратушылар ретінде 
Қазақстан тарихыннда ағартушылық қозғалысының негізін жасады. 
Жалғыз қазақ халқының ғана емес, Орта Азия халықтарының да жаңа дəүірдегі 
тұңғын ғалымы Шоқан қоғамның саяси-əлеуметтік құрылымы жөнінде көптеген 
еңбектер жазды. Олардың бастылары: «Үлкен қырғыз-қайсақ ордасының ескі аңыз 
əңгімелері», «Қырғыздардың шежіресі», «Даладағы мұсылмандық туралы», «Қытай 
империясының басты өлкесі», «Қашғария туралы жазбалар», «Абылай», «Сот 
реформалары жайында хат». Соңғы аталған саяси еңбегінде Шоқан патша үкіметінің 
соттық реформасына қарсы шығып қазақтың ертеден қалыптасқан əдет-ғұрыптары мен 
адамгершілік, демократиялық принциптерін қорғады. Бұқара халықтың мүддесіне сай 
билер сотының өзгеріссіз, ежелгі түрінде сақталуын қолдады. Билер сотының əдетте 
ауызша, халықтың ана тілінде, жұрт алдында ашық мəщіліс ретінде, яғни, 


демократиялық дəстүрде өтетінін ескертті. Шоқанның демократиялық саяси ой-
пікірлерін кейіннен Ыбырай Алтынсарин мен Абай жалғастырады. 
Қазақ халқының ұлы ағартушысы, бас педагогі, этнографы, қоғам қараткері 
Ыбырай Алтынсарин бар өмірін жастарға білім беруге арнады. 1864 жылы тұңғыш қазақ 
мектебін ашып берді, 1879 жылы алғашқы «Қазақ хрестоматиясын» Қазанда бастырып 
шағарды. Қоғамның экономикалық дамуына қажетті мамандар əзірлеу ісіне ерекше мəн 
беріп, колөнер, ауылшаруашылық училищелерін ашуға күш жұмсады. Қазақ қыздарына 
дүние жүзілік білім беру ісіне жол ашқан да Ыбырай Алтынсарин болды. Ол қазақ 
халқының жалпы мəдениетін көтеруді көксеп, ең алдымен, ел-жұррттының тұрмыс-
салтын өзгертуге, отырық-шылыққа көшуге шақырды. Ыбырай Алтансарин қазақ 
халқының прогресстік даму жолында, орыс халқының озықмəдениетін қазақ даласында 
кеңінен тарату жолында жалынды күрескер болды. 1884 жылы Қазан қаласында 
басылып шыққан «Ислам Шариаты» атты кітабінда ғылым мен өнерді игеруде 
шариаттың зияны жоқ деп, барлық адамдарды қай дінде, сенімде болмасын, оларды 
бірін-бірі құрметтеуге,сыйлауға шақырды. Əл-Фарабидің адамзат бақыты туралы 
ойларымен үндес, барша адам өз бақытын тек адал еңбек арқылы табуға тиіс деді. 
Ыбырай өмір бойы қазақ халқын отырықшылыққа шақырып өтті, оған өтүдің қисынды 
дұрыс жолын бағдарлады. Патша үкіметінің «Дала облыстарын басқару жөніндегі 
уақытша ережесі» (1868 ж.) ғасырлар бойын көшпелі өмір кешіп келген қазақтарды 
бірден 
күштеп 
отырықшылыққа 
айналдырып, 
артық 
жерлерді 
жаңадан 
қоныстанушыларға алып беругі ұйғарған болатын. Осыған байланысты Ыбырай былай 
деп жазды: «Даланы мекендеген халықтарды қабылдамас бұрын алдымен осы халықты 
жəне оның өмірін зерттеп білу ақылдырақ болмай ма? Бұл халықта отырықшылық үшін 
қандай алдын ала орындалған шарттар бар .... т.б. сол сияқты мəселелерді күні бұрын 
біліп алған дұрыс болмай ма?... Шындығында, табиғаттыңзаңында жас баланы бірден 
естияр адамға айналдыруға болмайды ғой». «Халыққа білім беру, қөзін ашу ісінің өзі 
осы отырықшылықпен тығыз байланысты» деді. 
Қазақстанда қоғамдық-саяси ойдың даму жолында Абайдың алатын орны ерекше. 
Абай қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны, философы, ағартушысы. Абайдың əлеуметтік-
саяси көзқарасында демократиялық, прогресшілдік бағыт басым. Абай қазақ 
бұқарасының идеологы, оның жарқын болашағының жаршысы болды. Бұл туралы 
Мұхтар Əуезов былай деді: Абайдың тікелей халықтығы – халықты езушілерді 
бұқараның тұрғысынан əшкерелеуінде... Абай халық жыршылары айта алмаған, бірақ 
халық бұқарасының санасында жүрген ойларды айтты. Осыдан келіп Абай 
халықтығының екінші бір сапасы басталады. Халықтың саналы түрде түсініп болмаған, 
стихиялы тілектерін, саналы түрде айтып, бұл үшін өз бойына жинаған нəрді 
пайдаланып, сол кездегі орыс мəдениетінің шыңына құлаш ұра, ақын жалпы 
мəдениеттік, жалпы тарихтық маңызы бар бұкіл ұлттық қазына жасайды. «Қазағым» 
дегн сөзді Абайдың «ұлтым» деген мағынада түсінуі осыдан. Абай қазақты жалпы 
адамзаттық ой-санаға, гуманим биігіне шақырды. «атаның баласы болма, адамның 
баласы бол» деуі де осыдан. Ұлы ағартушы, саяси қайраткер халықты экономиқалық 
жəне мəдени мешеулікпен күресуге, прогресске, отырықшылыққа, білімге шақырды. 
Қазақ елін алға бастыруда орыстың мəдениетін, білімін, ғылымын үйренудің қажеттігін 
баса көрсетті. «Жиырма бесінше» қара сөзінде: «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, 
өнер де, ғылымда – бəрі орыста зор. Залалынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға, 
тілін, оқуын, ғалымын білмек керек.... Сен оның тілін білсең, көкірек-көзің ашылады. 
Əрбіреудің тілін, өнерін білген кісі онымен бірдейлік дағуасына кіреді..... Орыстың 
ғылымы, өнері – дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі», - деп жазды. 
Қазақ қоғамындағы ең ауыр мəселенің бірі əйел теңсіздігіне, əйелді «қалың малға 
сату», əмеңгерлік тəрізді əйел адамгершілігін қорлайтын əдет-ғұрып зандарға Абай 


түбірімен қарсы болды. Жалпы алғанда, ол патриархалды феодалдық қоғамдағы 
кертартпалыққа, əділетсіздікпен заңсыздыққа, зорлық-зомбылыққа, үстем тап 
өкілдерінің қалың бұқараға жасаған қаталдығына, жауыздығына қарсы күрес жолында 
қысқа өмірін аяусыз қиды. 
Шоқан, Ыбырай, Абай қазақ халқының қоғамдық-саяси ой тарихында 
ағартушылық идеяларының одан əрі өркендеуінің негізін салды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет