Қоғамдық пәндер кафедрасы «Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша әдістемелік нұсқау Мамандығы


ҮІ. Сабақтың әдістемелік қамтамассыз етілу



бет3/5
Дата14.04.2017
өлшемі0,84 Mb.
#13798
1   2   3   4   5

ҮІ. Сабақтың әдістемелік қамтамассыз етілу:

а) әдебиеттер:

Қазақстан тарихы 11-кл.Алматы «Мектеп» 2007 ж

Дүниежүзі тарихы 10-сынып

ХХғасырдағы дүниежүзі тарихы. 11-сынып 2005 ж.

б) тесттер, кестелер, қима қағаздар

Оқыту орны: аудитория

VІ. Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі : 5 мин.(5,5%)

Мақсаты:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа дайындығын қалыптастыру.

1. Үй жұмысын тексеру: 10мин(11%)

2.Сабақтың тақырыбы бойынша жан-жақты сұраулар қою: 30 мин(33%)

1.Соғыстан кейінгі Еуропа үшін Дауэс жоспарының маңызы қандай?

2 .1929-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс халықаралық жағдайға қалай әсер етті?

3. Тоталитарлық мемлекеттің әсері.

4.20-шы жылдары Батыс Ресей мен Кеңестік арасындағы қатынастар қалай құрылды?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 20мин(22%)

Мақсаты: жаңа сабақ бойынша түсінік беру.

1.1Тақырып жоспары:

1.Соғыстан кейінгі әдебиет пен өнер.

2 .Соғыстан кейінгі бейнелеу өнері.

3. ХХ ғ.30-шы жылдары халықаралық қатынастың мәдениетке тигізген әсері.

Ақпараттық дидактикалық бөлім.

ХІХ-ХХ ғ. аралығында ғылым мен өнерде үлкен өзгерістер орын алды. ХХ ғ. басында ғалымдар атом құрлысы ісін ашып, 30-шы ж. соңында атом энергиясын іс жүзінде пайдалануға кірісті Осы ғылыми жаңалықтардың ішінде Менделеевтің элементтердің периодтық жүйесі түсіндіріліп, ХХ ғ. екінші жартысында ғылыми-техникалық революциясының іргетасы қаланды. Физика, математика ғылымдары зерттеліп, электрондық-есептеу техникасының негізі қаланды. Микробиология жаңа типтік дәрілердің түрлерін жасап шығарды. Ғасырлар тоғысында адам және қоғам туралы ғылымдар ғылыми жаңалықтармен байыды. АҚШ пен Еуропа елдерінде қоғам өмірін зерттейтін социология ғылымы дамыды. М.Вебердің еңбектері көпшілікке танымал болды. Ол капиталистік қоғамның дамуын зерттеді. Вебердің «Протестанттық этика және капитализм рухы» атты кітабы ХХ ғ. көптеген елдерге басылып шықты.

ХХ ғ. бірінші жартысында бейнелеу өнерінде, әдебиетте, көркемөнерде, музыкада жаңа бағыттар мен мектептер пайда болды.

Театр өнерінде безендіру, кастюмдердің ерекшелігіне, хореграфияға көп көңіл бөлінді. Мәскеу, Париж, Мюнхен, Венеция ХХ ғ. басында өнер орталықтарына айналды. Мысалы: Қазақстандық әнші Әміре Қашаубаев Парижде ән салып бүкіл Еуропа халқын таңқалдырды. Ғасыр басында кино жұлдыздары-Андре Дид, Макс Линдер, Мэри Пикфорд, Чарли Чаплиндердің атағы бүкіл әлемге жайылды.

Батыс мәдениетінің түбі Шығыстың мәдениетінен көп жерлерін алған. Ағылшын суретшісі О. Бердсли жапон графикасынан көп нәрсені үйренді. Қытайдың, Үндістанның, Египеттің халықтарының өнері Еуропа мен Американың көптеген атақты суретшілері, жазушылары мен ақындарының шығармаларында көрініс тапты.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін көркем өнер және әдеби процестердің дамуында үш ірі кезең болды. Фашизм, тоталитаризм, жақындап келе жатқан Екінші дүниежүзілік соғыс әдебиетшілер мен суретшілерге, бүкіл өнер қайраткерлерінің шығармаларына қайғылы әсерін тигізді. Көптеген өнер қайраткрлері АҚШ – қа барып паналады. Нью- Йорк мәдениет орталығына айналды. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда абстрактылы өнердің дамуы байқалды. Ал Шығыс және Оңтүстік Еуропа елдерінде абстракционизм мен иррационилизмнің әсері онша болмады.

