МКҚК «Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі»
Қоғамдық пәндер оқытушысы : Игенбаева Б.А.
Топ ЭЭС-16______________________________________________________
Сабақтың № 36____________________________________ Тақырыбы Ұлы Отан соғысы. Әзілхан Нұршайықовтың "Ақиқат пен_ аңыз" роман диалогы және басты кейіпкері Бауыржан Момышұлы._____________
Сабақтың мақсаты
білімдік : Адамзат дүние жүзін фашистік құлдықтан аман алып__ қалған халықтың ғажайып ерліктерін ешқашан ұмытқан емес. 1418 күнге созылған сұрапыл соғыстың соңғы нүктесін қойған аталарымызды кейіпкер әлеміне енгізген, ерекше жазу стилі бар шығармаларға тоқталып, тереңірек ұғындыру.
Тәрбиелік: Әзілхан Нұршайықовтың "Ақиқат пен аңыз" роман диалогының басты_ кейіпкері Бауыржан Момышұлының қаһармандық, азаматтық бейнесі арқылы батырлыққа, отаншылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу.______
Дамытушылық: шығарманың композициясына, сюжетіне талдай білуге үйрету, басты_ кейіпкердің ұлағатты өмірін аша білуге, ерлік тұлғасын мүсіндей білуге бағыттау.
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру
Оқытушы Игенбаева Б.А.-ның сөзі: .. .Соғыс деген қайдан шықты? Авторы кім алғашқы?_______________ _Есіл адам, есі кетіп, оған несін жармасты?!_______ _________ _Бір дәуірден бір дәуірге неге үзілмей жалғасты_____ __Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты?_______ __Фашизмді көргемін, фашизмді сезем мен,_________
__Мен құрсақта жатқанда маған қару кезенген_______
Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі
Туған жері
|
1922 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданындағы Келінсүйегі деген жер.
|
Қызметі
|
Қазақстанның халық жазушысы
|
Оқыған оқу орындары
|
Ауылдағы орта мектеп,
Алматыдағы Тау-кен институтының жұмысшы
факультеті, Семейдегі Абай атындағы Қазақ
педагогикалық училищесі, педагогикалық институты. 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысына қатысты. ҚазМҰУ-дың филология факультетін бітірді. Көптеген II-III дәрежелі құрмет белгілерімен батырлығы үшін медальдармен марапатталған.
|
Шығармашылығы
|
1956 жылы алғашқы очерк, әңгімелер жинағы «Алыстағы ауданда» деген атпен шықты. 1960 жылдардан бастап 20 дан астам кітаптары: «Махаббат жыры» (повестер, 1964)
«Тоғыз толғау» (1977) «Махаббат қызық мол жылдар» романы (1970) «Ақиқат пен Аңыз» роман-диалогы (1976) жазылды. 1965-1985 жылдар аралығында жазушы баспасында орыс тілінде көптеген кітаптары жарық көрді. «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогы Украйн («Дніпро», 1984) және чех (1985) тілдеріне аударылды.
|
Атағы
|
1980 жылы «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогы үшін қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді.
|
Қай тілде жарық көріп, аударылды
|
1965-1985 жылдар аралығында жазушы баспасында орыс тілінде кітаптары жарық көрді
|
Слайд (Бауыржан Момышұлы)
Соғыстың басталуы
|
1940 жылы 18 желтоқсан Барбаросса жоспары
Остланд- Беларус- Балтық
Украина
Московия- Ресей жері
Кавказ
Еділ-Орал
Гросс Түркістан (Үлкен Түркістан)
|
1941 жыл 22 маусым
|
Ұлы Отан соғысы басталды
|
Тарихи маңызы
|
Мәскеу түбінде Блицкриг жоспары күйреді
2 миллион адам әскери даярлықтан өтті
Отан қорғауға 1 миллион 196 мың аттанды
27 әскери оқу орны, 16 мың офицер даярланды
1941-1945 ж. әскери оқуды 42 мың қазақстандық оқыды
Халықтар достығы мен ерлігінің көрінісі
|
Тарихта жаңа батырлар есімдері пайда болды
|
Сұлтан Баймағанбетов, Әлия Молдағұлова, Маншүк Маметова, Нүркен Әбдіров, Жамбылұлы Алғадай, Ғани Сафиуллин, Толыбай Мырзаев, Қасым Аманжолов, Қарсыбай Сыпатаев, Талғат Бигелдин, Рақымжан Қошқарбаев, Леонид Беда, Иван Павлов, Сағадат Нұрмағанбетова, Бауыржан Момышұлы т.б
|
Соғыс туралы жазылған шығармалар
|
Ж.Жабаев – «Ленинградтық өренім»
Б.Момышұлы – «Артымызда Москва»
Ғ.Мүсірепов – «Қазақ солдаты»
А.Бек – «Арпалыс»
Әзілхан Нұрщайықов «Ақиқат пен аңыз»
|
Батыр қалалар
|
Ленинград, Москва, Сталининград, Севастополь, Одесса, Киев, Тула, Керч, Минск
|
Жауынгер жазушы Момышұлы өміріне арналған Ақиқат пен аңыз романы 1976 жылы жарық көрді.