20-30 ж. Азияның, Африканың және Латын Американың кейбір елдерінің өнерлері Еуропалық өнермен жақындаса түсті. Латын Америкасы елдерінде ХХ ғ. басында бейнелеу өнерінде «испандық» деп аталатын ағым пайда болды. Ал кейбір елдерде француз өнер ағымдары мен мектептерінің ықпалы басым болды.

4.Жаңа тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар: 20мин( 22%)

1.Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 3 мин (3,3%)

1.Оқушыларды бағалау.

2.Сабақтың тақырыбы: ХХ ғ. бірінші жартысындағы мәдениеттің дамуы.

6.Үй тапсырмасы: 2 мин (2,2%)

1.Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2.Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1.ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы ғылым мен әдебиет.

2.ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы бейнелеу өнері.

10 сабақ

І.Тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыс ( 1939-1945 жж.)

ҰОС (1941-1945жж.)



ІІ.Оқу сағаты-2 90 мин (100%)

ІІІ.Сабақтың түрі: аралас

ІV.Сабақтың мақсаты:

-Оқушыларға 1939-1945жж. аралығында адамзат тарихында болып өткен Екінші дүниеждіүзілік соғыс туралы түсіндіру.

-Екінші дүниежүзілік соғыста фашистердің басқыншылық, нацистік саясатының нәтижесінде милиондаған жазықсыз адамдардың жапа шеккенін айту.

- Екінші дүниежүзілік соғыста бұрын қолданылмаған қаруларды жасап шығарып, ірі елдер өзін күшті мемлекет етіп көрсетіп соғысты өз пайдасына пайдаланғанын түсіндіру.



V. Пәнаралық байланыс: Этнография ғылымы, жағрафия, археология ғылымы, қазақстан тарихы.

VІ. Сабақтың әдістемелік қамтамассыз етілуі:

а) әдебиеттер:

Қазақстан тарихы 11-кл.Алматы «Мектеп» 2007 ж

Дүниежүзі тарихы 10-сынып

ХХғасырдағы дүниежүзі тарихы. 11-сынып 2005 ж.

б) тесттер, кестелер, қима қағаздар

Оқыту орны: аудитория

VІ. Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі : 5мин(5,5%)

Мақсаты:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа дайындығын қалыптастыру

1.Үй жұмысын тексеру: 10мин(11%)

1.20-30 ж. мәдениеттің дамуындағы ерекшеліктер.

2 .1929-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Халықаралық мәдениетке тигізген әсері.

3. 20-30жж. батыс өнерінде қандай жаңа ағымдар пайда болды?

4.20-шы Азия және Латын Америка елдерінің өнерінде қандай өзгерістер болды?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 20мин(22%)

Мақсаты: жаңа сабақ бойынша түсінік беру. 30мин(33%)

1.1Тақырып жоспары:

1.Екінші дүниежүзілік соғытың басталуы.

2 .Кеңеc-фин соғысы.

3. Германияның Батыс Еуропа елдеріне қарсы соғысы.

4.Екінші майданның ашылуы.

5.Ұлы Отан соғысының аяқталуы.

6. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы.



Ақпараттық дидактикалық бөлім.

1939 ж. 1қыркүйекте Германия әскерлері Польшаға басып кірді. Польшаның одақтастары Англия мен Франция 3 қыркүйекте Германияға соғыс жариялады. Осылайша Екінші дүниежүзілік соғыс басталды. Соғыс басталған соң екі аптадан соң Польша талқандалды. Осы кезде құпия келісім бойынша 1939 ж. 17 қыркүйекте кеңес әскерлері Польшаға басып кірді. Екі жүз мыңнан аса поляк әскері кеңес тұтқынына айналды. 1939 ж. 28 қыркүйекте Мәскеуде шекара туралы кеңес-герман келісіміне қол қойылды.

Польша мемлекеті жойылып, Батыс Украйна мен Батыс Беларуссия КСРО құрамына енді, ал Германиямен шектесіп жатқан поляк жерлері неміс губернаторлығы деп жарияланды. КСРО Латвия, Литва, Эстония елдерін өзінің құрамына енуін талап етіп қосып алды.

1939 ж. 30 қарашада кеңес әскерлері Финляндияға соғыс ашты. Ұлттар Лигасы КСРО – ның бұл бағытын айыптап, ұйымнан шығарды. Финляндия ақыры жеңіліп, 1940 ж. 12 наурызда кеңес-финляндия бітім шартына қол қойылды. Келісім бойынша Карел мойнағының жері Выборг қаласымен қоса КСРО құрамына кірді.

1940 ж. көктемінде неміс әскерлері Батыс майданда шабуылға шықты. Осы жылы Норвегияны, Бельгияны, Голландияны басып алды. 1940ж. 10 маусымда Англия мен Францияға қарсы соғысқа Италия қосылды. 1940 ж. 25 маусымда француз-герман , француз-итальян уақытша бітім шартына қол қойылды. Шарт бойынша Франция барлық соғыс қимылдарын тоқтатты. Германия оның территориясының үштен екі бөлігін Парижді қоса басып алды. Прибалтика елдеріне Кеңес үкіметі әскерін орналастырды. Франциядан кейін Англияға қарсы Германия мен Италия бірігіп соғысты. Ағылшындарға бітім жасау туралы ұсыныс жасады. Біріақ ағылшындар бұған келіспеді. Ағылшындарды жаулап алу үшін немістердің әскери басшылығы «Теңіз арыстаны» жоспарын жасады.

1940 ж. АҚШ президенті Рузвельттің бастамасымен ленд-лиз заңын қабылдады. Бұл заң бойынша маңызы бар елдерге АҚШ қару мен құрал-жабдықтарды қарызға не жалға берді. Англияның өзімен Германия соғысса, Африкадағы территориясындағы отарларына Италия соғыс ашты.Ұлыбританияның ұзақ уақыт берілмей соғысуының нәтижесінде «Теңіз арыстаны» жоспары күйреді. Өйткені Германия КСРО-ға қарсы соғысқа дайындалуды бастады.

1941 ж. жазында Германия соғысқа дайындығын жасап болды. «Барбаросса» жоспары бойынша Германия қысқа уақыт ішінде КСРО –ны жаулап алып, ары қарай Англиямен соғысты жалғастырамын деп ойлады.

1941 ж. 22 маусымда фашист әскерлері соғыс жарияламастан КСРО-ға қарсы Ұлы Отан соғысы басталды. Германияның жақтастары ретінде КСРО-ға қарсы соғысқа Румыния, Финляндия, Италия, Венгрия т.б мемлекеттер қатысты. Кеңес-герман майданы екінші дүниежүзілік соғыстың басты майданына айналды. Кеңес әскерлерінің қарулары, танктері мен самолеттерінің көпшілігі ескі еді. Қызыл Армияның соғыс қабілеттілігі соғыс алдында 40 мыңнан аса командирлер мен саяси қызметкерлердің жаппай жазалануына байланысты әлсіреген болатын. Кеңес әскерлері көп шығынға ұшырады. 1941ж. қысына қарай неміс әскерлері Балтық жағалауын, Молдавияны, Украйнаны, Беларуссияны, Ленинградты қоршауға алып, Москваға таяп қалды. 1941 ж. Москва түбінде кеңес әскерлері қарсы шабуылға шықты. Ұлы Отан соғысы барысында бірінші рет шабуылға шықты, дұшпанды 100-200 км. ары қуып тастады.

1942 ж. неміс әскерлері Шығыс майданда шабуылға шықты. Олар Қызыл Армияға Қырымда және Харьковта жеңіліс таптырды. 1942 ж. Антифашистік одақ құрылып оған КСРО қосылды. Ленд-лиз заңының күші Кенес Одағына таралды.