Көрініс: Бауыржан Момышұлының Әзілхан Нұршайықовпен және Журналистпен кездесуі.
Автор: Сіз бала күніңізде кім болсам деп арман еттіңіз?
Бауыржан: Ол кездері өз қатарымнан қалмауды ойладым.
(Слайд: Бауыржанның балалық шағы)
Автор: Әскерде, соғыста қандай кітаптарды оқыдыңыз?
Бауыржан: Мен орыс классиктерінің шығармаларын оқыдым. Немісше Гетені, орысша Лермонтовты, қазақша Абайды алдыма жайып қойып зерттегенмін
Дидар: Толстойдың «Соғыс және бейбітшілігі» мен «Севастополь әңгімелерін» Пушкин мен Лермонтовтың әскери прозасын, адмирал Нахимовтың, Макаровтың, Нельсонның кітаптарын қазақ кітаптарынан Абайдың шығармаларын жанынан тастаған емес.
Этих лет смолкнет слава,
Не померкнет никогда.
Партизанские отряды
Занимали города.
И останутся, как сказка,
Как маячные огни.
Штурмовые ночи Спасска,
Волочаевские дни, -
Әуеннің тап (соғыс жылдарында туған әңдер)
Автор: Соғыста күнделік жазып жүрдіңізбе?
Бауржан: Соғыста жазған 37 дәптер күнделігім бар.
Дархан: Күнделікті қар жапалақтап, жаңбыр құйып тұрғанда, окопта отырып, жорықта кетіп бара жатып жазды. Күнделікте бес рет қоршауда болғаны туралы жазылған. Ең алғаш күнделік жазуына мынадай жай себеп болды. Бірінші рет қоршаудан шыққаннан кейін батальонды быт-шыт етіп тарата бастады. Қай көршінің табансыздығынан батальон қоршауда қалды онда ешкімінін шаруасы болмады. Соған ерегесіп барлық жағдайларды күнделік дәптеріне түсіріп отырды.
Автор: Сіз қандай адамдарды қадірлейсіз? Қандай адамдарды жек көресіз?
Бауржан: Ардақты ананы қадірлеймін. Ары бар азаматтарды қадірлеймін Талабы бар жасты құрметтеймін. Маңғазсынған ағаны ұнатпаймын. «Беуке мына сөзіңіз құдайский, сіз данышпансыз деп көге мақтап көлгірситін ініні жек көремін. Шың дос сыртыңнан мақтайды. Сайқал ғана бетіне қарап қылмындайды. Әйелдік сайқалы бірді ғана арбайды, әдебиет сайқалының мыңға зияны тиеді. Түсінікті ме саған?
Аманжол: Қаһарға толы қабағы
Нұр шашқан отты жанары
Ерліктің нағыз адамы
Батыр аға Бауыржан
Тұнығы болып тереңнің
Биігі болып өр елдің
Өрнегіг салған өнердің
Ақын аға Бауыржан
Сөзбенен салып суретті
Майдан даласын гүлдентті
Нақашы ойға нұрды екті
Жазушы аға Бауыржан
Өнерге толы құшағы
Ерліктің мәңгі мысалы
Азаматтықтың нышаны
Біртуар аға Бауыржан
Автор: Қазақ әдебиетінің әскери тақырыпқа жазылған туындылары туралы пікіріңіз қандай? Бауыржан: Айтсам бәріңде өкпелеп қаласындар. Диас: Әскери тақырыпты біздің көпшілік жазушылармыз әлі түсінбейді. Түсінбейтіні тәжірибе, білімі жетпейді. Ал әскери өмір күрделі, оның үстіне көктемдей құбылмалы өмір. Оның терең сырын білу оңай емес. Адамның үйдегі психологиясы бір басқа да, соғыстағы психологиясы мүлде өзгеше. Бұл екі жағдайдағы психологияның арасыжер мен көктей.
Құйғытып келеді адырдан,
Құрбыма айттым: «Бауыржан»!