1942ж. 11 маусымында Вашингтонда өзара көмек туралы кеңес-герман келісіміне қол қойылды. Үш ұлы мемлекеттің –КСРО-ның, Ұлыбританияның және АҚШ - тың әскери-саяси одағы құрылды. 1942ж. фашизмге қарсы одақтың күші арта түсті. Жаудан азат етілген аудандарда шахталар, темір жолдар салынып, қалпына келтірілді. Жұмыс уақыты 11-16 сағатқа дейін созылды. Жалпы есеппен КСРО ленд-лиз заңы бойынша 40 мыңнан астам автомашина, 18,7 мың самолет, 10 мыңнан аса танк, көптеген өнеркәсіп құралдары, шикізат, азық-түлік алды.

1942 ж. Сталинград түбінде соғысты Г. К. Жуковтың, Н.Ф. Ватутиннің, А.И.Еременконың т.б. қолбасшыларының басшылығымен жауды кері шегіндірді. Қызыл Армия өзінң территориясын тазартқан сайын Англия мен АҚШ басшылары екінші майданды тезірек ашу керек деп шешті.Тегеран конференциясындағы келісім бойынша 1944 ж. жазына Францияда екінші майдан ашатын болып келісті. Екінші майдан 1944 ж. 15 тамызда ашылды.

1944 ж. жазы мен күзінде Қызыл Армия Польшаның, Румынияның, Югаславияның Венгрияның территориясына енгізілді. Осы жылы Болгарияны басып алды. 1944ж. бастап Кеңес Одағы польшаны азат етіп, басқару құзырын өзінің қолына алды..

1945ж. ақпанда Қырым конференциясы болып, КСРО соғыс аяқталғаннан кейін де Жапонияға қарсы соғысты жалғастыратын болып қол қойды.

1945 ж. 17 шілдеде Потсдам конферециясы болып,оған КСРО-да қатысты. 1945 ж. 25 сәуірде Кеңес әскерлері қоршауға алды. 1945 ж. 8 мамырда Г. К. Жуковтың төрағалық етуімен салтанатты жағдайда Германияның тізе бүгуі арқылы актіге қол қойылып, Еуропадағы соғыс аяқталды. Ұлы Отан соғысы КСРО-ның жеңіске жетуімен аяқталды.

1941 ж. Германия мен Италия 12 елді жаулап алды. Жаулап алған елдерде олар фашистік диктатураны орнатып, оны «жаңа тәртіп» деп атады. Польша мен Германиядағы лагерлер өлім фабрикаларына айналды. Милиондаған адамдарды жою жоспары қабылданды, оның ішінде еврейлер ісін «түпкілікті шешу» (Холокост) қарастырылды. «Жаңа тәртіпке» қарсы және фашистерге қарсы қозғалыстар пайда болды.

1943ж. 10 шілдеде ағылшын-американ әскерлері Италияның оңтүстігіне басып кірді. Осы кезден бастап Б. Муссолиниге қарсы фашистік партияның басшылары сенімсіздік танытты. Б. Муссолини қамауға алынды. 1943 ж. 8 қыркүйекте кіріп Италия уақытша бітімге қол қойды. Дәл сол кезден бастап Шығыс және Оңтүстік Еуропа елдерінде қарсы қозғалыстар кең тарады.

1943 ж. Сталин, Рузвельт және Черчилль Иранның астанасы Тегеранда бас қосты. Конференцияға қатысушылар 1944 ж. жазында Францияда екінші майдан ашатын болды. 1945 ж. Ялтада үш елдің басшылары қатысқан конференция болды. Үш ұлы мемлекет басшылары герман қарулы күшін жоюға, соғыс қылмыскерлерін жазалауға, нацистік заңдарды, ұйымдарды жер бетінен жоюға Германияға репарация төлетуге мәжбүрлеу болды. Ол үшін одақтас елдер Германияны басып алу керек болды. Қырым конференциясында Еуропадағы соғыс аяқталған соң Жапонияға қарсы соғысты жалғастыру керек деп шешті. Бұл конференцияда қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамассыз ететін ұйым құру мәселесін талқылады. Бұл ұйым кейін БҰҰ. деп аталды.

1945 ж. 25 сәуірде Сан-Францискода БҰҰ. құрылып, Құрылтай конференциясы ашылды. Оған Германияға қарсы 42 мемлекеттің өкілдері қатысты. 1945 ж. 25 сәуірде Кеңес әскерлері Берлинді қоршауға алды. 30 сәуірде Гитлер өзін-өзі атып өлтірді. 8 мамырда Германия жеңілгені туралы мойындап, келісімге қол қойды.

1945ж. 17 шілдеде Берлин маңында Потсдам қаласында үш мемлекет басшылары қатысқан жаңа конференция ашылды. Оған қатысушылар Германияны қарусыздандыру, нацистік партияны жою, зардап шеккен елдерге Германия репарация төлеу, басты соғыс қылмыскерлерін Халықаралық соғыс трибуналының сотына беруге шешім қабылдады.

Тынық мұқит пен Азиядағы Жапонияға қарсы соғысты Англия мен АҚШ жүргізді. Американ самолеттері жапон қалаларын аяусыз жазалады. 1945ж. 6 тамызда Америка Хиросима қаласына атом бомбасын тастады. 300 мың тұрғынның 90 мыңы қаза болды. 8 тамызда Кеңес Одағы Жапонияға қарсы соғыс жариялады. 9 тамызда екінші қаласы Нагасакиге атом бомбасын тастады. Атомдық бомбалау, КСРО-ның соғысқа енуі Жапонияның жеңілуіне алып келді. 1945ж. екінші қыркүйекте Жапонияның тізе бүгуі туралы келісімге қол қойылып, Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.



4.Жаңа тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар: 20мин(22%)

1.Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 3мин(3,3%)

1.Оқушыларды бағалау.

2.Сабақтың тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыс. (1939-1945 жж.)ҰОС (1941-1945 жж.)

6.Үй тапсырмасы.: 2мин(2,2%)

1.Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2.Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1.Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы.

2. ҰОС жылдарындағы Қазақстан.

11сабақ

І.Тақырыбы:Соғыстан кейінгі бейбітшілік реттеу және «қырғи –қабақ» соғыстың басталуы.

ІІ.Оқу сағаты-2 90 мин (100%)

ІІІ.Сабақтың түрі: аралас

ІV.Сабақтың мақсаты:

-Оқушыларға екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуын, соғыстың қарапайым адамдарға көп шығын әкелгенін, көптеген отбасылар үйсіз қалып, жақын туыстарынан айырылғандарын түсіндіру.

-Соғыстан кейінгі бибітшілікті сақтау мақсатында БҰҰ. құрылғанын түсіндіру.

-Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде екі үлкен державалар пайда болып, Ақш пен КСРО елдер арасында «қырғи-қабақ» соғыстың басталғанын айтып өту.



V. Пәнаралық байланыс: Этнография ғылымы, жағрафия, археология ғылымы, қазақстан тарихы.

VІ. Сабақтың әдістемелік қамтамассыз етілуі:

а) әдебиеттер:

Қазақстан тарихы 11-кл.Алматы «Мектеп» 2007 ж

Дүниежүзі тарихы 10-сынып

ХХғасырдағы дүниежүзі тарихы. 11-сынып 2005 ж.

б) тесттер, кестелер, қима қағаздар

Оқыту орны: аудитория

VІ. Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин.(5,5%)

Мақсаты:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа дайындығын қалыптастыру.

1. Үй жұмысын тексеру: 10 мин(11%)

2.Сабақтың тақырыбы бойынша жан-жақты сұраулар қою: 30мин(33%)

1.Антифашистік коалицияны құрған мемлекеттер?

2. «Потсдам» конференциясы қашан, қайда болған конференция?

3. «Барборосса жоспары» қандай мемлекетке арнап жасалынған соғыс жоспары?

4. «Ленд-лиз» заңын қабылдаған мемлекет?

5. Панфиловшылар атқыштар дивизиясы қай қаланы қорғауда өздерінің ерліктерін көрсетті?

6.«Оғаш» соғыс дегеніміз не?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 20мин(22%)

Мақсаты: жаңа сабақ бойынша түсінік беру.

1.1Тақырып жоспары:

1.Екінші дүниежүзілік соғыстың салдары.

2.Соғыстан кейінгі бейбіт реттеу.

3.БҰҰ. құрылуы.

4.Нюрнберг соты.

5. «Қырғи-қабақ» соғыстың басталуы.

Ақпараттық дидактикалық бөлім.