Тоқтатам құдай болса да,
Уставка бәрі бағынған.
Сол, Момышұлы! Есіттім
Аңыздай атын көптегі
Полкымен жолын кесіпті
Мәскеуге шапқан көп қолдың
Автор: Қазір не жазып жатырсыз?
Бауржан: Қазір жазғанымды айтуға аузым бармай отыр. Бір нәрсені бітірдім.
Аян: Оны жазып жүргеніме 3-4 жылдан асып кетті. Көлемі 350-400 беттей болды. Бұл нәрсенің шартты аты «Последние дни войны, последние дни солдата». Бұл Бауыржан Момышұлының қиналып жазған шығармаларының бірі.
Оқып көр Москваның шежіресін
Көз алдыңа елесте не бір есім
Оның бірі сізге аға, сізге іні,
Еске алып ет бауырының елжіресін
Мол тартқан қан майданның ғаламатын,
Жаттатқан сұм жауға да қазақ атын
Жақсы аға, жақсы аға жетпес баға,
Кім сүймес Бауыржандай азаматын
Кешіп өтіп кешегі от жалыңна
Дүниеге ерлігімен танылған
Кең жауырын Талғардай кең иықты
Бөрі кеуде, бүркіт қабақ Бауыржан
Қалтыраған атынан жау ордасы
Панфиловтың жорықтағы жолдасы
Даңқ туын майданда көтерген
Гвардия бөлімінің қолбасы
(соғыс жайлы туған тақпақтар)
Автор: Кітаптарыңыз неше рет басылып шықты? Қандай тілдерге аударылды?
Бауыржан: Кітаптарым осы күнге дейін
Бақбарген: Б.Момышұлының кітаптарының тираждары миллион данадан асты. Олар жеке тараулары чех, поляк, испан, француз, ағылшын тілдеріне басылып шықты. Толығырақ болып өзбекше аударылды.
(соғыс жайлы туған тақпақтар)
Ажар : Кітаптарыңыз неше рет басылып шықты ? Қандай тілдерге аударылды?
Бауыржан: Кітаптарым осы күнге дейін...
Бақберген: Б.Момышұлының кітаптарының тираждары миллион данадан асты . Олар жеке тараулары чех, поляк , испан, француз, ағылшын тілдеріне басылып шықты. Толығырақ болып өзбекше аударылды.
Ажар: Кітаптар көрмесімен таныстыру.
Автор: Сіз өзіңіздің мақал-мәтелдеріңізді қалай шығардыңыз?
Бауыржан: Мақал-мәтел – өмір тәжірибесі.
Нұрғиса: 1)Сабырлылық алдында дұшпан сасады,сабырсыздан береке қашады.
2) Ер бақыты- ел қолында,
ел бақыты ерлер қолында.
3) Өз қадірін білмеген – ер қадірін білмейді,
Ер қадірін білмеген – ел қадірін білмейді.
4)Ерлік – ердің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті.
5)Ежелден ел тілегі – ер тірегі,
Адал ұл ер боп туса – ел тілегі.
Автор: Сіздің сол көп нақылдарыңыз ішіндегі әсіресе өткір уыттысы қалай туып еді?
Бауыржан: Жақсы командир жауынгерін зор етеді.
Ойлан тап. (Суретке қарап нақыл сөздерді тап)
Мәди: 1) «Бақаның бағынан сұңқардың соры артық ».
2) «Қайрат етер мезгілге
Жүк көтерген нардай бол..
Ақыл айтар мезгілде
Мың жасаған шалдай бол».
3) «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді, ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту».
4. «Опасызда Отан жоқ .
Отанда опасызға орын жоқ» .
5) «Тәртіпке бағынған ел құл болмайды»!
Автор: Ең жақсы көретін ұлттық тамағыңыз не ?
Бауыржан: Быламық пен ботқа, торы көже , күріш көже, сұлы көже, бір сөзбен айтқанда көжелер.
Бұлардың бәрі менің «ашаршылықта жеген құйқадай» аузымда дәмі мәңгі қалған астар .
Автор : Арғы-бергі әнші, композиторлардан кімді ерекше бағалайсыз? Ән мен күйден аса ұнататындарыңыз қайсылары?
Бауыржан: Бұрынғы классик, күйші , ардагер, әншілердің әндерінің бәрінде ұнатамын.
(Слайд : соғыс жылдарындағы әндердің әуенін табу )
Автор: Александр Бекпен қалай таныстыңыз?
Бауыржан: Оны Бектен сұрағын .