Екінші дүниежүзілік соғыс өзінің көлемі жағынан адамзат тарихындағы теңдесі жоқ оқиға болды. Соғысқа 1,7 млрд. халқы бар 64 мемлекет қатысты. Тек КСРО-ның өзінде қайтыс болған адамдар саны 27 млн. адамға жетті. Германияның тұтқындар лагерінде 11 млн. адам қырылды. 12 млн. еуропалықтар туған жерінен айырылды.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде материалдық шығындар да көп болды. Ауыл шаруашылығы да күйзеліске ұшырады. Сондықтан кейбір елдерде аштық орын алды.

Соғыстан кейінгі Еуропадағы басты мәселе фашизмді тамырымен жойып, қантөгіс соғыстың айыпкерлерін жазалау болды.

Соғыстан кейінгі мәселелер туралы келісімге АҚШ, Ұлыбритания, Франция басшылары Қырым, Потсдам конференцияларында қол қойған болатын.

Германияны жеңген мемлекеттер окупациялап, ұзақ уақыт бақылауда ұстап, көрші Франция бақылап, Берлин төрт аймаққа бөлінді.

1949 жылы Германияның территориясында екі мемлекет батыс аймақта ГФР, шығысында ГДР мемлекеттері пайда болды. 1961 жылы екі мемлекеттің ортасында Берлин қабырғасы тұрғызылды.

Тек 1990 жылы Германияның бірігуіне байланысты төрт жақты келісім өз күшін жойды.

БҰҰ. 1945 ж. Сан-Францискода құрылған болатын. БҰҰ. жарғысы 1945 жылы 24 қазанда күшіне енді. БҰҰ.жарғысында оның мақсаттары жазылды. Халықаралық бейбітшілікті, қауіпсіздікті қолдап, халықарлық дауларды бейбіт жолмен шешу, адам құқықтарын нәсіліне ұлтына, жынысына қарамай қорғап қолдау т.б көрсетілген.

Соғыстан кейінгі реттеу мәселесінің ішіндегі ең маңыздыларының бірі басты соғыс қылмыскерлерінің үстінен жүргізілген сот процестері болды. Нюрнберг процесінде басты мәселе бейбітшілікті бұзып, басқыншылық соғыс жүргізген нацистерге айып тағылды. Трибунал он екі айыпталушыны өлім жазасына, қалғандарын қамауға алды. Бұл Еуропаны фашизмнен тазартудың бастамасы болды. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда Германияда қылмыскерлерге екі млн.-нан астам сот істері жүрді. Кішкентай Бельгияда 600 мыңнан астам іс қаралып, 80 мыңға жуық сот істері жүргізілді. Францияда коллаорационистерге (соғыс кезінде басқыншылармен ынтымақтастық жасаған адамдар) 120 мыңнан астам үкім шығарылды. Кейбір қылмыскерлер Латын Америкасын паналады.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін екі ірі мемлекет КСРО мен АҚШ ең қуатты елдерге айналды. Екі ұлы мемлекет қарама-қарсы тұру идеясын ұстады. Американ журналисі бұл қақтығыстарды «қырғи-қабақ» соғыс деп атады.

Қырғи-қабақ соғыс Ұлыбританияның бұрынғы президенті У.Черчилльдің 1946 жылы 6 наурызда АҚШ президенті Г. Труменнің қатысуымен сөйлеген сөзінен басталады деп есептелінеді.

1945 жылы Хиросимаға АҚШ-тың тастаған атом бомбасы тек соғыстың актісі ғана емес, «қырғи-қабақ» соғыстың актісі болды.

КСРО атом бомбасын жасап, 1949 жылы Қазақстанда алғашқы сынағын жасады. АҚШ сутегі бомбасын 1952 жылы сынақтан өткізсе, КСРО бір жылдан кейін іске асырды. АҚШ стратегиялық бомбалаушы ұшақтар жасаса, КСРО құрлық арлық ракеталар жасап шығарды.

1949 жылы Солтүстік Атлантика шарты ұйымы (НАТО) құрылды. Ол өз мақсатын - Батыс елдерін Германияның қайта өрлеуінен қорғау деп жариялады. ГФР НАТО-ға 1955 жылы қосылды. КСРО-ның басшылығымен екінші саяси соғыс одағы Варшава Шарты Ұйымы құрылды. Бұл екі соғыс одақтарының арасында соғыс болып кету қаупі 1990 жылға дейін жалғасты.

4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20мин(22%)

1.Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 3мин( 3,3%)

1.Оқушыларды бағалау.

2.Сабақтың тақырыбы: Соғыстан кейігі бейбітшілікті реттеу және «қырғи-қабақ» соғыстың басталуы.

6.Үй тапсырмасы: 2 мин(2,2%)

1.Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2.Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:


1.Екінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстанға тигізген әсері.

2. «Қырғи-қабақ соғыстың» басталуы.

12сабақ

І.Тақырыбы: 1945- 1990 жылдардағы КСРО

ІІ.Оқу сағаты-2 90 мин (100%)

ІІІ.Сабақтың түрі: аралас

ІV.Сабақтың мақсаты:

-Оқушыларға екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуын, соғыстың КСРО халқына көп шығын әкелгенін, көптеген отбасылар үйсіз қалып, жақын туыстарынан айырылғандарын түсіндіру.

-Соғыстан кейінде Сталиннің тоталитарлық тәртіпті күшейтіп, қаншама адамды кінәсіз жазалағаны туралы айтып өту.

-Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде екі үлкен державалар пайда болып, Ақш пен КСРО елдер арасында «қырғи-қабақ» соғыстың басталғанын айтып өту.



V. Пәнаралық байланыс: Этнография ғылымы, жағрафия, археология ғылымы, қазақстан тарихы.

VІ. Сабақтың әдістемелік қамтамассыз етілуі:

а) әдебиеттер:

Қазақстан тарихы 11-кл.Алматы «Мектеп» 2007 ж.

Дүниежүзі тарихы 10-сынып

ХХғасырдағы дүниежүзі тарихы. 11-сынып 2005 ж.

б) тесттер, кестелер, қима қағаздар

Оқыту орны: аудитория



VІ. Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі : 5 мин.(5,5%)

Мақсаты:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа дайындығын қалыптастыру.

1.Үй жұмысын тексеру: 10 мин(11%)

2. сабақтың тақырыбы бойынша жан-жақты сұраулар қою.

1.Гитлерге қарсы одақтың ыдырау себептері.

2. Соғыстан кейінгі бейбіт реттеу қалай ұйымдастырылды?

3. Ұлттар Лигасы ұйымы мен БҰҰ – ның айырмашылығы қандай?

4. «Қырғи қабақ» соғыстың себептері мен мәні.

5. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қандай одақтар құрылды?

6. Нюрнберг сот ісі кімдердің ісін қарады?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 20 мин(22%)

Мақсаты: жаңа сабақ бойынша түсінік беру.

1.1 Тақырып жоспары:

1.Соғыстан кейінгі экономиканы қалпына келтіру және тоталитаризмнің нығаюы.

2.КСРО - ның сыртқы саясаты.

3.Жеке басқа табынуды әшкерелеу.

4.Тоқырау кезеңі.

5. М.С.Горбачев және оның «қайта құру» мен «жариялылық» саясаты.

6. ТМД-ның құрылуы.

КСРО үшін соғыстан кейінгі мәселе халық шаруашылығын қалпына келтіру болды. КСРО соғыс жылдарында ұлттық байлығының 30% жоғалтып, 27 млн. адамынан айырылды. 1946-1950 жылдары төртінші бесжылдық жоспар іске асырылды. Экономиканы қалпына келтіру ең алдымен еңбекшілердің еңбегі арқылы жүзеге асырылды. Германиядан алынған репарация да өнеркәсіпті өркендетуге жұмсалды.

Ауыл шаруашылығы 1940 жылмен салыстырғанда 40 % кеміді. 1946 жылы кейбір аудандарда құрғақшылық болып, аштық басталды. Елдің барлық қорлары өнеркәсіпті қалпына келтіруге жұмсалды – ауыл мен село қосымша қаражат көзіне айналды.