Дулат:1968 жылы шыққан «Почтовая проза» дейтін кітабы алғашқы беттерінің бірінде кішкентай ғана төрт абзац бар . Сонда Бек 1942 жылдың басында Старая Руссаның түбінде тұрған Панфилов дивизиясын іздеп барғанын , генерал Панфилов жайында материал жинағынан айтады. Екінші орталық кейіпкерім – Бауыржан Момышұлын да өмірдің өзінен алдым; оның полкында бір айдан болып , марттың бас кезінде шығарып қайттым.
Автор:Бір сөзбен айтқанда , «Волоколамск тас жолы» Москва түбінен басталған біздің ұлы жеңісіміздің де , совет халықтарының ерлік даңқының әлемге шеру таратқан даңғыл жолы ғой , Бауке.
Автор: Москва щайқасына тоқтала кетсеңіз?
Бауыржан: Бек менің атымды ең алғаш дүние жүзіне танытып, жазушылық жолға түсуіме себеп болды. «Волоколамск тас жолы» кітабының авторы менің ұлтым да ұрпағын да қарыздар.
Мәди: 1942 жылы октябрьде адам күшінің 42, танк 75, артиллерия 45, самолеттің 31 пайызын жұмсады. 15ноябрьде екінші шабуылды 51 дивизиямен бастағанда ақыл есті адамзат баласының жаны түршікті. Немістер 11 танк дивизиясы, төрт моторлы, жиырма үш жаяу аскер дивизиясы, үш жүз мың адамынан айырылды.
Қолбасшы болсаң сондай бол,
Жасылып жатқан жолдай бол,
Қайрат етер мезгілде ,
Жүк көтерген нардай бол,
Ақыл айтар мезгілде
Мың жасаған шалдай бол.
Қатар болар мезгілде,
Жарқырып жанар шамдай бол.
Мейірім түсер мезгілде,
Ағарып атқан таңдай бол.
Жауды бөгер кезеңде
Көлденең жатқан ордай бол.
Жауға т өнер мезгілде,
Басатын ауыр сордай бол.
Сенсің қолың баладай,
Сүйсең сені анадай.
Отқа түссең бір түссін,
Шыбын жанын аямай.
Майданға бірін кіргізбе ,
Біреуін мыңға баламай.
Кешегі өткен Панфилов
Қолбасшы еді осындай,
Заманға туған данадай.
Мадияр: Панфиловты оның дивизиясындағы 28 батырды мәңгі өлмейтін, тірілердің қатарында қалдырған екі жазушы бар Александр Бек пен Александр Кривицкий, «Волоколамс тас жолы», «Москва түбінде қарауыл». Ол батырлардың жиырма екісі қазақстандық, төртеуі – Нұрсатбай Есболатов , Мұстафа Сеңгірбаев , Асқар Қожабергенов, Әлікбай Қосаев қазақ.
Автор: «Москва үшін шайқас» фильмінде Бауыржан ролінде өзінің неге шықпадыңыз ?
Бауыржан: Оған шыдамым жетпеді.
Ерсін: Б.Момышұлы Ілияс Омаровпен фильмнің сценариін бір көріп өтті. Көріп берген соң Б.Момышұлы сценариды қайта жазып шықты. Бірақ режисеер өйтуге болмайды бүйтуге келмейді деп сценаридің жартысын ғана қабылдады.
(Слайд: кино «Моска үшін шайқас» фильмі.
Автор: Бауке, сіз сөз арасында шетелден келген әйел жазушыны қабылдадым деген сияқты едіңіз?
Бауыржан: Иә, 1975 жылы француз елінің жазушы әйелі Алматыға келді. Туған ағасы француз армиясының подполковнигі екен. Қарындасының Москва арқылы Алматыға соғатынын естіп , Момышұлына жолығып , көре кел деп , арнап хат беріп жібереді. Ол менен қазақ әдебиетінің кабинетін және жазуы қашан басталғанын сұрады.
Әділет: Қазақ ақындарының кабинеті шексіз – щеткіз кең дала , тамаша табиғат аясы болған . Сол кабинетте отырып олар мөлдір көл , зеңгі тау , жұртқа жайлы жерұйық мекен. ел қорғаны болған қаһарман батырлар жайлы мәңгілік шығармалар тудырған . Сол кабинетте отырып олар күндіз самал желмен сырласқан , түнде жымындаған жұлдыздармен тілдескен . Міне, нағыз ақын үшін осыдан арттық кабинет бола ма ? Оның жазуы құралы міне, асқақ ақындары мен әйгілі композиторлары өз өлеңдері мен музыкаларын осы аспаппен жазған . Домбырада өзіне тән жазу алфавитінің өрнегі бар. Бұған дәлел қазақтың күйі.
Ұлан, Нұрбек: күй «Адай »
Бауыржан: Бүгінгі батырды қадірлеу ертеңгі ұрпақтың ұранын ардақтау . Қазақ ерлерінің жоғарғы нүктесі Бигелдиев екенін білесің бе?
Бекнұр: Берлинге алғаш ұшып барған 320 әуе жорығында бес жүз сағаттай аспанда, екі рет ер атағын алған ерлік туына есімі ұран болған ер Талғат Бигелдинов .
Ендеше бүгінгі күннің батырлары қаруларын қалай жинайды екен?
Автор: Енді ең соңғы сұрағым бұрынғы мен бүгінгігі , болашақты салыстыра отырып жас ұрпаққа қандай ақыл айтасыз?
Бауыржан: Соңғы бес ғасырда Европа мен Азияның халқын Россия төрт рет қырғын мен күйреуден сақтап қалды.
Нұрбек: Татар моңғол шапқыншылығын талқандап үш жүз жыл өткен соң бүкіл Орталық , Шығыс Европаны басып алмақ болған КАРЛ XII Россия Полтава шайқасында жеңді.
Ерлерге қуат бермесе ,
Егер жіңісс болмаса
Сүмірейіп сұрланып ,
Тез айырылып ерліктен
Қысылып жаны терлесе
Бақырауық топас ми,
Қолбасшыдан не пайда ?
Ерлікбай : Содан жүз жылдан кейін Европаны табанына салып Парижді барша дүниенің кіндігі жасаймын деп әлемге жар салған әйгілі Наполеонды да Россия талқандады.
Бекжан: Батыс Европаны басып алып Барбаросса жоспарын ту өтіп көтеріп, шығысқа қарай өрттей қаулап келе жатқан Гитлерді де Россия құртты. Азамзат үшін бір де бір мемлекет Россия сияқты еңбек еткен емес.
Ахмет: Европа мен Азиядай екі материкті азаттық сапармен қазақ солдаттары еркін шарлады. Бес жүзге жуық солдаттар мен офицерлерге , оның ішінде 98 қазаққа Совет Одағының Батыры атағы берілді. Халқымыздың тарихынды тұңғыш генералымыз Шәкір Жексенбаев , Бердіғали Игіліков , Нұрлы Байкенов, Сағадат Нұрмағанбетов, Камал Бошаев , Есет Әлібеков , Самұрат Сыртанов, Жансам Кереев, Баһадүрбек Байтасов ,
Еламан: Бір ғасырда бір Наполеон, екі жүз жылда Гитлер тумай қоймас . Елді, жерді, қоғамды сақтап қалу сенің борышың, алғы ұрпақ. Жиырма жас тарихы ерліктер жасайтын жас.
Қынабына сап қойдым үмітпенен
Оның несін жасырам бүгіп сенен.
Саған, аға, сақталған бір сый бар-ау,
Назарына ешкімнің ілікпеген.
Алтын да, алмас та емес жалтылдаған,
Бір сый бар, аға, саған, тартылмаған!
Ұрпақтар аңыз етіп айта жүрер,
Сыйдан да он есе артық даңқың маған.
Ешкімнің назарына ілікпеген,
Саған бір сый тартам деп үміттенем.
Жүрегімнің тапсырған аманатын,
Бере алмай кетем бе деп күдіктенем.
Қандай сый тартсам екен, аға саған,
Білмеймін, жараспай ма, жараса ма?!
Ешбір сый таба алмасам, аға, саған
Әппақ тонын – атамның тәбәрігін,
Жүзге кел деп арқаңа жаба салам
«Кім тапқыр» ойынымен жаңа сабақты бекіту
Сабақтың қорытындысы
Ел үшін сыз топырық жастанайық
Соғыс жылы кеткен еді қас қарайып
Ортамызда бүгін жоқ сан мың боздақ
Орнымыздан тік тұрып еске алайық .
Отан үшін жасаған жауынгерлік ерліктерін есте мәңгі сақтап 1 минут үнсіздікпен еске алып тағзым етуге рұқсат етіңіздер.
Рефлексия Бүгінгі сабақта ұнағаны?
Жаңа тақырып бойынша сұрақтарыңыз бар ма ?
Бүгінгі тақырып бойынша қандай сұрақтарыңыз бар?
Сабақтан алған әсерлеріңіз?
Достарыңызбен бөлісу: |