Соғыстан кейін Кеңес халқының шаруашылықта жеткен табыстарын тек пратияның және Сталлиннің жеке «дана басшылығының» жеңісі деп санады. Сталин мен оның жақтастары қуғын-сүргін саясатын қайта жандандырды. Көптеген кешегі отан қорғаушылар, мемлекет қайраткерлері, ғалымдар сталиндік зорлық-зомбылықтың құрбанына айналды. Әсіресе соғыстың алғашқы жылдарында фашистік тұтқынға түскендердің жағдайы өте ауыр болды. Оларға «Отанға опасыздық жасағандар» деген айып тағып, ұзақ жылдарға түрмеге жапты.

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін бұрынғы жеңімпаз екі мемлекет баррикаданың екі жағына шықты. Олардың арасындағы саяси қарама – қайшылықтың салдарынан екі әскери одақ НАТО мен Варшава шарты ұйымы құрылды. Қырғи – қабақ соғыс елуінші жылдары қыза түсті.

1953 жылы 5 наурызда Сталин қайтыс болғаннан кейін жоғарғы партия басшылығында билікке талас басталды. Н.С. Хрущев жеңіп шығып, КОКП ОК Бірінші секретары мен Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметін иеленді. Н.С. Хрущевтің аты ең алдымен партияның ХХ сьезінде И. В. Сталинге арналған «жеке басқа табынушылықты айыптау» баяндамасы мен аты шықты.

Тұңғыш рет Сталин партиялық деңгейде «халықтардың атасы» емес милиондаған адамдардың қанын төккен қылмыскер деп мәлімделді. Н.С.Хрущев өзінің саясатында тұрақты болмады. Оның іс-әрекетіне әскерилер мен зиялы қауым арасында наразылық күшейді.

1964 жылы 13 қазанда Н.С.Хрущев волюнтаризм мен субьективизм үшін қызыметінен алынып, КОКП ОК бірінші секретары Л. И. Брежнев ал Министрлер Кеңесінің төрағасы болып А.Н. Косыгин сайланды.

Тың және тыңайған жерлерді игеру нәтижесінде астық өңдіру 1953 жылы 82,5 млн. тоннадан 1956 жылы 125 млн. тоннаға жетті. 1954 жылы КСРО елінде атом электр станциясы салынды. 1957 жердің тұңғыш жасанды серігі ұшырылды. 1961 жылы аспан кеңістігі бортында адамы бар тұңғыш ғарыш кемесі ұшырылды. Бірақ елдің экономикасы қатал шеңберде жүзеге асырылды. Мұндай қатал қоғамда еңбекке деген қызығушылық төмендей бастады. Нәтижесінде күннен-күнге дағдарыс пайда бола бастады.

КСРО - да 80-90-шы жылдары белең алған экономикалық дағдарыс партия мен ел басшыларының жүргізген тиімсіз экономикалық саясатының нәтижесінде пайда болғаны көріне бастады.

1985 жылы наурызында КОКП ОК Бас секретарлығына М.С. Горбачев сайланды. Кеңес елінің тарихында «қайта құру» деп аталатын кезең басталды. КОКП жаңа басшылығының міндеті «мемлекеттік социализм» жүйесінің ыдырауын тоқтату, оның кейбір ауытқушыларын түзеу, шектен шыққан қатал шаралардан бас тарту. Бұрынғы қатал жүйені демократияландыру қажеттігі туды.

«Қайта құру» бағдарламасында әлеуметтік салаға бет бұру, экономика құрылымын қайта құру, нарықтық экономикаға көшу қарастырылды. Бірақ орталық үкімет экономикалық жағдайды түзей алмады –экономикалық дағдарыс тереңдеп, бүкіл елді ереуілдер қамтыды.

1988 жылы Конститутциялық реформа іске асырылды. Ең жоғарғы билік органы болып Халық депутаттарының Сьезі жарияланды. 1990 жылы Жоғарғы Кеңес КСРО президенті етіп М.С.Горбачевті тағайындады, ал РСФСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып Б.Н. Ельцин тағайындалды.

Сексенінші жылдардың соңында КСРО құрамындағы елдердің басшылары арасында күрес басталды. Елдердің басшылары өз тәуелсіздіктерін талап етті. 1991 жылы 8 желтоқсанда Ресей, Украйна, Белоруссия президенттері КСРО-ның өмір сүруін тоқтату туралы келісімге қол қойып ТМД – ны құрды. 25 желтоқсанда Горбачев қызметтен кететінің мәлімдеді.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет